Сын есімнің шырайлары
Екі заттың сын - сипатының бір – бірінен артық немесе кем екенін көрсету үшін шырай қолданылады.
Шырай
Жай
шырай
Салыстырмалы шырай
Күшейтпелі шырай
Асырмалы
шырай
Жай шырай
Шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ, түбір күйінде болады.
Салыстырмалы шырай
Бір заттың сындық белгісін екінші затпен салыстырғанда кем не артық екенін білдіретін шырайдың түрі.
Жасалу жолдары:
Күшейтпелі шырай
Белгілі бірсындық белгінің бір нәрседен өте артық не өте кем екенін білдіретін шырайдың түрі. Ол сын есімнің алдынан күшейткіш буынның қосылуы арқылы жасалады: сап – сары.
Ескерту:
Ақ, көк сөздерінің күшейтпелі шырай түрі төмендегідей болады: аппақ, көкпеңбек. Асырмалы шырай
Сын есімнің күшейткіш үстеуімен (тым, өте, ең, аса, нақ т.б.) тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: тым аур, аса әдемі
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі:
Сын есім сөйлемде негізінен анықтауыш болады. Қырдағы қызыл – сары гүлдер көздің жауын алады.
Заттанған сын есім атау септігінде тұрып, бастауыш болады. Сыпайы сырын сақтар, әдепті арын сақтар.
Заттанған сын есім септеліп, толықтауыш болады. Жақсыдан үйрен жаманнан жирен.
Сын есім етістіктің алдында келіп, іс – әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. Ол бүгін көңілді жүр.
Сын есім сөйлем соңында жіктеліп немесе заттанып келіп, баяндауыш болады. Сен үйдің үлкенісің.
Сын есімнің заттануы
Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады және сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Оны сын есімнің заттануы (субстантивтенуі) деп атаймыз. Мысалы күштімен алыспа, үлкенді сыйла.
Тапсырмалар
Мына сөздер мен жұрнақтардан қатыстық
сын есім жаса
біл
-імді
тап
-қыр
ақыл
-ды
-аған
қаш
бас
-ыңқы
бой
-шаң
сөз
-шең
білімді
ақылды
басыңқы
тапқыр
қашаған
бойшаң
сөзшең
2. Мына сөйлемдерден сын есімді тауып, мағынасына, тұлғасына, құрамына қарай қай сын есім түріне жататынын тап. Сөйлем мүшесінің қай түріне жататынын ата.