Сыбайлас жемқорлықтың мәні және оның шығу себептері


Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы



бет2/4
Дата01.12.2023
өлшемі319,52 Kb.
#194401
1   2   3   4
Байланысты:
СРС 1

Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихы.

  • Сыбайлас жемқорлықтың алғаш пайда болуының тарихы тым тереңде жатыр. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу” сияқты түсінік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Ежелгі Вавилон мұрағатында - кескінін тапқан мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы алғашқы еске алу б.э. дейінгі XXIV ғасырдың екінші жартысына жатады. Шумерлар мен семиттер дәуірінде Лагаш Патшасы (ежелгі қала - қазіргі Ирак жерінде Шумердегі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың өздерінің қызметтерін теріс пайдалануының алдын алу, сондай-ақ, патша әкімшілігі жағынан храм қызметкерлерінен заңсыз марапаттарды қорқытып алушылықты азайту, рәсімдер үшін төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруды құрды. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

Сыбайлас жемқорлықтың шығу себептері

  • Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған, құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар. Осы себептердің әрқайсысына тоқталайық.
  • Әлеуметтік-экономикалық себептер. Сыбайлас жемқорлықтың кеңістік ерекшеліктерін талдау кезінде айқындалғандай, елдегі сыбайлас жемқорлықтың өріс алу дәрежесі экономиканың даму деңгейіне тікелей байланысты. Алайда керісінше фактіні байқауға да болады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеудің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық ел экономикасының дамуына едәуір кедергі келтіреді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық елге келетін инвестициялар легін қысқартатыны, дарынды адамдарды өнімсіз жұмысқа тартатыны, бай табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануға жол беретіні, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құрылымдық экономикалық өркендеуді арттыруға бағытталған реформалардың жүргізілуін тежейтіні айқындалды.
  • Елдің табиғи ресурстармен (орман, минералдық, су ресурстары) жақсы қамтылуы да сыбайлас жемқорлықтың дамуының бір факторы болып есептеледі. Елдегі бұндай байлыққа екі
  • тұрғыдан қарауға болады. Бір жағынан, елде бай табиғи ресурстардың болуы ел экономикасы өркендеуінің негізі болып, сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне себеп болуы керек. Екінші жағынан, табиғи байлық ел экономикасының өркендеуін емес, өзіне пайда алуды мақсат тұтқан сыбайлас жемқорлық субъектілерін қызықтырады. Халықаралық Валюта қоры жүргізген зерттеу көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекетке түсетін жылдық табысты төмендетеді, себебі салық төлемеудің, салық төлеуден заңсыз босатудың мүмкіндіктері пайда болады немесе салық басқармасы әлсіз жұмыс істейді.
  • Мемлекеттік қызметшілердің табысы үлкен көлемді болғандықтан, олар өз қызметінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасамауына жағдай туғызады: қызмет бабында өз міндеттерін адал да мінсіз орындаған қызметшілерді көтермелейді, сыйақы беруге ұсынады, заңды түрде лауазымын көтереді. Осындай жағдайда лауазымды тұлғалар өз құзыреті шеңберінен шықпауға, заңды бұзбауға, әділ әрі адал болуға тырысады.
  • Білім беру жүйесі экономиканың өрістеуінің аса маңызды жетістіктерінің бірі болып саналады. Қоғамның білім деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым моральдық-адами және құқықтық нормалардың бұзылуы өте сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет