Сыбайлас жемқорлық елге үлкен нұқсан келтіреді, мемлекеттік биліктің беделін төмендетеді. Сол үшін елімізде өкілеттіктерді дұрыс мақсатта пайдалану бойынша іс-шаралар жасалады. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін жою, мемлекеттік сатып алу, салық салу, жер қатынастары, жекешелендіру бойынша көптеген нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін электрондық мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалық актілер пайда болды. Рұқсаттар мен мемлекеттік қызметтерді жеңіл әрі ашық алу үшін электрондық үкімет пен электрондық-сандық қолтаңба, «бір терезе» қағидаты қолданысқа енгізілді. Соның нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлердің ұйымдарымен, азаматтармен байланыс жасау азайды. Мемлекеттік қызметкерлердің кірісі мен шығысы декларацияланды.