Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау.
4
6
1
50
90
10
Барлығы
150
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны 1-тақырып. Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Жалпы мақсаты: Шағын топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау. Топта формалды және сапалы түрде жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құру. Түйінді идеялар: Мұғалімдердің бір-бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, тренерлер сабақтарында қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде тиісті модельді құру арқылы шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтірген маңызды.
2-тақырып. Мектеп пен сыныптағы мәдениет. Жалпы мақсаты: Оқушыларда XXI ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің өз оқыту және оқу тәжірибелерін өзгертуі үшін ақиқат негіздер. Түйінді идеялар: ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.
3-тақырып. Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы және оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы пікірі. Жалпы мақсаты: Сапалы оқыту моделі туралы ресми қабылданған және өзінің идеяларын зерттеу және салыстыру. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауына ықпал ету. Түйінді идеялар: Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру.
4-тақырып. Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқудың аффекттік теориясы. Оқушыларды ынталандыру. Жалпы мақсаты: Оқытудың аффекттік теорияларымен және оқушыларды оқу үдерісіне тарту жұмысының әдістерімен таныстыру. Түйінді идеялар: Біз оқушылардың әртүрлі себептермен: кейде зеріккендіктен, ауыр жұмыстан жалтару мақсатында, сыныптағы шудан қажыған себепті немесе дер кезінде мұғалімнің көмегін ала алмай қалған жағдайда, не кезекті тапсырмадан гөрі қоғамдық өмір қиындықтары жайлы әңгімемен ойлардың оған маңыздырақ болуы және тағы басқа да жайттар орын алғанда сабақтың білім беру үдерісінен «тыс қалатынын» жақсы білеміз. Қажетті қызығушылыққа қол жеткізу жолдары – кездесетін қиындықтарға, сынақтарға дайын болу және сынып жұмыстары мен мектептегі әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуын ұйымдастыру, сонымен бірге жұмысқа икемделген сыныптастарының қолдауына да байланысты. Ал мұғалімнің адамгершілігі мен кәсіби сапасы үздік нәтижеге жету мүмкіндігін еселей түседі.
5-тақырып. Сабақтың интерактивті және инклюзивті болуын қамтамасыз ету. Жалпы мақсаты: Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимылдың және оқу үдерісіндегі инклюзивтілік қағидатының маңыздылығын негіздеу. Түйінді идеялар: Интерактивті және инклюзивті сыныпты қалыптастыру әдістері. Аталған мәселелер – оқыту мен оқуда күнделікті кездесіп отыратын проблемалар, бірақ оларға көңіл бөлмей, назардан тыс қалдыратын болса, онда оқушылар бұл мәселелерді күнделікті мектеп өмірінде кездесетін қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін, осының нәтижесінде белгілі бір уақыт өткеннен кейін олардың алдында мектепке және оқуға қызығушылығы бәсеңдеген проблема туындайды.
6-тақырып. Оқудағы кедергілер. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу. Жалпы мақсаты: Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу нәтижесінде оқудағы кедергілерді мүмкіндігінше азайту. Оқу нәтижелері: Оқудағы кедергілерді білу және оларды жеңу әдістері. Мұғалімдердің оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету әдістемесін игеруі. Түйінді идеялар: Сынып жағдайында оқытудағы кедергілерді білу. Оқушыларды оқытудың тиімділігін қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.
7-тақырып. Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: қалай оқу керектігін үйрету. Жалпы мақсаты: Балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын зерттеу. Оқу нәтижесі: Мұғалімдер танымдық дамуға арналған дәлелдемелерді анықтауды үйренеді және өзін-өзі реттеуге көмектесу үшін өздерінің жағдайларында инновацияларды зерделейді: Өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен сипатын түсіну; Өзін-өзі реттейтін оқуды көрсететін мінез-құлықты бақылау мен бағалауды қамтамасыз ету; Өзін-өзі реттейтін оқуға ықпалын тигізетін кәсіби тәжірибе түрлерін дамыту.
8-тақырып. Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалану. Жалпы мақсаты: АКТ-ның сыныпта мұғалімді ауыстыру құралы ретінде емес, оқу үдерісінде көмек көрсетуге арналған тиімді педагогикалық құрал ретінде қолдануды зерделеу. АКТ-ны Қазақстан мектептерінде қолдануды зерттеу, озық тәжірибені жалпылау, бұдан әрі жетілдіруге арналған аспектілерді айқындау. Оқу нәтижелері: АКТ құралдарын сыныпта тиімді енгізу. АКТ-ны мұғалімді ауыстыратын құрал ретінде емес, оқытудың қолданыстағы құралы ретінде қолдану. АКТ-ны барлық оқушыларды қатыстыруды болжамдайтын оқу әдісі тәжірибесінде қолдану және оқудың әлеуметтік аспектісін дамыту үшін пайдалану. Техникалық жағынан жетілдірілген АКТ тиімсіз қолданылған жағдайда пайдасы аз болуы мүмкін.
9 тақырып. Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. Жалпы мақсаты: Бағалау мақсатымен таныстыру және жиынтық бағалау туралы сын тұрғысынан ойлау. Түйінді идеялар: Мұғалімдер оқушылардың нені үйренгенін жүйелі талдап, бағалап отырады. Оқушылардың оқу қарқынын тиімді бағалау оқушыларды дамытудың пәрменді әдісі болып табылады. Бағалау үдерісін оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі ретінде түсіну (оқу үшін бағалау) бағалауды оқу үдерісін аяқтайтын рәсім ретінде дәстүрлі қабылдауға үйренген мұғалімдердің ұғымында түбегейлі өзгерістердің болуын талап етеді.
10-тақырып. Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: талантты және дарынды балаларды оқыту. Жалпы мақсаты: Мұғалімдерге сыныптағы барлық оқушылардың оқу қажеттіліктерін анықтауда көмек көрсету. Мұғалімдер талантты және дарынды оқушыларға арналған зерттеу нәтижелерін назарға алатын, талантты және дарынды оқушылардың түсініктерін анықтауды ойластыратын болады. Мұғалімдерге инклюзивтік тәжірибеге сүйенетін талантты және дарынды оқушылардың алдына мақсат қою үшін тәсілдер ұсынады. Бұл тақырыпқа барлық оқушылардың қажеттіліктеріне сай келетін оқу бағдарламасы мен оқу стратегияларын «тереңдету» туралы идеялар енгізіледі. Түйінді идеялар: • Талантты және дарынды оқушылардың қажеттілігі инклюзивтік ортада қанағаттандырылуы мүмкін. • Топтағы бірлескен жұмыс инклюзивтік сыныптағы дарынды және талантты оқушыларға міндеттер қою үшін қолданылуы мүмкін. • Тереңдетілген тапсырмалар инклюзивтік сыныптардағы талантты және дарынды оқушылар үшін қолданылуы мүмкін.
11-тақырып. Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: әңгімелесу және диалогтік оқыту. Жалпы мақсаты: Бұл тақырып мұғалімдерге тілдің оқытудағы және білім алудағы басты рөлін зерттеуге, ғылыми зерттеулерге сәйкес сыныптағы оқушылармен қарым-қатынас жасау жөніндегі өзіндік тәсілді ойластыруға және шығаруға көмектеседі. Мұғалімдер оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді тиімді педагогиканың бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, жауап алу және топпен жұмыс жасау арқылы. Тиімді педагогиканың басты тәсілі – әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру. Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады. Түйінді идеялар: Әңгімелесу – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Сыныпта диалогті қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі.
12-тақырып. Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар: сын тұрғысынан ойлау. Жалпы мақсаты: Бұл тақырып мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған. Мұғалімнің сын тұрғысынан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамиды. Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту жолдары оларды мәселеге көңіл аударуға және саяхаттар мен көліктер туралы мәліметтерді талдауға шақыру нәтижесінде қарастырылатын және бағаланатын болады. Балалар өз құрбыларымен және мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады әрі қорғай алады. Оқытудың анағұрлым ауқымды мәселелері әлеуметтік ғылым мен оқытудың байланысында және оқу жоспарындағы тарих пен географияның рөлін зерделеуде қарастырылған. Сондай-ақ, осы сабақта біз математикадағы сын тұрғысынан ойлаудың кейбір аспектілерін қарастырамыз. Түйінді идеялар: Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат балалардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.
13-тақырып. Сыныптағы оқуды басқару. Жалпы мақсаты: Мұғалімдер дамыту жөніндегі жұмысқа нұсқаулық етудің негізгі қағидаттарын зерттей алады және көп жағдайда өз тәжірибесін жақсартуға бағытталған шағын жобаларға қатыса алады деп күтіледі. Бұл әріптестермен, сондай-ақ мектеп директорларымен жобаға және ұсынылған іс-қимыл жоспарына барлық назарды аудару мәселелері жөнінде кеңес жүргізуді қамтитын кәсіби мәнмәтінді есепке ала отырып жасалуы тиіс. Оқу нәтижелері: Зерттеу арқылы жақсарту және дамыту мүмкіндіктерін түсіну; Өз құндылықтары мен мұғалімдердің көзқарастарын анықтау; Даму басымдықтары мен проблемаларын анықтау. Түйінді идеялар: дамыту жөніндегі жұмыс тек мұғалімнің өз тәжірибесін дамытуға ғана емес, сонымен бірге мектептің басқа да педагогтерінің тәжірибесіне әсер ете алады.
14-тақырып. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson Study қолдану Жалпы мақсаты: Lesson study-дің мәні оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін түсіндіру. Lesson study-дің мұғалімдер тобының тәжірибесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану тәсілдерін анықтау. Түйінді идеялар: Lesson study – сыныпта жүргізілетін және бірлесе жоспарлайтын, оқытатын, зерттелетін сабақтардағы оқуларды бақылайтын және талдайтын эксперименталдық зерттеудің ерекше нысаны. Lessons study мұғалімдерді жекелеген оқушыларға қатысты өз оқыту сапасы туралы ойлануға көмектеседі. Lesson study циклдары мұғалімдерге оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға немесе жетілдіруге көмектеседі. Lessons study барысында анықталған жаңалықтар өз мектебі мен басқа да мектептердегі әріптестердің арасында танымал болады
15-тақырып. Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімдік жоспарлау. Жалпы мақсаты: Мұғалімдердің сабақты бірлесе жоспарлау әдістемесін меңгеруі нәтижесінде оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолдану дағдылары мен білімдерін дамыту. Оқу нәтижелері: Мұғалімдердің мына тәсілдерді меңгеруі керек: тізбектелген сабақтар топтамасын әзірлеуде бір-біріне қолдау көрсету; Бағдарламаның жеті модулін біріктіретін тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау; әріптестерге өз тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолдануына көмектесу. Түйінді идеялар: Жеті модуль идеясы өзара байланысты және жүйелі сабақтардың тиімді топтамасына біріктірілуі мүмкін. Мұғалімдер оқуды жоспарлаған кезде әр оқушының дара қасиетін және оқу бағдарламасы мазмұнының ерекшелігін есепке алуы тиіс. Бірлесе жоспарлау мұғалімдерде оқытудың тиімді тәсілдерін түсіну мен олардың бастапқы білімдерін бағалауға және одан әрі дамытуға көмектеседі