18. Сын тұрғысынан ойлаудың түрлері.
Және де, бесіншіден, сыни ойлау - әлеуметтік ойлау. Қандай да болмасын ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі, немесе, философ Ханна Арендт жазғандай, «кемелденуге тек қана біреудің қатысуында ғана жетуге болады». Біз басқалармен пікірталасып, мәтін оқып, талқылағанда, қарсы уәж айтып, пікірлерімізбен алмасқанда өз позициямызды айқындаймыз және тереңдетеміз.
Сондықтан да сыни ойлау аясында еңбектенетін педагогтар әрқашанда өз сабақтарында жұптық және топтық жұмыстың сан алуан түрлерін, олардың ішінде пікірталас пен даудамайды және де шәкірт жазба жұмыстарының әртүрлі жариялануын қолданады. Менің сыни ойлаудың дербестігі туралы келтірген бірінші анықтамам мен сыни ойлаудың әлеуметтік өлшемдерін атайтын соңғы уәжімнің арасында ешқандай да қарама-қайшылық жоқ. Сайып келгенде, әрбір сыни ойлаушы қандай да бір қоғамдастықта еңбек етіп, өз тұлғасын қалыптастырудан басқа ауқымдырақ мәселелерді шешеді.Сондықтан да сыни ойлау арнасында жұмыс жасайтын ұстаздар тиімді түрде пікір алмасуға қажетті қасиеттерді – сабырлықты, басқаларды тыңдай білуді, өз пікіріне деген жауапкершілікті - дамытуға көп көңіл бөледі. Дәп осылай педагогтар оқу процесін сынып бөлмесі сыртында өтіп жатқан шынайы өмірге жақындата алады.
Сыни ойлау анықтамасының келтірілген бес бабы білім алудың әртүрлі әрекеттерімен жүзеге асырылады, алайда, менің ойымша, мұғалім үшін де, оқушы үшін де олардың ең тиімдісі жазба жұмыстары болады. Жазуда ойлау процесі көзге түсетін, яғни мұғалім үшін көрінетін болады. Жазушы әрқашанда белсенді әрекетте. Ол дербес ойланып, осы кезде өзінің барлық білім қорын қолданады. Өз пікірін қуаттау үшін ол лайықты дәлелдеме құрастырады. Жақсы орындалған жазба жұмысы қандай да болмасын проблема шешімін іздестіруден және оқырмандарға табылған жауапты ұсынудан тұрады. Бұған қоса ол өз бітімі бойынша әлеуметтік нышанда болады, өйткені жазушы әрқашан да оқырманға бағытталған.
19. Сын тұрғысынан ойлаудың мамандардың қызметіндегі маңыздылығы.
Оқушылар мен студенттер үшін оқу процесінің қиын, дәлірек айтсақ, ең қиын бөлігі. Әлбетте, жазба тапсырмасын бере отырып мұғалім өзінің де жұмысын көбейтеді. Алайда көптеген педагогтар жазудың маңыздылығын түсіне отырып, жүктемесін осылайша өз еркімен көбейтуге барады. Қатарына ой қозғау, өзіндік жазба, толықтыру, редакциялау мен «жариялауды» қосатын жұмыс барысында мұғалімөз оқушыларына жазу ережелерін түсіндіріп, қиын мәселені шешуге көмектеседі. Ал оқушылар үшін мұғалімнің олардың жұмыстарына ықылас пен сыйластықпен қарайтындығы, өздерінің сыныптастары, басқа ұстаздар, ата-анасы, тіпті бейтаныс адамдармен өз ойларымен бөліскендігі құнды. Мен осы себептерге сәйкес жазу - сыни ойлауға үйретудің ең тиімді тәсілі деп тұжырымдаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |