Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениет: ҚҰрылымы, міндеттері мен функциялары сыбайлас жемқорлық ұғымы


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ



бет3/5
Дата02.03.2022
өлшемі22,27 Kb.
#133892
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет ұғымы құрылымы міндеттері мен функциялары

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ 

Ежелгі Үндістанда біздің эрамызға дейінгі ІІ ғасыр мен біздің 


эрамыздағы ІІ ғасыр арасында брахман мектептерінің бірі құрастырған 
Ману Заңдары ежелгі үнді құқығының ескерткішін, брахманизмнің
діни және этикалық догматтарына сәйкес үндістердің жеке және 
қоғамдық өміріндегі мінез-құлқын реттейтін нұсқаулар мен ережелердің 
жинағы білдіреді, сонымен қатар мемлекетті басқару және сот өндірісі 
бойынша өсиеттерді қамтиды.
Заңдар судья шенеуніктерін «сот өндірісінің қағидаларын басшылыққа 
алуға» шақырды және «әділетсіз шешім шығарып, аспанға қол жеткізуді 
білдіретін мәңгілік рахаттан айырылуға болатынын» есте сақтауды 
ескертеді [2].
Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің 
мұрасында кездеседі. Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өз 
жұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлық-
тың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші 
және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік – мемлекеттік 
басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері деп 
атаған.
Аристотель «Саясат» деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты 
мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды
фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті 
Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі деп 
санаған: «Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы – бұл заңдар
және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба 
алмайтындай етіп құру керек» [3].
Кейіннен Гегель былай деп атап көрсетті: «Афинада әрбір азаматтың 
қандай қаражатқа өмір сүретіні жөнінде есеп беруге міндеттейтін заң 
болған, ал қазіргі кезде бұнда ешкімнің шаруасы болмауы тиіс дейді» [4].
Рим құқығында «сыбайлас жемқорлық» заң нысанын иеленді. 
Бұған мысал ретінде рим құқығының жиынтығын – XII кестелер Заңын
(біздің эрамызға дейінгі V ғасыр, латынша leges duodecim tabularum) 
келтіреміз, онда «corrumpere» термині соттағы жауап беруді ақшаға 
алмастыру немесе судьяны параға сатып алу деген мағынада 
пайдаланылады: «Сот ісін жүргізу кезінде (істі талқылау үшін) тағайындал-
ған және осы іс бойынша ақша сомасын алған деп айыпталған судья немесе 
делдалды өлім жазасына кесетін заң қаулысын қатал деп есептейсің бе?» [2].
Орта ғасыр кезеңінде «сыбайлас жемқорлық» ұғымы шіркеулік, 
канондық мәнді иеленіп, «азғыру», «шайтанның азғыруы» және 
«күнә» ретінде теологиялық бағытта болды. Латын сөзі «corruptibilitas» 
адамның баянсыздығын, бұзылуға бейімделуін білдіреді. Католицизм дін 
оқуындағы сыбайлас жемқорлық күнәһарлықтың көрінісіне айналды. 
Италия ойшылы мен саясаткері Н. Макиавелли (1469-1527 жж.) 
еңбектерінде сыбайлас жемқорлықты пайымдауға маңызды серпін 
берілген. Өзінің «Билеуші» атты еңбегінде (1513 ж.) ол сыбайлас 
жемқорлықты «жария мүмкіндіктерді жеке басының мүддесіне қарай 
пайдалану» ретінде анықтады, сыбайлас жемқорлықты алдын ала қиын 
анықталатын, бірақ жеңіл емделетін, ал ол асқынып кеткенде, анықталуы 
оңай, бірақ емделуі қиын аурумен салыстырған [5].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет