1
|
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қызметкерлерімен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында бірлескен лекцияларды, семинарлары, дөңгелек үстелдерін жүргізу туралы
|
24.07.2017
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың шілдесінде «Астана қаласының Коммуналдық меншік қоры» ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Қор) мәдениет қызметкерлерінің ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тапсырманы орындауға жауапты тұлға «Астана қаласының Коммуналдық меншік қоры» ШЖҚ МКК-ы директорының орынбасары Хасенов Гайни Темиргалиевичті тыңдадық. Ол қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа барлық азаматтар қарсы әрекет жасауы қажет екендігін, балаларды өз еліне деген патриоттық рухта тәрбиелеу қажет екендігін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті қалыптастыру қажет екендігін айтып өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің мақсаты - азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылық қағидаларын қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің тапсырмасы:
сыбайлас жемқорлық құбылысымен, мәні, себебі, салдарымен таныстыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімділікті көтермелеу.
Сондай-ақ, кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкері қатысты. Ол азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын шаралардың қажеттігін түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі нәтижесі заңсыз істерден, жемқорлықтан, сатып алынудан аулақ, басқару өкілеттіліктерін атқаруға дайындық немесе билік тармақтары өкілдерімен құқықтық негізде бірлесе әрекет етететін адамда көрінеді.
Қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
|
|
2
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттеі қалыптастыру мақсатында мәдениет йымдарында театралды қойылымдар жүргізу
|
24.07.2017
|
2017 жылдың шілде айында М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жоспарын орындау мақсатында, Н.В.Гогольдің «Ревизор» пьесасы негізінде қойылған «Здесь все свои...» қойылымын көрсетті.
Қоюшы-режиссері – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Юрий Ханинга – Бекназар. Қойылымды 200 адам тамашалады. Жауапты тұлға – директордың көрермендерді ұйымдастыру бойынша орынбасары А.В.Кустовская.
|
|