Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша іс-шаралар жоспарын орындау туралы 2017 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыс туралы есеп



бет2/5
Дата02.07.2018
өлшемі373,5 Kb.
#46091
1   2   3   4   5

3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған арнайы бұрыштамаларды мұражайларда ұйымдастыру




үнемі



«Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «Алжир» мемориалды-мұражай кешені» МКҚК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған арнайы бұрыштамалар ұйымдастырылған, сондай-ақ іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша мұражай қызметкерлеріне дәрістер жүргізіледі.

Бұрыштамада Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар мен суреттер және т.б, көрсетілген.



Бұрыштама әрдайым жаңа метариалдармен жаңарып тұрады.







4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған арнайы бұрыштамаларды, көрмелерді, тақырыптық текшелерді кітапханаларда ұйымдастыру




үнемі

Бүгінгі күні біздің кітапханаларымыз кітапханаларды пайдаланушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді. Себебі ауруды емдегенше, алдын алған дұрыс. Алайда қоғамның қатысуынсыз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық жұмыстар ҮЕҰ-мен (Астана қаласының Жас-Отан Жастар қанаты» ҚБ, «Институт Европейского права и прав человека» ЧФ, «Қазақстан Жастар конгрессінің мемлекеттік қызмет мектебі» ЖҚБ), қоғамдық ұйымдармен бірге атқарылады.

Астана қаласының кітапханалар жүйесінде жүйелі түрде «Ар-намыс кодексі – өмірдің қалыпы» тақырыбында іс-шаралар өтеді. Ол - тақырыптық, кітаптар көрмесі, әдебиеттердің ашық көрсетілімі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сағаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар бойынша кітапханалардың қызметкерлеріне оқыту сабақтары болып табылады.

Оқырмандарғы үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша материалдар, ақпараттар және ұсыныстар жинағы бар бұрыштар жұмыс жасайды.

Мысалға, ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында оқырмандар үшін «Жемқорлық індет – жою міндет», «Жемқорлықсыз ел гүлденген ел», «Жемқорлыққа жол жоқ» және т.б.кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

Астана қаласының кітапханалар жүйесінде әрдайым оқырмандарға «Сыбайлас жемқорлықты тоқтату – Сіздің ұсынысыңыз» атты ұсыныстар банкі әрекет етеді. Оған оқырмандар сыбайлас жемқорлықты тоқтату мәселесі бойынша өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын қалдырып кетеді. Тоқсан аяқталған уақытта талдау жүргізіледі және аталған мәселе бойынша пікірлер талқыланады.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет