Сымсыз қалалық желілер (WMAN – Wireless Metropolitan Area Networks). WiMAX
технологиялары мысал бола алады. WWAN желілері өте үлкен аудандарды қамтамасыз
етеді. WWAN желісінің айқын мысалы ұялы байланыс желісі. Бұл желілер кодтар арқылы
бірнеше бөлікке бөлінген көп станциялы каналдар (CDMA) және ұялы байланыстың
ғаламдық жүйесі сияқты технологияларды қолданады. Әдетте мемлекеттік органдармен
реттеледі.
Жеке сымсыз байланыс желілер:
IrDA, немесе инфрақызыл порты
жарық толқындарының инфрақызыл диапазонында
жұмыс істейді. Олар пульттерде сигнал беру үшін қолданылады. Оның ерекшелігі
лицензиясыз тегін жиілік диапазонында жұмыс істейді.
Bluetooth
– аз қуатты тұтынатын шағын көлемді құрылғылар мен қысқа қашықтықтағы
радиоарналар арасындағы цифрлық ақпаратты сымсыз алмасу технологиясы.
WI-FI
– компьютерлерді жергілікті желіге қосуға және оларды интернетке қосуға
арналған заманауи сымсыз технология. Дәл осы технологияның арқасында интернет
мобильді бола бастады. Бұл технология қолданушыға бөлме ішінде ғана емес, бүкіл
әлемде еркін жүруге мүмкіндік береді.
WiMAX
интернетке жоғары жылдамдықта қолжеткізуге мүмкіндік береді. Wi-Fi
желілеріне қарағанда әлдеқайда үлкен. Бұл технологияны дәстүрлі DSL және арнайы
берілген желілермен, сонымен қатар жергілікті желілермен жалғастыратын
«магистральдық арналар» ретінде пайдалануға болады. Нәтижесінде бұл тәсіл бүкіл
қалаларда кеңейтілген жылдамдықтағы желілерді құруға мүмкіндік береді.