Силлабус (бакалавриат) Пән атауы:Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану Пәннің коды



бет3/7
Дата28.02.2023
өлшемі58,41 Kb.
#170556
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Силлабус ӘСМ.ЖМ 2022-23-1

2. Пәннің мақсаты

  • «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәндерінің модульдік жинақтық пәні мемлекеттік «Рухани жаңғыру» мемлекеттік Бағдарламасында анықталған қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде айқындалған міндеттерді шешуге арналған және бакалавриат студенттерінің бойында әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымдық білімдерді қалыптастыруға бағытталған. Оның құрамына енетін пәндердің пәнаралық сипаты осы мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал модуль ішіндегі өзара арақатынас: ақпараттық білім алуға; пәндердің өзара интеграциялануына; біртұтас жүйелік дүниетаным қалыптастыруға бағытталған құзіреттіліктер мен қабілеттерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл пәндерді оқыту пәндік ұғымдарды интерпретациялауға; ғылыми әдіснамалық тұрғыдағы әдістер мен тәсілдерді қолдана алуға; қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени мәселелерді тұжырымдай алуға; қоғамда болып жатқан процестерге ғылыми тұрғыдан зерделі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға бағытталған.

3. Оқытудың соңғы нәтижелері

Қалыптасатын құзыреттіліктер
(дублиндік дескрипторлар)

Пән бойынша оқытудың соңғы нәтижесі

Білу және түсіне білу

  • Классикалық және қазіргі заманғы әлеуметтанулық, саясаттанулық, мәдениеттанулық теориялар мен категорияларды, теориялық және қолданбалы негіздері мен заңдылықтарын айтып беруге;

  • Қоғамның түрлі салаларына әлеуметтанулық, саясаттанулық, мәдениеттанулық талдаудың ерекшеліктерін анықтауға;

  • Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы негізгі зерттеулердің бағыттары мен нәтижелерін ауызша баяндауға;

  • Әлеуметтік-саяси жүйелердің, саяси режимдердің, қоғам түрлерінің, Қазіргі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік және саяси дамудың ерекшеліктерін көрсетуге.

  • Қазақстан жерін мекендеген халықтардың мәдени мұрасы туралы ақпараттар мен олардың қазіргі Қазақстан мәдениетін қалыптастыруға ықпал етуін айтып беруге;

  • Мәдениет типтерін, архетиптерін, олардың мәндерін, мәдени кодтық жүйе негіздерін баяндайды.




Алынған білімдерін қолдана білуі және олардың мәні мен мазмұнын түсіне алуы

  • Меңгерген әлеуметтанулық, саясаттанулық және мәдениеттанулық білімдерін, жаңашылдықтарды, өз кәсіби міндеттерін шешу жолдарын нақты жағдайларда қолданануға;

  • Әлеуметтанулық зерттеу мен саяси талдаулардың әдістемесінің негіздерін меңгеруі, оларды қолдана алуы;

  • Қоғамдық-саяси институттардың, ұйымдардың, саяси жүйелер мен режимдердің ерекшеліктерінің салыстырмалы кестесін құрастыруға;




Ойлау мен пікірлер қалыптастыру

  • Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-саяси және мәдени процестер мен құбылыстарға өз бетімен талдауға;

  • Өз ойлары мен көзқарастарын дұрыс, жүйелі түрде ауызша және жазбаша тұжырымдап, дәлелдермен нақтылауға;

  • Қазіргі қоғамды бітртұтас сипатта талдап, болжамдар жасап, проблемаларды шешуге;

  • Түрлі деректердегі саяси, қоғамдық, мәдениеттанулық ақпараттарды саралап, бағалауға;

  • Адам, табиғат және қоғам контекстіндегі параметрлер мен формалар жүйесі түріндегі мәдениеттің морфологиясы мен анатомиясын талдауға;

  • Әлеуметтік, саяси және мәдениеттік ақпараттарға сыни тұрғыдан баға бере алуы;

  • Қазақстанды мекендеген халықтардың мәдениеті мен қазіргі мәдени жағдайды топтарға бөле отырып, олардың әлемдік мәдениетпен байланыстарын сараптауға;

  • Қазақ мәдениетінің, қазақ тілінің ұлттық кодты сақтау факторы екендігін негіздейге,

  • Қазіргі мәдени-саяси, әлеуметтік-рухани бағдарламалық құжаттарға талдауға.

Коммуникативтік қабілеті

  • Қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени салаларындағы тұлға аралық және мәдениет аралық қатынаста толерантты болуға;

  • Жариялы түрде өз пікірін білдіре, дәлелдер келтіре, пікірталастар жүргізе алу дағдыларын қалыптастыруы;

  • Әлеуметтік-саяси кикілжіңдер сипатын анықтап, олардың легитимділік сипаттарын аша білуі;

  • ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретіндегі ұлттық және азаматтық біртектіліктің жетекші ролін анықтап сұхбат жүргізуге;

  • Мәдени, діни, ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас мәдениетін дамытуға.

Білім алу дағдылары және білім алуға деген қабілеттері

  • Қазіргі қоғам проблемаларын талдау, жобалау, болжамдау дағдыларын тапсырмаларды орындау кезінде көрсету;

  • Қоғамдық-саяси және мәдени қатынастардың механизмдері мен принциптерін меңгергендігін ауызша баяндау кезінде көрсету;

  • Өз бетімен ізденіп, алынған білімдерді жүйелі жеткізу;

  • Пән бойынша алынған білімдерін ары қарай жетілдіруге дайын екенін көрсетуге.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет