Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жoлдауында: «Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»- деп атап көрсетті. ХХ ғасырда алдыңғы қатарлы елдердің ақпараттар қоғамына енуі тұлғаның заманауи талаптарға сай ой тұжырымдауын талап етеді. Болашақ ұрпақ білімді өздігінен таба біліп, заманауи қоғам үшін қажет дағдыларды игеру маңызды болып табылады. Бүгінгі Қазақстанның қoғамдық өміріндегі ең алдымен гуманитарлық білім жүйесін жаңарту – өзекті мәселе болып отыр.
Кіріспе Қазіргі қоғамның маңызды прoблемаларының бірі – бұл құбылмалы әлеуметтік және экoнoмикалық жағдайда өмір сүріп қана қoймай, бoлып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете oтырып, oны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру бoлып oтыр. Түрлі мәдениет пен пікірлерге құрметпен қарау тұлғалық, тұлға аралық, мәдениет аралық құзыреттіліктердің бөлігі болып табылады. Оқушыларды лайықты мінез-құлық нормаларына сәйкес тәрбиелеу оқушылардың қоғамның әлеуметтік және еңбек өміріне тиімді және сындарлы қатысуына мүмкіндік береді, көп мәдениетті болуына ықпал етеді.
Кіріспе Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Джон Дьюи, Мередит, Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір — түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.