Сын есім дегеніміз заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы



бет2/2
Дата06.02.2022
өлшемі139,55 Kb.
#80919
түріҚұрамы
1   2
Байланысты:
Сын есім

Жұрнақ

Мысал
  • -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;
  • -сыз, -сіз
  • -ғы, -гі, -қы, -кі
  • -лық, -лік, -тық, -тік, -дық, - дік;
  • -шыл, -шіл
  • -шаң, -шең
  • -дай, -дей, - тай, -тей;
  • -қой, -қор, -паз, -кер, -гер;
  • -и, -ы, -і
  • Далалы, орманлы;
  • Баласыз;
  • Жазғы, ішкі;
  • Балалық;
  • Кекшіл;
  • Бойшаң;
  • Тастай, судай;
  • Сәнқой, әуесқой;
  • Тарихи, қазақы

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

Жұрнақ

Мысал
  • -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек;
  • -ық, -ік, -к, -қ;
  • -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш;
  • -ғыр, -гір, -қыр, -кір;
  • -шақ, -шек;
  • -ынды, -інді, -нды, -нді;
  • -малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі;
  • -ымды, -імді, -мды, -мді;
  • -аған, -еген;
  • -улы, -улі;
  • -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе;
  • -ыңқы, -іңкі, -ңқы, ңкі.
  • Жабысқақ, үркек
  • Ашақ, асқақ
  • Білгіш, айтқыш
  • Тапқыр, алғыр
  • Ұялшақ
  • Асыранды, үйінді
  • Созбалы, аспалы
  • Шыдамды
  • Қабаған
  • Ілулі, асулы
  • Қызба, бөспе
  • басыңқы, көтеріңкі

Сын есімнің шырайлары
Екі заттың сын - сипатының бір – бірінен артық немесе кем екенін көрсету үшін шырай қолданылады.
Шырай
Жай
шырай
Салыстырмалы шырай
Күшейтпелі шырай
Асырмалы
шырай
Жай шырай
Шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ, түбір күйінде болады.
Салыстырмалы шырай
Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.
Жасалу жолдары:
  • -ырақ, -ірек, -рақ, -рек (кішірек)
  • -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу (ақтау)
  • -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -ғылтым (сұрғылтым)
  • -аң, -шыл, -шіл, -қай, -ғыш, -шілтім, -ілдір, -ша, -ше (ақшыл, бозаң)

Күшейтпелі шырай
Белгілі бірсындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Ол сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосылуы арқылы жасалады: сап – сары.
Ескерту:
Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады: аппақ, көкпеңбек.
Асырмалы шырай
Сын есімнің күшейткіш үстеуімен (тым, өте, ең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: тым аур, аса әдемі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі:
Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Қырдағы қызыл – сары гүлдер көздің жауын алады.
Заттанған сын есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.
Заттанған сын есім септеліп, толықтауыш болады. Жақсыдан үйрен жаманнан жирен.
Сын есім етістіктің алдында келіп, іс – әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. Ол бүгін көңілді жүр.
Сын есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. Сен үйдің үлкенісің.
Сын есімнің заттануы
Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Оны сын есімнің заттануы (субстантивтенуі) деп атаймыз. Мысалы күштімен алыспа, үлкенді сыйла.
Тапсырмалар
  • Мына сөздер мен жұрнақтардан қатыстық

  • сын есім жаса

біл
-імді
тап
-қыр
ақыл
-ды
-аған
қаш
бас
-ыңқы
бой
-шаң
сөз
-шең
білімді
ақылды
басыңқы
тапқыр
қашаған
бойшаң
сөзшең
2. Мына сөйлемдерден сын есімді тауып, мағынасына, тұлғасына, құрамына қарай қай сын есім түріне жататынын тап. Сөйлем мүшесінің қай түріне жататынын ата.
  • Үйдің ауласындағы заттар ұқыпты жиналыпты.
  • Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа.
  • Туған жер, сен неткен көріктісің.
  • Сөйлеушің судай есілген, тыңдаушың бордай езілген.
  • Біп-биік тау шыңы көгілдір аспанмен тілдесіп тұрғандай.

3. Тест
    • Заттанған сын есімнен жасалған толықтауышты табыңыз!
  • Ілім – дария көл, надандық сусыз шөл
  • Жаманға сөз айтсаң, ақыл таппас жауап айтады.
  • Ақымақ бұзауға бар, түзеуге жоқ.
  • Ердің атын еңбек шығарады.
  • Жаман өз үйінде өзі қонақ

2. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған қатыстық сын есімді табыңыз!
  • Сәтжанның қабағы қатулы.
  • Омар сабақты жақсы оқиды.
  • Қоңыр шашының арасынан бас құйқасы көрінді.
  • Адам – тастай берік, гүлдей нәзік жаратылыс.

3. Күрделі сын есімнен жасалған анықтауышты табыңыз!
  • Керегетастың азу – азу, ирек – ирек тас биіктеріне күн сәулесі ілінді.
  • Күздің әдемі күні туып келеді.
  • Ақшыл бұлттан аспан ашылды.
  • Зейнеп – көрегенді, тәрбиелі қыз.
  • Жан – жақтан көк шалғынның жусанының иісі шықты.

4. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз!
  • Арман – адам қанаты.
  • Көрмес – түйені де көрмес.
  • Айла - алтау, ақыл – жетеу.
  • Көне сө – жаңа сөздің қазығы
  • Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер.

5. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
  • Әуе тұп – тұнық, жібектей жұмсақ.
  • Көкшенің қыр арқасы көкшіл гаухар тас сияқтанып тұр.
  • Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды.
  • Жуас торы ат үріккен жоқ.
  • Ақкөңіл, өте қарапайым адамдар екен.

6. «Көкпеңбек, аппақ» сөздері қай шырайда қолданылады?
  • Жай шырай
  • Асырмалы шырай
  • Күшейтпелі шырай
  • Шырайы жоқ
  • Салыстармалы шырай

7. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз!
  • Өнерлі бала сүйкімді.
  • Көп сөз – күміс.
  • Ел жақсымен көрісті
  • Халық сөзі – қаһарлы.
  • Отан – оттан да ыстық.

8. Туынды сын есімді табыңыз!
  • Жылтыр
  • Биік
  • Момын
  • Кенді
  • Жұмсақ

9. Дара сын есімді табыңыз!
  • Хош иісті зат
  • Торы ала ат
  • Киім тазаланды
  • Көгілдір аспан
  • Ұзақ қара жол

10. Негізгі сын есімді табыңыз!
  • Түртіншек
  • Батыл
  • Шыдамды
  • Адам
  • Рухани

Жауаптар:
  • В
  • Е
  • А
  • Е
  • В
  • С
  • В
  • Д
  • Д
  • В

Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет