Пәннің атауы
|
Копирайтинг
|
Жауапты оқытушы
|
Сұлтанбаева Э.С.– журналистика магистрі, ӘГҒ кафедрасының аға оқытушысы
|
Байланыс
|
т. +7 707 307 81 82 Sultanbaeva_e@mail.ru
|
Кафедра
|
ӘГҒ
|
Оқыту тілі
|
қазақ
|
Деңгейі
|
Бакалавриат (1 оқу жылы) – 4 деңгей
|
Пререквизиттері
|
«Қоғаммен байланыс және жарнама», «Заманауи жарнама технологиялары»
|
Постреквизиттері
|
«Әлеуметтік медиа»
|
Ұсыныс мерзімділігі
|
Бір семестр
|
Ұзақтығы
|
15 апта
|
Аптасына сағат саны
|
Лекция – 23
Практика (семинар) сабағы– 15
|
СӨЖП - 31
СӨЖ - 36
|
EСTS кредиттері
|
4 EСTS
|
Қорытынды бақылау формасы
|
Жоба
|
Пәннің сипаттамасы
|
«Копирайтинг» пәні студенттерді жарнамалық коммуникация саласындағы нақты коммуникативтік міндеттермен таныстыруға ұйымдастырушылық, аналитикалық және шығармашылық жұмыстың әртүрлі аспектілерімен, әдістерімен және ерекшеліктерімен таныстыруға арналған.
|
Оқыту мақсаты
|
- студенттерде жарнамалық және PR-мәтіндерді жазу арқылы ұйымның сыртқы және ішкі ортасымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету саласындағы білімі мен дағдыларының кешенін қалыптастыру;
- қоғаммен байланыс саласына арналған мәтіндерді бейімдеу дағдыларын меңгеру;
- жарнамалық мәтіндердің тұтынушылары қойған мақсаттар мен міндеттерді талдау, қажет болған жағдайда оларды өз бетінше белгілеу;
- копирайтер әдістері мен тәсілдерін меңгеру;
- шығармашылық топ жұмысының шеңберінде жарнамалық науқанның тұжырымдамаларын әзірлеуге сәтті қатысу;
- әртүрлі талаптар мен шектеулерді ескере отырып, әртүрлі жанрлар мен түрдегі жарнама мәтіндерін жасау.
|
Күтілетін нәтижелер
|
Студент «Копирайтинг» пәнін оқу барысында мынадай міндеттерді білуі тиіс:
- терминология, айтылым, екпін, синтаксис саласындағы қазіргі әдеби норманың типологиясына сәйкес ұғым болу;
- қоғаммен байланыс маманының жеке стилін қалыптастыру жолдары;
- коммуникация құралдарымен тиімді іскери байланыс орнатуға қалыптасу және қолдану ерекшеліктері туралы;
- копирайтер әдістері мен тәсілдерін;
- қоғаммен байланыс саласында сапалы контенттер дайындау және қоғаммен қарым-қатынас орната білу жолдарын.
|