Әдебиеті.
Швейцария әдебиеті, негізінен, неміс, француз, итальян
және ретороман тілдерінде дамыды. Әрбір тілдік регион
(ретороман тілінен басқасы) Германия, Франция және
Италиядағы әдебиеттік процестермен тығыз
байланысты. Неміс тіліндегі әдебиет 16 ғасырда ерекше
гүлдену дәрежесіне жетті. Оның негізгі тұлғасы
гуманист, реформатор У. Цвингли (1484-1531), Г.
Генгенбах (1480-1525) т. б. жазушылардың
шығармалары, И.Я.Бодмер (1698-1783),
И.Я.Брейтингердің (1701-1776) әдеби-сын-еңбектері
Швейцарияның ағарту ісінде елеулі роль атқарды.
Педагог, романист Г.Песталоцци (1746-1827)
демократияшыл мүддені сипаттады. 19 ғасыр ортасына
қарай Г.Келлер (1819-1890) және К.Ф.Мейер (1825-1898)
шығармаларынан айқын реалистік тенденциялар көрінді.