1) Механикалық сынаулар. Сынау түрлерінің ішінде өте көп тараған түрі. Сынау:
– Берілген жиіліктегі синусоидалы діріл беру арқылы төзімділікті бағалау;
– Ауыспалы жиліктегі синусоидалы діріл беру арқылы резонанстық жиілікті анықтау;
– Кездейсоқ діріл беру арқылы тұрақтылыққа тексеру;
– Бір реттік және көп реттік соққы беру арқылы төзімділікті анықтау;
– Сызықтық үдеу беру арқылы параметрлердің тұрақтылығын анықтау;
– Транспорттық теңселіске сынау объектісінің тұрақтылығын анықтау;
– Теңселіске тұрақтылығын анықтау параметрлері бойынша жүргізіледі.
Сынауға арналған жабдықтар: үш бағытта және әртүрлі үйлесімдегі дірілді жасау үшін дірілдік стендтер, бір реттік немесе көп реттік соққы беретін соққылық құрылғылар, үлкен жүктемеге сынауға арналған центрифугалар. Соққыға сынау арнайы дайындалған ауданға белгілі бір биіктіктен объектіні лақтыру арқылы іске асырылатын ең қарапайым түрі болып табылады. Мысалы: қалыңдығы 15 мм болатын киіз төсенішке 1 м биіктіктен бинокольді лақтырады.
Сонымен бірге сынау созуға (6.4-суретте үзуге сынауға арналған машина), сығуға, қиюға, бұрауға, майысуға және аралас сынауларға жүргізіледі. Статикалық және динамикалық (соққылық) сынаулар болады.
Материалдардың және бөлшектердің механикалық қасиеттерін зерттейтін әдістердің дамуына байланысты сынау процесі кезінде бағаланатын параметрлер диапозондарын ұлғайтатын сынау жабдықтарына қойылатын талаптар жоғарылайды. Сертификаттаудан өткізетін зертханалар қарапайым сынау жабдықтары мен құрылғыларымен қатар автоматты басқарылатын жүйелермен және күрделі сынау машиналарымен жабдықталады. Зерттеулік сынауларда бір орындық серпімділік және серпімдіпластикалық деформацияны өлшеу әдістері, компьютерден басқарылатын автоматтандырылған құрылғы және т.б., сызаттың пайда болуын және дамуын өлшеу жүйелері, моделдерді стендттік сынау жүргізу және заттық құрылымдық жүйелері көп қолданылады.