Сенімділікке сынауға көптеген қозғалмалы құрылғының бағытталған үдемелі және айналмалы қозғалысы, қозғалысты механикалық түрлендіргіштер және т.с.с. сынау объектісі ретінде ұшырайды. Мұндай сынаулар күрделі және қарапайым қозғалысты іске жаңғыртатын арнайы стендтерде іске асыралады. Уақыт тығыз болған жағдайда жылдамдатылған сынаулар қолданылады. Таңдап алынған бұйым тобының қалыпты пайдалану жағдайындағыдан да қатаң жағдайда жұмыс жасауын бақылау бойынша алынған ақпаратты өңдеу арқылы сенімділік көрсеткіштерін анықтайды. Оперативті сынау жүргізуге дайындық кезінде келесілер дайын болуы керек: – Сынау түрін және техникалық құралдарды таңдау; – Параметрлік және функционалдық тоқтау негізгі түрлерін анықтау; – Берілген уақытқа байланысты жұмыс істеп тұрған факторлар мен үлгілер санын анықтау мақсатында сынау жоспарын құру; – Бақылаудың тоқтауы әдістері мен құралдарын, нәтижелерді өңдеу әдістерін таңдау. Объектінің тоқтауына әкеліп соғатын, әсіресе, процестің интенсивті жұмыс істететін режим бойынша жүрістің бос және іркілісті толық жоятын немесе қысқартуымен қортындыланылатын жағдайда оперативті сынау әдісі уақыттың тығыздығына байланысты жеделдетуге негізделген. Жеделдетуге келесі жолдармен жетеді: – Объектіге әсер ететін жүктемені үстемелеу арқылы; – Ортадағы агрессивті немесе абразивті элементтердің концентрацияларды үстемелеу арқылы жылдамдық қоғалысын арттыру; – Электрлік төзімділікке сынау кезінде электрлік кернеуді үстемелеу арқылы; – Температураны, ылғалдылықты, қысымды, сәулеленің интенсивтілігін және т.с.с. үстемелеу арқылы. Климаттық сынау |