Байланысты: изм. силлабус Новые подходы в преподавании и обучении
Курстың мазмұны Өздік жұмыстың тапсырмалары
1 тақырып. Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу. Оқытуды басқару және көшбасшылық Шағын топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу. Топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құру.Жазбаша бірнеше негіздеме әзірлеу. Бақылау түрі: конспект. Әдебиеттер: [1,2,3].
2 тақырып. Мектеп пен сыныптағы мәдениет Инновациялық стратегиялармен және әдістермен, басқа мұғалімдер мен оқушылардың тәжірибесімен танысу. Мектептерге олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну. Бақылау түрі: конспект. Әдебиеттер: [1,2,3].
3 тақырып. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы және оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы пікірі Қазақстандық мектеп жағдайы мен мүмкіндіктері тұрғысынан және заманауи зерттеулерге сәйкес келетін нәтижелер тұрғысынан құзыретті мұғалім моделін түсінуде бір тұжырымға келу. Құзыретті мұғалімге қажетті қасиеттер мен дағдылар тізімін кесте негізінде жасау. Бақылау түрі: конспект, кесте. Әдебиеттер: [1,2,3].