Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы іс-қимылдар: құқықтық негіздері Анарбай Раджапов



бет1/7
Дата28.05.2020
өлшемі18,7 Kb.
#71419
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сыбайлас-жемқорлыққа-қарсы-іс-қимылдар


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАР:

құқықтық негіздері
Анарбай Раджапов, Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты,

Бауыржан Ерланов, Мераш Серғазы, Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері
Еліміз тәуелсіздігін алған күндерден сыбайлас жемқорылыққа қарсы күреске бастады. Осы мақсатта заңнамалық базаны қалыптастырды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Оның барлық ережелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тікелей қатысты. Сондықтан да Конституцияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі құқықтық құжат деуге болады. Оған Қазақстан Республикасының өзін құқықтық мемлекет ретінде жариялауы дәлел. Конституцияда ел басшысын сайлау рәсімдері, оның тағайындалу мерзімі және Қазақстан Республикасы Президенті лауазымын атқаруына байланысты шектеулер бар. Ата заңымыздың 45-бабы 3-тармағында Парламент палаталарының төрағалары мен Премьер-министрдің заң бойынша жауапкершілігі бекітілген. Судьялары сайлау және тағайындау тәртібі, судья лауазымын атқаруына байлаанысты шектеулер бар. Сонымен қатар Президент және Парламент актілерінің заңдылығы үшін жауапкершілік бекітілген. Конституция жергілікті жерлерде мемлекеттік қызметтің беделін нығайту және сыбайлас жемқорлықты жеңу үшін жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет