Силлабус (бакалавриат) Пән атауы:Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану Пәннің коды



бет2/7
Дата28.02.2023
өлшемі58,41 Kb.
#170556
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Силлабус ӘСМ.ЖМ 2022-23-1

Байланыс ақпараттары:Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасы, Маресьев көшесі, 68-үй. Бас ғимарат, 6-қабат. Кафедра телефоны: 56-80-62; электронды почтамыз: kafedra.ogd@mail.ru


Пән саясаты: Кафедраның жалпы талаптары – білім алушы университет Жарғысы мен ережелерін сақтап, сыртқы киімі мен келбеті лайықты кейіпте болғаны жөн, сабаққа кешікпеуі, қоғамдық-этикалық нормаларды сақтай білуі, оқу құралдарының болуы керек.
Пәннің саясатына қойылатын жалпылама талаптар мына бөлімдерді қамтиды:
1. Оқу процесін ұйымдастыру. Кафедра факультеттер мен курстардағы сабақ кестелеріне, оқыту формаларына сай оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру процесінің формаларын жетілдіреді. Студенттердің үлгерімінің ағымдағы бақылауын сабақ кестелеріне сай жүргізеді. Білім алушылардың аралық бақылауы оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.
2. Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету.Силлабустардың электрондық нұсқасы студенттерге кафедрада және «Платонус» ААЖ мен Moodle платформасы арқылы ұсынылады. Кеңес берулер кестелері, ҒСҚ жүргізу кестелері, кафедра қызметкерлерінің жұмыс кестелері кафедраның ақпараттық стенділеріне ілінеді. Білім алушыларды уақтылы хабардар ету мен рейтингтік бағалары туралы ақпарат ОПҚ тарапынан сабақтар кезінде беріледі.
3. Білім алушыларға қойылатын талаптар: Студенттердің практикалық сабақтар мен дәрістерге қатысуы міндетті. Киім үлгісі ішкі нормативтік талаптарға сай. Жіберілген сабақтардың өтелуі өтем сабақтарын тіркеу журналында тіркеледі. Жіберген сабақтарына өтем жасамаған білім алушылар, аралық бақылау тапсыруға жіберілмейді. өтем жасағаннан кейін аралық бақылауға деканаттың рұқсат қағазымен жеке кесте бойынша жіберіледі. өтем жасамаған немесе жіберілу рейтингін ала алмағандары аталмыш пәннен қорытынды бақылау тапсыруға жіберілмейді.

* Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-Намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілуітиіс.


1. Кіріспе.
«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәндерінің модульдік жинақтық пәні бойынша Силлабус (студентртің жұмыс бағдарламасы) ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыз күнгі № 1080 қаулысымен бекітіліп және 2016 жылғы 13 мамыр күнгі № 292 нұсқаулық хатына сай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті Стандарттарына сай әзірленген Типтік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған және ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Бағдарламалық мақаласында айқындалған басымдықтар негізінде білім беру процесіне енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет