1.Түрік қағанатының алып жатқан жер аумағы
Түрік қағанаты алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған жер аумағы шығыста Алтайдан бастап,батыста Каспий теңізіне дейінгі.Оңтүстік-Шығыс Қытаймен, оңтүстік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан – байтақ аумаққа билік жүргізді.Алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі.
Халқы: 30 дан астам теле тайпа кірді (қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін, т.б.)
2.Түрік қағанатының нығаюы
552 -554ж Мұқан қағанның кезінде жужандар мүлде қайтып бас көтерместей болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды. Иштеми қаған қазіргі Қазақстан Орталық Азияны бағындырып, Еділ мен Солт.Кавказға дейін барды.
3. Әлеуметтік құрылымы
Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот мiндетiн атқарды, әскер-ге басшылық етті. Мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына
сүйендi. Әскери және азаматтық билікті басқаратын жүйе – ябғу, шад
т.б. құрылды. Билеуші әулеттің жасы жағынан ең үлкені қаған сайланды.
4. Түрік қағанатының ыдырауы
VI ғасырдың соңы – VII ғасырдың басын да Қытайдың күшеюi
би лiк басындағы түр кі әулетiнiң өз iшiнде қырқыстың басталуы мен
және даладағы сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келдi. Мұның бәрi қағанатты дағдарысқа ұрындырды. Түркiлердiң қарсылығын әскери күшпен жеңе
алмаған Қытай 603 жылы дип ломатиялық жол-мен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Бір-тұтас мемлекет Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарына бө лін-ді. Қағанат ыдырағанымен қуатты мемлекет болып қала берді.
*Балама жауаптар қабылданады.
2-тапсырма. Жылдар сөйлейді - (осы жылдары қандай оқиғалар болғандығы туралы жазады)
- 542ж,552ж, VІ ғ.60 ж, VІ ғ.70 ж, 553-572ж, 568ж, VІ ғ.80 ж, 603ж
- Дескриптор: Білім алушы
- Берілген жылдарда болған оқиғаларға сипаттама береді.
Жауаптары - -542 ж. Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы мәліметтер кездеседі.
- -552 ж. Бумын қаған жужандарды талқандап, «елхан» атанды.
- - VІ ғ.60 ж түріктер Византия, Иран, Қытаймен қарым-қатынас жасаған.
- - VІ ғ.70 ж Маньчжуриядан Босфорға дейінгі жерлерді бағындырып, Ұлы Даланың шығыстағы қожасына айналды.
- -553-572ж Мұқан қаған билік еткен.
- -568ж түркі елшісі Маниах Византияға қағанаттың елшілігін басқарып барды.
- -VІ ғ.80 ж Парсы елімен одақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азиядағы қуатты эфталиттерді жеңді.
- -603ж Түрік қағанаты Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |