Қант диабетінің диагностикасы
1.Қанның жалпы анализі
2.Зәрдің жалпы анализі
3.Глюкоза деңгейін анықтау;
-гликемиялықпрофильді жүргізу (ашқарынға, таңертеңгілік астан соң 2 сағаттан кейін,түскі ас алдында) 3рет;
-қажет кезде гликнмияны жағдай тұрақтанғанша сағат бойынша бақылау
4.Жалпы холестерин деңгейін анықтау
5.Триглицеридтер деңгейін анықтау
6.Микроальбуминурияны анықтау
7.Креатининді анықтау
Қант диабетінің клиникасы
Айқындалған полиурия (олиго-анурия әсерінен), айқындалған шөл, (қарттарда болмауы мүмкін), әлсіреу, бас ауруы; төмендетілген тері тургоры, саусақпен басып көру кезіндегі көз жанарының жұмсақтығы, тахикардия, кейінірек – қан тамырларының гипотониясы, содан кейін, қанайналымының жетіспеушілігінің күшеюі, тіпті коллапс және гиповолемикалық талдырмаға дейін; ұйқышылдық. Ацетон иісі және Куссмауль тыныс алуы жоқ. ГГЖ клиникасының ерекшелігі – полиморфтық жүйкелік симптоматика (құрысулар, дизартрия, екіжақты кездейсоқ нистагм, бұлшық еттің гипер- немесе гипотонусы, парездер және салдар; гемианопсия, сезім мүшелік бұзылулар және т.б.), қандай-да бір анық синдромға жатпайтын, өзгерісті және осмолярлы қалыптану кезінде жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: |