Сыныбы: 10а,ә Дебат «Ел ертеңі жастар» ой-бөліс сайыс сағаты



Дата25.01.2022
өлшемі49 Kb.
#114406
Байланысты:
ел ертеңі жастар


Сыныбы:10а,ә

Дебат «Ел ертеңі - жастар» ой-бөліс сайыс сағаты

Мақсаты:Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;

-Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;

-Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

-Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;

-Оқушының қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;

-«Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» тақырыбында ой қозғату;

-Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;

Түрі: Дебат (пікірсайыс)

Әдісі: Сұрақ-жауап,ситуация туғызу ,нақты дәлелдер келтіру.

Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты бейне материал («Хабар» арнасынан үзінді сюжет)

Өту барысы (Қ.Мұрзалинаның сөзі) :

Елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған барлық Жолдауларында сондай-ақ биылғы жылы жарияланған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы», «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламаның мақаласы мен Назарбаев университетінде оқыған интерактивті дәрісінде де жастар мәселесіне баса мән берілген.Жастар ел дамуының негізгі күші.Жастар мәселесі жай ғана мәселе емес,ол ел болашағы.Жастарға ешуақытта біреуге иек артып мемлекетке қарап алақан жайып жүру жарасқан емес.Мемлекет тек өз шағында жұмысын атқарып зейнетке шыққан қарияларға жұмыс істей алмайтын мүгедектерге ғана көмектеседі.Ал он екі мүшесі сау ойлай алатын еңбек ете алатын құрыштай мықты жастар өз еңбектерімен жолын тауып,бала-шағаларын асырап,елінің өркендеуіне еңбек етуі тиіс.Жастар өзіне мемлекет бізге не береді деп емес,мен еліме,жұртыма мемлекетім үшін не істей аламын деген сауал қоюы тиіс.Сонда біз өркендейміз.

Әділ-қазылар мүшелерімен таныстырып өтейік:

Әділ-қазылар мүшелері:



  1. Тәрбе-ісі жөніндегі орынбасары:

  2. Бейімдік оқыту жөніндегі орынбасары:

Бұл пікірталасқа 10 а,ә сынып оқушыларынан құралған жақтаушы тобы және даттаушы тобы қатысады.

Жақтаушы тобы

Қарары: «Жас Отан» жастар қанатының сьезі –барлық қазақстандық жастар үшін ерекше маңызды оқиға.

Топ мүшелері:



  1. Арай

  2. Айгерім

  3. Мөлдір

Даттаушы тобы

  1. Жанар

  2. Ақнұр

  3. Олжас

Топ спикерлеріне қойылатын талаптар:

  1. Дебат ережесін сақтау

  2. Тақырыптан ауытқымау.

  3. Сөйлеу шеберлігі

  4. Жоғары мәдениеттілік

  5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы

Пікірталас ойын шарттары

  1. Әр топ өзін таныстыру.

  2. Екі топ өз ойларын ортаға салады

  3. Регламент сақтау

  4. Екі топ өзара сұрақ алмасады

  5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары

Тақырыпқа байланысты бейне сюжетке назар аударамыз.

Енді сөз кезегін оқушыларға берсек:

Жақтаушы тобы 1-оқушы: Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже-ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,-деп қасық қандары қалғанша ар-намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.

Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.

Даттаушы жақ мүшесінен сұрақ: «Нұр Отан ХДП Төрағасы кім?» (Нұрсұлтан Назарбаев)

2-оқушы: Жастарсыз- болашақ жоқ. «Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла» деген ұлағатты қағида осыдан қалған. Бүгінгі егемен ел, тәуелсіз мемлекетімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыда қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын азамат болып қалыптасуына барлық жағдай қарастырылған. Тек қана «Алға!» деген ұранды ту етіп алға ғана ұмтылу керек.

Бүгінгі жас- ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ел ағасы. Еліміздің ертеңі, мемлекетіміз-дің болашағы-жастардың еншісінде. Бүгінгі алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені белгілі. Өмірдің өзі де осылай емес пе, біреу келеді, біреу кетеді. Ұрпақтан ұрпаққа алмасып отырады. Ата-бабаларымыз қазақ жерін, қазақ елін, салт-дәстүрін, тілін, дінін көздің қарашығындай етіп сақтап, осы күнге аманат етіп қалдырды. Енді сол аманатты кіршіксіз таза күйінде келер ұрпаққа жеткізу бүгінгі ұрпақ қолында.

Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан ой жүйелесек, келешек ел тізгінін ұстайтын жастардың өң бойынан халықтық қалып, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз төгіліп тұруы қажет-ақ. Әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылады.

Ақиқатын ашып айтар болсақ, жастарымыз белсенді болуы керек. Ұлы Мағжан Жұмабаев айтқандай, «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қырағы» болу керектігін бүгінгі қоғам, қазіргі нарық және бәсеке заманы тілеп-ақ тұр. Жүректерінде жалын бар, бойларынан бұла күштері тасыған жиырма бірінші ғасырдың жастары күнделікті өзгеріп жатқан өмірге, құбылыстар мен жаңалықтарға үрке қарамай, батыстың қитұрқы өміріне еліктемей, «жақсыға үйреніп, жаманнан жиреніп» жатса нұр үстіне нұр болары анық.

Даттаушы тобынан сұрақ: 1)Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан партисы» «Жас Отан» жастар қанатының ІІ сьезі қандай ұран бойынша өтті? (Арман.Еңбек .Сенім ұраны бойынша)

3-оқушы:Менің ұсынып отырған аргументім:«Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты жобасының маңызы зор. Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Міне, Қазақстан да XXI ғасырдың жаңа онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады. Мысалы: Ақтөбеде Ақтөбелік жастардың бастамасымен «Ауылдың өркендеуі-Қазақстанның өркендеуі» атты марафон эстафета өтті.Жастар үшін «Жасыл ел»жастар отряды 700 мыңнан астам жас қазақстандықтарды біріктірді.Осыған байланысты жастар туралы сөз қозғауға болады. Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай қарекет етуде? Барша қазақ жерін қозғамай, өзіміздің бас қаламыз Астанаға тоқталсақ жөн болар. Астана жастарының белсенділігіне үңілсек, олардың қатысуымен атқарылған көпке танымал іс – шаралар жоқтың қасы. Сол себепті Назарбаев Университетінің студенттері, Жастар Парламентінің қатарына қосылды. Бұл ұйым Алматы қаласында өз іргетасын қалап, тамырын кеңінен жайғанымен, Астанада Жастар Парламенті Еуразияның жүрегінде орналасқан Назарбаев университетінде ғана құрылған. Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады.

Түйіндей келе, біз, Жастар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!

Қорытынды сөз: Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекше-лiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – мектеп.

Ұлы педагог А.Макаренко: «Тәрбиешiнiң әрбiр қимылы, жүрiс-тұрысының өзi балаларға өнеге, тәлiм-тәрбие берерлiктей болуын аңғарған адам ғана тәрбиешi бола алады» деген. Ал дана халқымыздан «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген салиқалы сөз қалды.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы.

Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде.

Жеңген топты марапаттау.

№2 мектеп гимназиясы

Ел сенімі –жастар

Дебат пікірталас (ой-бөліс сайыс сағаты)

Өткізген:Қ.Мұрзалина

Сыныбы:10а,ә



Шалқар-2015

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет