2 типті қант диабеті өмір салтын өзгеруінде, әсіресе, салмақ азайту мен емдәм сақтауда, кері қайтуы байқалады. Сонымен қатар, 2 типті қант диабеті салмақ азайту операцияларынан кейін де қайтуы мүмкін. 1 типті қант диабеті емделмейді. Қандағы қант деңгейін бақылау үшін науқастарға инсулин препаратын енгізу қажет. 1 және 2 типті диабетті емдеуге дәрілік препараттар, емдәм сақтау және дене жаттығулары жатады, бұл шаралар қандағы қант деңгейін бақылауға арналған. Қандағы қант және холестерин деңгейін, артериалдық қысымды ұдайы бақылау бүйректің, көздің, жүйке жүйесінің ауруларының, инфаркт пен инсульттің даму қаупін азайтуға көмектеседі. Диабеттің асқынуының алдын алу үшін жылына кемінде, 2-4 рет дәрігерге барып тұру қажет. Мәселелер туралы дәрігермен кеңесіңіз. Диабетті бақылау туралы дәрігердің кеңесін орындаңыз.