Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимылдар: құқықтық негіздері Анарбай Раджапов


Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерсітер енгізілді



бет4/7
Дата28.05.2020
өлшемі18,7 Kb.
#71419
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сыбайлас-жемқорлыққа-қарсы-іс-қимылдар

Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне өзгерсітер енгізілді. Мемлекеттік қызметкерге жай азамат пара берсе немесе пара емес сыйлық сыйласа, мұның тартылатын жазасы айлық есептік көрсеткіш ретінде өте жоғарылады, ол мың айлық есептік көрсеткішке дейін барады. Ал сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған тұлғаларға байланысты оларды жазалау мерзімдері, яғни баламалы қолданылатын шаралар айыппұлдармен алмастырылды. Мұнда тек қарапайым шаралар ғана емес, жазалау шаралары және үздіксіз білім беру шаралары рационалдық үйлесім тауып, осы үш бағытта жұмыс жүргілуде. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлықта Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық тудыратын себептер мен жағдайларды жою, олардың деңгейін азайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алғашқы бағыттары қарастырылған. Ол мемлекет пен қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге шақырады. Сыбайлас жемқорлыққа ұлттық қауіпсіздікке зиян тигізетін қауіп-қатерлердің бірі ретінде қарайды. Стратегиялық мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Ол үшін кез келген сыбайлас жемқорлық көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру. Мемлекеттік қызметтер саласының деңгейін көтеру. Қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру. Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарлату, қоғамдық бақылау институтын енгізу. Квазимемлекеттік және жеке секторда, мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жасау. Азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитінің деңгейін арттыру. Соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «Transeparency International» сыбайлас жемқорлыққа қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту. Осы стратегияны орындауға барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мемлекеттер, компаниялар, саяси партиялар және басқа қоғамдық бірлестіктер қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет