Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым- қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі – сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады.
Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас
жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады.
Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы
жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |