Сингапурдың білім беру жүйесі



Дата04.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#171056
Байланысты:
Сингапурдың білім беру жүйесі2


Еуразия гуманитарлық институты
Сингапурдың білім беру жүйесі
Орындаған: ДБОЖ-22-01 тобының студенті
Бекова Л.М.
Тексерген: Абдугалина С.Е.

Білім беру жүйесінің құндылықтары:
Негізі- АДАЛДЫҚ
Фокус- АДАМДАР
Құштарлық- ОҚЫТУ
Ұмтылыс- ҮСТЕМДІК

Сингапур білім министрлігінің миссиясы:
Ұлт болашағын қалыптастыру

Мектептен қоғамға пайдалы тұлғаны тәрбиелеп шығару
Ұстаздарыдың ұстанымы:
Жарты ғасырға жуық уақытта үшінші əлем елдерінен бірінші əлем елдеріне көшкен ел — Сингапур. Оның негізгі құндылығы — білім жəне жемқорлықсыз саясат. Білім жүйесінің негізі — ағылшын тілі. Жəне Сингапурдағы білім барлық шетелдіктер үшін қолжетімді.
Мектепке дейінгі білім беру
Балабақшалардың барлығы дерлік жеке меншік. Олар діни ұйымдар жəне бизнес қорлармен басқарылады. 3-6 жас аралығындағы балалар санау, оқу, қарым-қатынас негіздерімен қатар үш тілді — қытай, малай, ағылшын тілдерін меңгереді.
Бастауыш мектеп
Бастауыш мектеп, керісінше, толығымен тегін жəне міндетті болып табылады. Ол екі кезеңнен тұрады: негізгі жəне бағдарлы. 1-4 сыныпта негізгі пəндерді оқиды. Бізден айырмашылығы — құқық негіздерін де меңгереді. 5-6 сыныптарда бала өзіне қажетті бағдарды таңдай алады. Аяқтаған соң міндетті түрде емтиханнан өту арқылы ғана келесі сыныпқа жіберіледі.
Орта мектеп
Емтиханнан кейін оқушылардың орта мектепте оқитын бағыты мен бағдарламасы таңдалады. Ол бағыттар төмендегідей:
— арнайы
— жылдам/экспресс-бағыт
— академиялық
— техникалық
Ал, білім бағдарламасы біріктірілген және кәсіби болып бөлінген. Орта мектеп 4 жылға созылады, тек академиялық бағыт 5-6 жыл бола алады. Арнайы бағыт толыққанды орта білімді аттестат береді. Жылдам бағыт тереңдетілген ана тілін оқытумен сипатталады. Осы екеуінің аттестаттары О-деңгейі деп аталады. Ал, қалған екеуінікі сәл төмендеу N-дәрежесі деп аталады.
Осыдан кейін оқушылар колледждерде, техникумдарда, т.б. білім ала алады. Жалпы, Сингапурдағы мектептер ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҒЫМЕН ерекшеленеді. Балаларға таңдауға мүмкіндік жасалған.
ЖОО
Мектеп пен колледжді бітіргеннен кейін барып Сингапурдағы университетке түсуге мүмкіндік ала аласыз. Түсу үшін қабылдау комиссиясына құжат тапсырып, сұқбаттасудан өтесіз. Керек болған жағдайда түсу емтиханын тапсырасыз.
Шетелдіктер үшін сингапурлық білім ақылы және өте қымбат. Əртүрлі бағдарламалар арқылы шəкіртақыға ие болуға болады, бірақ, ол тек шығынның 1/2 немесе 2/3 бөлігін жабады.
Университтер мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді. Жеке меншіктер ,негізінен, экономика және заң ғылымдарын оқытады. Ал, мемлекеттік 3 университет бар: Сингапур Ұлттық Университеті, Сингапур Техникалық Университеті, Сингапур Менеджмент Университеті.
Сингапурда оқығысы келетін шетелдік студентке, ең алдымен, демеуші керек. Ол кез-келген заңды және жеке тұлға бола алады. Демеушіден кейін студенттік виза керек. Оны алу үшін:
    • белгілі бір оқу орнын бітіргеніңіз жайлы аттестат,
    • шетелге шығатын куәлік
    • демеушіңіздің 10000 сингапурлық доллар салған есепшотының қағазы
    • демеушінің жеке куәлігі керек.

Ерекшеліктері:
-Мектептегі мұғалімдер үлкен абырой мен жалақыға ие. 35% университет бітірушілер мектепке мұғалім болып барады. Сингапур оқушылары 11 күн ғана демалып сабақ оқиды.
-Әр оқушыны өмір бойы білім алуға мотивация береді, жаңа технологияларды тез меңгеруге, кәсіпкерлік негіздері мен әр сөзі мен ісіне жауапкершілікпен қарауға үйретеді.
-Сингапур 1997 жылы Thinking Schools, Learning Nation жобаларын іске қосты. Білім сапасы болу үшін бастысы мықты мұғалім мен көреген директор болу керек деп есептейді. 2015 жылдан бастап Сингапурда мектепке университеттің топ-түлектерден, яғни, ең үздіктерін ғана мұғалім ретінде алуды енгізген.
-Шарт бойынша мұғалімдер міндетті түрде 3 жыл мамандығымен жұмыс жасау керек. Әйтпесе, оқуына кеткен шығынды мемлекетке қайтаруға міндетті. Мұғалімдердің жалақысы бәсекеге сай, орташа 2,5 мың доллардан басталады. Оған қоса ай сайын әртүрлі сыйақылар беріліп, жыл сайын 100 сағаттық деңгей көтеру курстарының ақысы төленеді.
-Автономды мектептер идеясымен Сингапурда кластерлер қалыптасқан. Оны директорлардың жол сілтеушісі болып табылатын суперинтендант басқарады. Құрамына 12-14 мектеп кіреді. Ал, кластерлер 7-еуден бір білім беру округіне жатады. Жалпы, Сингапурда 4 білім беру округі бар.
Сингапурда үлкен адам өзінен кішіге осы купюраны сыйға тартады екен. Бұл купюраның артында бейнеленген мұғалім, оқушылар, мектеп - білімге деген құрметті білдіретіні сөзсіз.
Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет