Силлабус пән туралы ақпарат


Курстың академиялық тұсаукесері



бет2/4
Дата24.09.2024
өлшемі61,47 Kb.
#205019
түріПрактикум
1   2   3   4
Байланысты:
Силлабус Проективті әдістер

3. Курстың академиялық тұсаукесері
«Психологиядағы проективті әдістер» курсын оқу барысында студент жобалау әдісінің тарихымен, түрлерімен, олардың сипаттамаларымен және қолдану ерекшеліктерімен таныса отырып, оларды интерпретациялауды, қорытындылау мен талдауды, сондай-ақ нақты сол тест қандай парадигма шеңберінде шығарылып, пайдалануға ұсынылып отырғанын біледі.
Оқу курсының түрі: КВ (ТП)
Пәнінің мақсаты - студенттерді жеке тұлғаны жобалау әдістерімен, зерттеу жұмысының механизмдерімен және процедуралық-ұйымдастырушылық аспектілерімен, теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру.
Пәнінің негізгі міндеттері:
* Студенттерде проективті әдістер туралы теориялық білім қалыптастыру;
* Проективті әдістердің сипаттамаларымен таныстыру;
* Проективті әдістерді жүргізу дағдыларын меңгерту;
* Интерпретациялау, өңдеу және қорытындылау процедураларын меңгерту.
Осы курсты оқу нәтижесінде студенттер тұлғаны зерттеу барысындағы проективті әдістердің мағызын түсініп, оларды жүргізу шарттарын, интерпретациялау дағдыларын қалыптастырады.
Білуі тиіс:
- тұлғаның теориялық және әдіснамалық мәселерін;
- тұлғаны зерттеудің теориялық негіздері мен проективті әдістердің классификациясын;
- практик психологтар іс-әрекеттеріндегі проективті әдістердің тиімділігін;
- практик психологтың кәсіби этикалық аспектілерін.
Меңгеруі керек:
- қазіргі заманға сай психолог практикасыдағы жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында жобалау әдістерін орынды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жолдарын;
- проективті әдістерді жүргізу шарттарын;
- жүргізілген әдістерді интерпретациялау мен өңдеу жолдарын.
Дағдылар мен құзыреттер:
- "Психологиядағы проективті әдістер" пәні бойынша ғылыми әдебиетті пайдалану және түсіну;
- проективті әдістерді жүргізу дағдылары;
Қалыптастырылатын құзыреттер:
- жеке тұлғаның құрылымы және оның дамуының қозғаушы күші туралы түсінік болу; әр жас сатысында адамның психикалық даму заңдылықтарын білу;
- топтарда адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесуінің психологиялық заңдылықтарын, топаралық қатынастар мен білім беру психологиясын білу;
- психологтың психодиагностика және психологиялық кеңес беру, психотерапия, түзету және дамыту жұмысының негіздерін білу;
- психологиялық ағарту және психологияны оқыту әдістерін, психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, өңдеу әдістерін, құралдарын, меңгеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет