«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәндерінің модульдік жинақтық пәні мемлекеттік «Рухани жаңғыру» мемлекеттік Бағдарламасында анықталған қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде айқындалған міндеттерді шешуге арналған және бакалавриат студенттерінің бойында әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымдық білімдерді қалыптастыруға бағытталған. Оның құрамына енетін пәндердің пәнаралық сипаты осы мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал модуль ішіндегі өзара арақатынас: ақпараттық білім алуға; пәндердің өзара интеграциялануына; біртұтас жүйелік дүниетаным қалыптастыруға бағытталған құзіреттіліктер мен қабілеттерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл пәндерді оқыту пәндік ұғымдарды интерпретациялауға; ғылыми әдіснамалық тұрғыдағы әдістер мен тәсілдерді қолдана алуға; қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени мәселелерді тұжырымдай алуға; қоғамда болып жатқан процестерге ғылыми тұрғыдан зерделі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға бағытталған.
Классикалық және қазіргі заманғы әлеуметтанулық, саясаттанулық, мәдениеттанулық теориялар мен категорияларды, теориялық және қолданбалы негіздері мен заңдылықтарын айтып беруге;
Қоғамның түрлі салаларына әлеуметтанулық, саясаттанулық, мәдениеттанулық талдаудың ерекшеліктерін анықтауға;
Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі зерттеулердің бағыттары мен нәтижелерін ауызша баяндауға;
Әлеуметтік-саяси жүйелердің, саяси режимдердің, қоғам түрлерінің, Қазіргі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік және саяси дамудың ерекшеліктерін көрсетуге.
Қазақстан жерін мекендеген халықтардың мәдени мұрасы туралы ақпараттар мен олардың қазіргі Қазақстан мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуін айтып беруге;
Мәдениет типтерін, архетиптерін, олардың мәндерін, мәдени кодтық жүйе негіздерін баяндайды.
Алынған білімдерін қолдана білуі және олардың мәні мен мазмұнын түсіне алуы
Меңгерген әлеуметтанулық, саясаттанулық және мәдениеттанулық білімдерін, жаңашылдықтарды, өз кәсіби міндеттерін шешу жолдарын нақты жағдайларда қолданануға;
Әлеуметтанулық зерттеу мен саяси талдаулардың әдістемесінің негіздерін меңгеруі, оларды қолдана алуы;
Қоғамдық-саяси институттардың, ұйымдардың, саяси жүйелер мен режимдердің ерекшеліктерінің салыстырмалы кестесін құрастыруға;
Ойлау мен пікірлер қалыптастыру
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-саяси және мәдени процестер мен құбылыстарға өз бетімен талдауға;
Өз ойлары мен көзқарастарын дұрыс, жүйелі түрде ауызша және жазбаша тұжырымдап, дәлелдермен нақтылауға;
Қазіргі қоғамды бітртұтас сипатта талдап, болжамдар жасап, проблемаларды шешуге;
Түрлі деректердегі саяси, қоғамдық, мәдениеттанулық ақпараттарды саралап, бағалауға;
Адам, табиғат және қоғам контекстіндегі параметрлер мен формалар жүйесі түріндегі мәдениеттің морфологиясы мен анатомиясын талдауға;
Әлеуметтік, саяси және мәдениеттік ақпараттарға сыни тұрғыдан баға бере алуы;
Қазақстанды мекендеген халықтардың мәдениеті мен қазіргі мәдени жағдайды топтарға бөле отырып, олардың әлемдік мәдениетпен байланыстарын сараптауға;
Қазақ мәдениетінің, қазақ тілінің ұлттық кодты сақтау факторы екендігін негіздейге,
Қазіргі мәдени-саяси, әлеуметтік-рухани бағдарламалық құжаттарға талдауға.
Коммуникативтік қабілеті
Қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени салаларындағы тұлға аралық және мәдениет аралық қатынаста толерантты болуға;
Жариялы түрде өз пікірін білдіре, дәлелдер келтіре, пікірталастар жүргізе алу дағдыларын қалыптастыруы;
Әлеуметтік-саяси кикілжіңдер сипатын анықтап, олардың легитимділік сипаттарын аша білуі;
ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретіндегі ұлттық және азаматтық біртектіліктің жетекші ролін анықтап сұхбат жүргізуге;
Мәдени, діни, ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас мәдениетін дамытуға.
Білім алу дағдылары және білім алуға деген қабілеттері
Қазіргі қоғам проблемаларын талдау, жобалау, болжамдау дағдыларын тапсырмаларды орындау кезінде көрсету;
Қоғамдық-саяси және мәдени қатынастардың механизмдері мен принциптерін меңгергендігін ауызша баяндау кезінде көрсету;
Өз бетімен ізденіп, алынған білімдерді жүйелі жеткізу;
Пән бойынша алынған білімдерін ары қарай жетілдіруге дайын екенін көрсетуге.