Байланысты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы құрылымы міндеттері мен функциялары
Сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихы. Ежелгі
дереккөздерді талдау сыбайлас жемқорлық мемлекеттік аппараттың
туындауымен қатар пайда болған және әртүрлі тарихи даму кезеңінде
барлық елдерге сол немесе өзге дәрежеде тән болды.
Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы деректерінің
бірі – Ежелгі Вавилон мұрағаттары (біздің эрамызға дейінгі XXIV екінші
жартысы), кейіннен вавилон патшасы Хаммурапидің атақты заңдары
(біздің эрамызға дейінгі XIX ғасыр).
Ежелгі құқық көздерінде сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттер жасағаны
үшін нақты жазалануы тиіс екені көрсетіледі: «§ 5. Егер судья істі талқылап,
шешім шығарып, мөрі бар құжатты дайындаса, сосын өз шешімін өзгертсе,
онда бұл судьяны шешімін өзгерткенін әшкерелеген жөн және осы
істегі талап сомасын жиырма есе етіп төлеуі тиіс, одан бөлек жиналыста
оны судьялар орынтағынан қуылуы тиіс және ол орнына қайтып келіп,
сотта судьялармен бірлесіп отырмауы тиіс. § 6. Егер адам құдайдың
затын ұрлап алса, ол адам өлтірілуі керек, сонымен қатар оның қолынан
ұрланған затты қабылдаған адам да өлтірілуі тиіс» [2].