Гужеро-Шегрен белгісі-синдромы. Сирек кездесетін ауру. 1925 жылы Гужеро мен Шегрен анықтаған. Ауруға 40 жастан асқан әйелдер жиі шалдығады. - Гужеро-Шегрен белгісі-синдромы. Сирек кездесетін ауру. 1925 жылы Гужеро мен Шегрен анықтаған. Ауруға 40 жастан асқан әйелдер жиі шалдығады.
- Келіп шығуы-этиологиясы белгісіз, гормональды бұзылыстар. А, В1 витаминдерінің жетіспеуімен және неврологиялық бұзылыстарға байланыстырады.
- Ауру ауыз қуысының қатты құрғақтығына, сөйлей алмайтындығына, ауызды суламай тамақ қабылдай алмайтынына шағымданады.
- Ксеростомияның 3 дәрежесі болады.
- I дәрежесінде науқастар ауыз қуысының құрғақтығына шағымданады. Кейде ауыру сезімі болмауы мүмкін. Бірақ науқастарды глоссалгия мазалайды, ауыз қуысының шырышты қабатында күю сезімі болуы мүмкін. Осындай науқастарды көріп тексергенде, ауыз қуысынын, шырышты қабатының түсі қызғылт, аздап суланған, кіреберісі, тіласты және ұрттың шырышты қабатында көбіктенген сілекей анықталады. Сілекей бездерінің шығару түтігінен аз мөлшерде мөлдір сілекей бөлінеді.
- II дәрежесінде науқастар ауыз қуысының тұрақты құрғақтығына, әсіресе тамақтанған кезде (құрғақ тамақтың артыңан су ішуі) айқындалуына шағымданады. Осындай науқастарды көріп тексергенде, құрғаған, беті сарғыш қабыршақтармен жабылған ерінді байқауға болады. Тілі құрғақ науқас ұзақ әңгімелесе алмайды. Ұрт және таңдай шырышты қабатында құрғақ немесе өте аз суланған, түсі өзгеріссіз, қабыну кезеңдері жоқ. Сілекей безін массаж жасағанда, бірнеше тамшы сілекей бөлінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |