Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің жағдайын талдаңыз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» ұғымы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсініледі. Сондай-ақ ол білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі».
«Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл» ұғымының мазмұны «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет- ті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау,
жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою
жөніндегі қызметі» ретінде ашылады. Ал «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» – «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын
алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі»
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет нақты әлеуметтік жүйенің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге бағдарланған, сондықтан оның түбегейлі қасиеті сыбайлас жемқорлықты тұтас, жүйелі – оның барлық адамгершілік, заңдық, экономикалық, саяси, ресурстық, технологиялық, экологиялық, әлеуметтік-психологиялық аспектілерінде, байланыстары мен көріністерінде болжай білу болып табылады.
Әлеуметтілік, әлеуметтендіру сияқты адамгершілікті қолдау мемле- кеттің қызметіндегі институттардың, құқықтың, тетіктердің, тәртіптің, рәсімдердің белгілі бір жай-күйін қажет етеді. Бұл мәселеде өркениеттік біртектіліктің ерекше мәні бар.
Біздің еліміз үшін бұл көптеген басқа да мемлекеттер үшін де маңызды. Жаңа қазақстандық мемлекетті құру жағдайында тәуелсіз Қазақстанның өзіндік табыс коды, әлеуеті мен құндылықтары бар екенін ұмытпау қажет, оны сыбайлас жемқорлықтың шығу себебін жоя отырып, оған қарсы күресте жандандырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |