Силлабусты профессор Ә. Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Байбөрі М. Б., Балабекова М. К., аға оқытушы Баймұханова Д. М., оқытушылар Мырзағұлова С. Е., Төлепбергенова М. Ж. дайындады.



бет1/2
Дата31.01.2018
өлшемі0,6 Mb.
#36599
  1   2




С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ПАТОФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

«СТОМАТОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН СИЛАБУС




ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

1.2 СИЛЛАБУС

патологиялық физиология бойынша PF-3208
051302 "Стоматология" мамандығы үшін



Сағаттар көлемі - 162
Дәрістер - 18 сағат
Зертханалық сабақтар – 90 сағат




Барлығы аудиториялық - 108 сағат

Өзіндік (аудиториядан тыс)

жұмыс – 54 сағат





Курс - үшінші
Семестр - бесінші

Бақылау түрі – емтихан


Алматы, 2011


Силлабусты профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов, доценттер Байбөрі М.Б., Балабекова М.К., аға оқытушы Баймұханова Д.М., оқытушылар Мырзағұлова С.Е., Төлепбергенова М.Ж. дайындады. «24» 04. 2009ж ҚР ДСМ адам ресурстары және ғылым дамыту Департаменті директоры бекіткен медициналық ЖОО студенттеріне арналған патологиялық физиологияның типтік бағдарламасы негізінде құрылды.
Патологиялық физиология кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілді «08»__06_______2009ж., хаттама №_17_

Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов
Патофизиология кафедрасы отырысында қайта қаралып, бекітілді. «27»__08_______2010ж., хаттама №_1_
Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов


Патофизиология кафедрасы отырысында қайта қаралып, бекітілді. «09»__09_______2011ж., хаттама №_2_


Патологиялық физиология кафедрасының

меңгерушісі, профессор Ә.Н. Нұрмұхамбетов



1. Жалпы мәліметтер:

1.1 ЖОО аталуы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1.2 Патологиялық физиология кафедрасы

1.3 Пән «Патологиялық физиология », PF-3208

1.4 Мамандық: 051302 «Стоматология»

1.5 Оқу сағатының көлемі - 162 сағат

1.6 Курс және оқу семестрі - 3 курс; 5 семестр
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:



Аты-жөні

Қызметі

Дәрежесі



Нұрмұхамбетов Әділман Нұрмұхамбетұлы

Кафедра меңгерушісі

М.ғ.д.



Карынбаев Шабаз Сибугатуллович

Доцент

М.ғ.к.



Байбөрі Мұхаметхан Байбөріұлы

Доцент

М.ғ.к.



Рыспекова Наталья Николаевна

Доцент

М.ғ.к.



Жуйко Нелли Васильевна

Доцент

М.ғ.к.



Қасенов Бауыржан Жұмахажиевич

Доцент

М.ғ.к.



Балабекова Марина Қазыбаевна

Доцент

М.ғ.к.



Ахмедшина Дания Асхатовна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Баймұханова Дамиля Мутуалиевна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Мырзағұлова Сырсұлу Ермұқанбетовна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Төлепбергенова Майгүл Жұмановна

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Жоламанов Мейрам Есович

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Аширбеков Гамаль Каримович

Аға оқытушы

М.ғ.к.



Жүкешева Майя Қанатовна

оқытушы

дәрежесіз



Иманбекова Жанар Абдрашитовна

оқытушы

дәрежесіз



Нурашева Эльмира Ермековна

оқытушы

дәрежесіз



Момбиева Жанар Таубаевна

оқытушы

дәрежесіз



Сарсен Гулназ Бейсенбекқызы

оқытушы

дәрежесіз



Мұратова Айнур Нуржигитовна

оқытушы

дәрежесіз



Жусупова Жазира Маликовна

оқытушы

дәрежесіз


1.8 Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан жері

№ 2 оқу ғимаратының 4 қабатында



телефон: 8(7272) 92-50-25 (166)
1.9 Пәннің саясаты оқу үрдісін бірізді және мақсатты түрде қамтамасыз етумен сипатталады. Оқытушылардың студенттерге деген талабы ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың ұстанымдарына негізделген.

  1. Міндетті түрде дәрістерге қатынасу.

  2. Зертханалық сабақтарға міндетті түрде қатынасу.

  3. Оқу үрдісіне белсенді қатынасу (теориялық материалды дайындау, ситуациялық есептер мен сынамаларды шығару, тәжірибені өз бетімен орындау).

  4. Дәрістік, зертханалық сабаққа арналған, аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа арналған дәптерлерді таза жүргізу.

  5. Дәрістер мен сабақтарға медициналық халатпен қатысу.

  6. Тақырыптық жоспарға сәйкес қорытынды бақылауларды уақытында өткізу.

  7. Тақырыптық жоспарға сәйкес СӨЖ міндетті түрде орындау.

  8. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына және оқу-әдістемелік үрдістерді жетілдіруге бағытталған кафедралық шараларға белсене қатысу.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Патологиялық физиология кезкелген мамандық дәрігерін дайындауға қажетті дәрігерлік ойлауды және науқастарды дұрыс диагноздау, емдеу және алдын алу негізін қалыптастыратын іргелі пән болып табылады.



2.2 Пәннің мақсаты: аурулар мен дерттік үрдістердің пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтары, тіс-жақ аймағы арнайы бүліністерінің этиологиясы және патогенезі туралы, ауыз қуысы тіндерінде патологиялық үрдістердің ерекшеліктері және олардың жалпы организммен байланысты екені туралы ғылыми болжамдарды студенттерде қалыптастыру.
2.3 Оқыту міндеттері:

  • жалпы нозология, жеке патофизиология және біртектес дерттік үрдістер бойынша білім қалыптастыру

  • организм реактивтілігін ескере отырып патологияларда ағзалар мен жүйелер қызметінің ауытқуларын дұрыс түсіну

  • дерттік үрдістердің патогенезінде қорғану мен зақымдану құбылыстарын ажырата білу

  • дерттік үрдістер мен ауруларды үлгілеу, сонымен бірге эксперименттік емдеу жолдарын біліп үйрену

  • клиникалық ойлау негіздерін, коммуникативті дағдыны дамыту

  • ҚР ДСМ бұйрықтары бойынша клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу ережелері туралы білім қалыптастыру

  • тіс-жақ аппараты ауруларының этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктерін ажыратуды үйрену


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуі тиіс:

  • патофизиология пәнінің құрылымы мен мазмұнын

  • жалпы нозологияның жалпы түсініктерін

  • ауру туындауындағы себеп пен жағдайдың маңызын. Дерт дамуындағы реактивтілік пен тұқымқуалаушылықтың маңызын

  • жалпы патогенездің негізгі түсініктерін

  • жасушаның жалпы патологиясын. Зақымдануға организмнің жалпы серпілісін

  • біртектес дерттік үрдістердің (қабыну, қызба, гипоксия, аллергия, өспелер, зат алмасу бұзылыстары, шеткері қанайналым бұзылыстары) даму тетіктері, олардың көріністері және организм үшін маңызын

  • ауыз қуысы біртектес дерттік үрдістерінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктерін

  • ішкі ағзалар мен жүйелер қызметі бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезін

  • ішкі ағзалар мен жүйелер дерттеріндегі ауыз қуысы тіндерінің өзгерістерін

  • аурулар мен дерттік үрдістердің этиологиясы мен патогенезінде эксперименттік үлгілеу мен емдеудің маңызын

  • ғылыми зерттеулер этикасы бойынша нормативті құжаттарды


Студент жасай алуы тиіс:

  • алынған мәліметтерді клиникалық пәндерді оқығанда және кейінгі емдік-алдын алу жұмыстарында қолдану

  • клиникалық – лабораториялық зерттеу нәтижелерін сараптау

  • әртүрлі аурулардың компоненті болып табылатын негізгі біртектес дерттік үрдістерді тани білу

  • жануарларда тәжірибе жасауды жоспарлап, тәжірибе нәтижелерін өңдеп, сараптау

  • кейбір дерттік үрдістерді (экзогенді, гемдік гипоксияны, артериялық, веналық гиперемияны, ишемия, эмболия, қабыну) үлгілеу

  • ауру алдын анықтауда жүктемелік сынауларды жүргізу

  • ғылыми, анықтамалық және оқулық әдебиеттермен, ктапхана каталогтарымен, интернет желісімен өздігінен жұмыс жасау


Студент келесі коммуникативті дағдыларды игеруі тиіс:

  • топта бірін-бірі жеке басты, өзара, этникалық және религиялық қатынаста сыйластық

  • көшбасшы рөлін көрсете білу

  • пікірсайыстарда өз көзқарасын дәлелдей білу

2.5 Реквизитке дейінгі пәндер: молекулалық биология және медициналық генетика, биохимия, анатомия, физиология, гистология.

2.5 Реквизиттен кейінгі пәндер: ішкі аурулар пропедевтикасы, терапиялық стоматология, хирургиялық стоматология, ортопедиялық стоматология, балалар стоматологиясы.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны: Патологиялық физиология аурулардың немесе біртектес дерттік үрдістердің туындауының, дамуының және аяқталуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Үшінші курста пәнді оқығанда студенттерге реактивтіліктің дерт дамуындағы маңызы, зақымдануға организмнің жергілікті және жалпы серпілістері, зат алмасуларының, біртектес бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезі, қабыну, қызба, аллергия, өспелердің этиологиясы мен патогенезі және ағзалар мен жүйелердің патофизиологиясы зерттеледі.
2.7 Дәрістердің тақырыптық жоспары


апта

Дәріс тақырыбы

Жүргізу түрі

Сағаты

1.

Патофизиология пәніне кіріспе. Жалпы нозология

Көрсетілім

1

2.

Жалпы этиология. Жалпы патогенез

Көрсетілім Шолулық дәріс.

1

3.

Организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы

Көрсетілім Шолулық дәріс.

1

4.

Су-электролит алмасуының бұзылысы

Көрсетілім. Шолулық дәріс.

1

5.

Көмірсу алмасуының бұзылысы

Көрсетілім

1

6.

Гипоксия

Көрсетілім

1

7.

Қабыну

Көрсетілім Мәселелік дәріс

1

8.

Аллергия

Көрсетілім Шолулық дәріс.

1

9.

Өспе өсуі

Көрсетілім

Мәселелік дәріс



1

10.

Жүйке жүйесінің патофизиологиясы

Көрсетілім

1

11.

Сыртқы тыныс патофизиологиясы

Көрсетілім Шолулық дәріс

1

12.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі



Көрсетілім Шолулық дәріс

1

13.

Артериалық гипертензиялар. Артериалық гипотензиялар

Көрсетілім Шолулық дәріс

1

14.

Ауыз қуысындағы ас қорытылудың бұзылыстары

Көрсетілім Шолулық дәріс

1

15.

Бүйрек патофизиологиясы

Көрсетілім Шолулық дәріс

1

16.

Эндокрин жүйесінің патофизиологиясы.

Көрсетілім Шолулық дәріс

1

17.

Қан жүйесінің патофизиологиясы. Анемиялар

Көрсетілім Шолулық дәріс

1

18.

Гемостаз патофизиологиясы

Көрсетілім Шолулық дәріс

1




Барлығы




18

2.7 Машықтық сабақтардың тақырыптық жоспары


Апта №

Тақырып

Жүргізу түрі

Ұзақтығы

(сағ).


1.

1. Патологиялық физиология пәні, міндеттері және әдістері. Жалпы нозология

2. Жалпы зтиология және патогенез.



Теориялық сұрақтарды талқылау. Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, блиц-ойын, сөзжұмбақты шешу. Теориялық сұрақтарды талқылау. Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, тест тапсырмаларын шешу.

Тапсырмалар: 1. Кинетозды үлгілеу

2. Ауруалдын жүктемелік сынақтармен анықтау (Мартине, Штанге, Генче сынаулары).

3. Биіктік ауруын үлгілеу немесе бейнефильмді көру


3

3


2.

3. Организм реактивтілігі-нің және тұқым қуалау-шылықтың дерттануда-ғы маңызы.

4.Жасушаның жалпы дерті.



Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу.

тапсырма: Реактивтіліктегі жас мөлшерінің, түрдің, орталық жүйке жүйесінің қызметтік жағдайының маңызын анықтау немесе бейнефильмді көру Жасушаға физикалық және химиялық жайттардың зақымдаушы әсерін тәжірибеде зерттеу

3

3


3.

5. Зақымдануға организмнің жалпы әсерленістері (стресс, сілейме)

6.Мерзімдік бақылау – 1



Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу немесе патогенездің сызбанұсқасын оқып-үйрену.

тапсырма: Қимылды шектеу арқылы туындатылған стрестің егеуқұйрықтардың дене қызуына әсері

Өтілген тақырыптары және СӨЖ бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау



3

3


4.

7. Су-электролит алмасуының бұзылыстары

8. Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің (ҚСҮ) бұзылыстары



Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу, ісіну патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру

тапсырма: Тәжірибеде ісінудің патогенездік жайттарын оқып-үйрену

Оқытулық бағдарламамен жұмыс істеу (ҚСҮ бұзылыстарымен мультимедийлік танысу), тест тапсырмаларын шешу



тапсырма: ҚСҮ бұзылыстары патогенезінің сызбанұсқасын құрастыру

3

3


5.

9. Көмірсу алмасуының бұзылыстары

10.Нәруыз және май алмасуының бұзылыстары. Ашығу

11. Гипоксия


Пікірталас, машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды шешу

тапсырма: Егеуқұйрықтарда гипогликемиялық команы үлгілеу

Конференция, эссе құрастыру, оларды қорғау және сараптау


тапсырма: Экзогендік және қандық гипоксияны тәжірибеде үлгілеу немесе бейнефильмді көру

3

3


6.

12. Аралық бақылау – 2

13. Шеткері қанайналы-мының және микроцир-куляцияның бұзылыс-тары



Тесттік бақылау

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, есептерді, сынамалық тапсырмаларды шешу.



тапсырма: Тәжірибеде артериялық және веналық гиперемияны, ишемия, тромбоз, эмболияны үлгілеу.

1

5


7.

14. Қабыну
15.Қызба

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды, сөзтізбекті шешу.

тапсырма: Бақа тіліндегі әлтерация. Конгейм тәжірибесі. Іріңді жалқықтың морфологиялық көрінісін зерттеу.Фагоцитоздың сатыларын зертттеу. тапсырма: Қызбаның түрлерін үлгілеу.

Температуралық сызықтардың түрін анықтау



3
3

8.

16. Аллергия

17. Өспе өсуі


18. Аралық бақылау - 3

Машықтық жұмыстарды орындау және талқылау, хаттамаларды рәсімдеу, сынамалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді шешу

тапсырма: Теңіз доңызында анафилаксиялық сілеймені үлгілеу немесе бейнефильмді көру

тапсырма: «Мылқау» сызбанұсқаларды толтыру

Шемендік карциноманың жағындысын зерттеу

Тесттік бақылау


3

2
1


9.

19. Жүйке жүйесі патофизиологиясы

20. Эндокринопатиялар-дың жалпы этиологиясы мен патогенезі



Ситуациялық есептерді шығару, сынамалық тапсырмаларды орындау

3
3

10.

21. Тері мен тірек қимыл құралының патофизиологиясы

22. Сыртқы тыныс патофизиологиясы

Теориялық сұрақтарды талқылау. Ситуациялық есептерді шығару, тест тапсырмаларын орындау

Мультимедиялық көрсетіліммен жұмыс



3
3

11.

23. Аритмиялар

24. Жүрек қызметінің патофизиологиясы


25. Артериалық гипертензиялар. Артериалық гипотензиялар

Теориялық сұрақтарды талқылау, тәжірибелік жұмыстарды орындап, талқылау, хаттамаларды толтыру. Ситуациялық есептер, тест тапсырмаларын шешу.

Тапсырма: жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрін бақада үлгілеу

Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрін бақада үлгілеу

Эссенциалды гипертензияның, бүйректік гипертензияның патогенездік сызбанұсқасын құрастыру және «мылқау» кестені толтыру


2

2
2


12.

26. Аралық бақылау – 4

27. Асқорыту патофизиологиясы 28.Бауыр патофизиологиясы



Тесттік бақылау

Теориялық сұрақтарды талқылау. Тәжірибелерді орындау, талқылау, хаттаманы толтыру. Тест тапсырмаларын, сөзжұмбақ шешу.



1

3
2


13.

29. Бүйрек патофизиологиясы
30. Аралық бақылау - 5

Теориялық сұрақтарды талқылау. Тәжірибелерді орындау, талқылау, хаттаманы толтыру.Тест тапсырмаларын шешу.

Өтілген тақырыптары және СӨЖ бойынша ауызша немесе жазбаша сұрау



3

3


14.

31. Анемиялар

32. Лейкоцитоздар, лейкоцитопениялар.

33. Лейкоздар

Теориялық материалды талқылау, әртүрлі анемиялары бар гемограммаларды сараптау, ситуациялық есептерді шешу, оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын орындау

3
3

15.

34. Гемостаз бұзылыстары

35. Аралық бақылау - 6



Ситуациялық есептерді шешу, сынамалық тапсырмаларды орындау.

Тесттік бақылау



5
1




БАРЛЫҒЫ




54


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет