«Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК
Тәрбие сағаты
(сценарий)
Мектебі: №10жалпы білім беретін мектеп
Сыныбы: 3 «Б»
Өткізілетін күні: 15.03.2021 жыл
Машықкер: Қабисалимова С.Даумова Н. Жақсылық Н. Нұрымғалиева А.
Әдіскер: Ақмамбетова Д.Б
Баға:
«Бекітемін»
«___» ______ 2021 жыл
Ақтау2020
Тақырыбы: «Асылым, анашым!!!»
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер , бейнефильмдер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Білімділік: Оқушылардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Ананы құметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.