Қазақстан Республикасы –егеменді,тәуелсіз мемлекет. Анарбай Өскенбайұлы Раджапов



Дата10.01.2020
өлшемі18,93 Kb.
#55616
Байланысты:
Қазақстан-егеменді-тәуелсіз-мемлекет

ӘОЖ 342.4(574)

Қазақстан Республикасы –егеменді ,тәуелсіз мемлекет.

Анарбай Өскенбайұлы Раджапов – Алматы энергетика және байланыс университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты.

Тюлюбаева Мөлдір Нұрмұратқыз –Алматы энергетика және байланыс университеті Электр энергетика факультетінің Эк-14-1 тобының студенті.



Өскенбаева Жансая Анарбайқызы – Алматы қалалық №183 мектептің Тарих және Құқықтану пәнінің мұғалімі, Д. А. Қонаев атындағы университет магистранты.

Түйіді сөздер.

Қазақстан. Конституция. Тәуелсіздік. Экономика. Қоғам. Парламент.

Резюме

Мақалада Қазақстан Республикасының Конституциясы, тәуелсіздігі жане егемендігі, экономикасы жайлы талданған.

В статье обсуждалась о Конститиуция Республики казахстана, независимость, суверенитет и экономика.

In the article there were discuss about Constitution of Republic of Kazakhstan , independence, sovereignty and economy.

1991 жылғы тамыз бүлігі КСРО-ның ыдырап жане көптеген Республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде заң қабылдады. Бұл заң үлкен айтыс-тартыстың себебі болды. Сол жылы Кеңес Одағы ыдырап, тәуелсіз мемелекеттер достастығы (ТМД) құрылды. Сөйтіп Қазақстан Тәуелсіз Республикаға қолы жеттіп өз Конституциясын қабылдады. Егемендігіміздің ең басты белгілері: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан териториясы бар. Қазақстан бес мемлекетпен : Ресеймен, Қытаймен , Өзбекстанмен, Қырғыстанмен және Түркменстанмен шектеседі және де [1] мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті. Зандарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс. Қоғамда өтіп жатқан процестер мен мемлекет қызметінің бағытына сәйкес бұл факторлар мемлекеттегі дағдарыс пен тұрақтандыруға жауап береді. Соңғы жылдары экономика саласында көп деңгейлі меншік жүйесі қалыптасып, шаруашылықтың барлық элементтерін қамтитын жаңа құрылымының қалыптасу процесі болып жатыр. Өндірісте экономикалық саясат, құрылымдық саясат жүргізу, айырбасты дамыту, өндіріс технологияларын жаңарту, сауда-бұның барлығы мемлекеттің міндеті болып табылады. Жұмысы әдістер мен жұмыс жасауында және мемлекеттік ұйымдастырушылық пен реттеу функцияларын көрсетілген процестерге ендіру болып табылады. Бірінші орынға монопольді мемлекеттік жоспарлау кезеңіндегі мемлекет функциялары мен басқарудың командалық әдістері. Ең алдымен есептеу, бақылау, экономика мен шаруашылыққа анализ жасау функцияларын ұйымдастырады. Ал белгілі бір тарихи немесе әлеуметтік жағдайдағы бар модельдерді көшіріп алып қайталауға жол берілмейді[2].

Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмұны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс[3].Өйткені тәуелсіздіктің жиырма үш жылдығы Республика тарихында ерекше кезеңге айналады. Біз мемлекетіміздің тәуелсіздігінің өткен жылы жиырма үш жылын және экономикалық дербестігіміздің жиырма жылын атап өтсек, дағдарыстан шығу барысында осы уақыт ішінде экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында белгіленген түбегейлі реформалар жолымен ұдайы ілгерілей түскеніміз байқалады.Көптеген басқа елдерге қарағанда бұл жылдардың Қазақстан үшін азаматтық тыныштық, ұлтаралық тұрақтылық және рухани келісім уақыты болды. Қазақстан егеменді, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі[3].

Қазақстан Республикасы азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, діни көз-қарасына сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріліп, азаматтарды кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салған. Азаматтарды патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу мемлекеттің, барлық қоғамдық ұйымдардың, кезек күттірмеймін негізгі міндеті[4]. Азаматтық келісім негізінде әрдайым мемлекет пен халықтың, мемлекет пен жеке сектордың бірлігі дамып келеді. Нақ осының арқасында көптеген елдер дағдарыс пен жақсылықты жеңе білді.

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республиасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Республика Конституциясының қабылдануы конституциялық құрылыстың құқықтық негізін қалады, қоғамдық, саяси институттар қызметіне негіз боларлықтай принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Республика Конституциясы Конституциялықтың демократиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, Қазақстанның көп ұлтты халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі деп таныды. Мемлекеттік биліктің бірлігін атап көрсете отырып, Конституция билікті заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлу принципін мемлекеттің, ұйымдық және қызмет ету тетігін негіз етіп алды. Қазақстан республикасының құрылым нысаны бойынша — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент заң шығарушы орган ретінде танылды[5]. Сөйтіп, Қазақстан Республикасында Парламенттің берік құқықтық негізі жасалды. Конституцияның маңызды ұқсастығының бірі — оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен принциптерге бейімділігі болып табылады. Конституциясының кіріспесінде жария етілген қазақстан халқының бостандық, тендік мұраттарына адалдығы оның нормаларында нақты көрініс тапты.Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылымның тың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтың идеялары да айқындалды. Бұл, [5] атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтыратыны жөніндегі қағидада көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей алға қойған мақсатқа жету үшін, белгілі бір уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық іс — әрекет керек. Қазақстан Республикасының Конституциясының идеяларын, принциптерін, нормаларын саяси және рухани өсуіне серпіліс, қуат беретінін көрсетеді. Барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, азаматтардың Конституция нормаларын, принциптері мен идеяларын мүлтіксіз сақтауы, пайдалану мен қолдануы құқық тәртібін, заңдылықты орнықтыру, адамның құқығы мен бостандығын іске асыру, материалдық әл — ауқатты жақсарту, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді бекітудің сөзсіз шарты болып табылады[5].

Көп ұлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту — бүгінгі сала бағытымыз, ашық та айқын мақсатымыз, саясатымыз, мұның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп ұлтты Қазақстан Қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері жиырма төрт жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл уақыт бөлшегі ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Жиырма төрт жыл — бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын уақиғалардың куәгері болды. .Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысы, шындап қарағанда реформа қай-қайсымызды да түбегейлі тарихи өзгерістердің тек куәгерлеріне ғана емес, тікелей қозғаушы күшіне де айналдырып отыр. Осыған дәлел ретінде 2012 жылғы 14 желтоқсанда Елбасы Н.Назарбаев еліміздің халқына жолдауында «Қазақстан-2050″, «жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты» атты даму стратегиясын опере және балет театрында Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында жария етті[6]. Бұл бағдарламаны орындауға сол кездегі қиындық жағдайда мүмкін бе деп халықтың көбі қауым күмәндана қарады. [6]«Дегенмен, деп ой түйген еді Елбасы, мен мынаған кәміл сенімдімін: егер біз саяси тұрақтылығымызды, ұлттар мен ұлыстарымыздың үйлесімін сақтай алсақ, егер біз халқымыздың, еліміздің болашаққа деген сенімімізде сары уайымға салынушылардың сарынына жол бермесек, онда экономикалық өрлеу мақсаттарына тезірек қол жеткізетін боламыз.

Егер стратегиямызды айқын орындай отырып, тыным таппай жұмыс істейтін болсақ, онда шын мәніндегі тұңғыш Орталық Азия барысына айналамыз». Егер Елбасы Н.Назарбаев жолдаған стратегиядағы ұзақ мерзімді басымдықтардың іске асырылу барысына зер салатын болсақ, атқарылатын біршама істерді көре аламыз. Қазіргі күнде ұлт тағдыры барша халықты ойландыра бастаған кезең. Осыған қарағанда саны аз ұлттардың өз ертеңіне қобалжи қарап, болашағымыз не болады, алда бізді не күтіп тұр, деген ойлардың құшағына берілуі әбден занды. Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ халқының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылғ а күшейіп, өткен жылдарда жақсы көрініс тапты. Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жастар жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мұратына жетері анық.



ӘДЕБИЕТТЕР

1.htth://akorda.kz Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайты. 2.htth://e-history.kz “Қазақстан тарихы ”порталы. 3.htth://kaznau.kz Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің ресми сайты. 4.htth://adilet.zan.kz "Әділет" АҚЖ ресми сайты. 5.htth://dua.kz Алматы облысының юстиция Департаментінің ресми 6.http://strategy2050.kz “Қазақстан -2050” Стратегиясы ресми сайты

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет