Қосымша әдебиеттер
Бап-Баба, С.Б. Жантану негіздері. - Алматы: Нур-пресс, 2011. - 302 б.
Бап-Баба С. Психология негіздері (оқу-анықтамалық қолданба), 2012
Психология [Текст]: учебник для академического бакалавриата в 2 т./ред. Б. А. Сосновский . - М.: Юрайт,2014
Сатиева, Ш. Даму психологиясы (теориялық және практикалық курс) [Мәтін]: оқу құралы /Ш. Сатиева. - Астана: Фолиант, 2012.
Шульц, Д. П. Қазіргі психология тарихы [Текст]: оқулық/Д. П. Шульц, С. Э. Шульц. - 11-бас. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 448 б. - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық).
2-тақырып. Жеке адам және іс-әрекет
Мақсаты: жеке адам және іс-әрекет туралы жалпы ұғымды қалыптастыру
Негізгі түсініктер: жеке адам бағыттылығы, индивид, жеке адам, даралық (индивидуальность), түрткі, мұрат, дүниетаным, сенім, талғам, бейімділік, өзіндік сана-сезім, талпыныс деңгейі, іс-әрекет, әрекет, ойын, оқу, еңбек, қарым-қатынас, дағды, іскерлік
Талқыланатын сұрақтар:
Индивид, жеке адам, субъект, жеке даралық. Жеке адам ұғымы, оның феномені. Жеке адам биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланысы. Жеке адам құрылымы. Тұлғаның параметрлері: тұрақтылық, бірлік және белсенділік. Жеке адам бағыттылығы және оның құрылымы. Мұрат және сенім. Дүниетаным және жеке адамның өзіндік сана-сезімі. Жеке адам теориялары. Жеке тұлғаны зерттеудегі негізгі тарихи кезеңдер. Жеке адамның психологиялық мәселелерінің теориялық дамуындағы соңғы тенденциялар. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Іс-әрекеттің түрлері және олардың сипаттамасы. С. Л. Рубинштейн және А. Н. Леонтьев психиканың табиғатының қызметі туралы. А.Н.Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, П. И. Зинченко және басқа психологтардың шығармаларындағы психикалық процестердің қарулы табиғаты туралы идеяларды дамыту. Топ әрекет субъектісі мен қызмет жүйесі және қарым-қатынас саласы ретінде. Ұжымдағы тұлғааралық қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: |