Оқушының аты-жөні: Сағын Мейрамбек
Сыныбы: 3 Г
Мектебі: Орал қаласы №46 ЖОББМ
Сынып жетекшісі: Утебалиева Гулбарам Магжановна
Тақырыбы: Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың мемориалдық мұражайы
Мақсаты: Туған қаламыздың тарихи мәдени орындары туралы мағлұмат жинау.
М. Мәметованың мұражайын зерттеу.
М. Мәметованың өмір жолымен кеңірек танысу.
Міндеті: Мұражай бөлімдеріне талдау жасау.
Мұражай жәдігерлерімен танысу.
Жоспар
Кіріспе............................................................................................................
М. Мәметова мемориалдық мұражайы..................................................
Негізгі бөлім ..................................................................................................
а) Мәншүктің балалық шағы....................................................................
ә) Мәншүктің жастық кезінен ..................................................................
б) Мәншүк майданда ...................................................................................
в) «Майдангер әйелдер» клубы ..................................................................
г) «Мәншүктің өшпес ерлігі» диорама ...................................................
д) Мәншүктің аты мәңгі есте .......................................................................
Қорытынды ....................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер ..............................................................................
Кіріспе
Жазғы демалыста мен нағашы әжеме қонаққа барғанда, ол маған өзінің туған жері Орда ауылы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар нағашы әжем маған сол жерден шыққан атақты адамдар туралы да әңгімеледі. Оның бірі шығыс кыздарының арасынан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова. Оралға қайтып келгеннен соң мен Мәншүк апамыз туралы тереңдеу білуге қатты ынталандым, өзіме мақсат қойдым. Өз мақсатым туралы ата-анама айттым. Олар менің тілегімді қолдап мені Мәншүк Мәметова мемориалдық мұражайына апарды.
Осы ғылыми жобада мен Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың мемориалдық мұражайы туралы әңгімелегім келеді.
М. Мәметова мемориалдық мұражайы
Орал қаласында шығыс қыздарының арасынан шыққан тұнғыш Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мемориалдық мұражайы бар. Мұнда 1932-1934 жылдары Мәметовтер отбасы тұрған.
Мұражайға кіргенде Мәншүктің мүсіні қарсы алады. Суретші және мүсінші Асылбек Ғұбашев 20-жасар Мәншүктің кейпін өте дәл шығарған.
Ескерткіштің ашылуы Жеңістің 66-жылдығында өтті.
1917 жылдары салынған бір қабатты кірпішті үйде төрт зал бар.
Мұражайдың әр залында жасына сай экспонаттарды тамашалауға болады.
Бірінші залында отбасылық мұрағаттың фотоматериалдары Мәншүктің ата-анасы,туыстары, достары және оның балалық шағына арналған экспонаттары бар.
Екінші залда Мәметовтер отбасының тұрмыста қолданылған заттары жиналған.
1983 жылы мұражайға қатысты мәселемен алғаш рет мұражайдың директоры С.С. Бектенова Алматыға барды. Сол кезде Мәншүктің анасы Әмина Сүлейменқызына арнайы жолығып тұңғыш экспонаттарды алуға қол жеткізді. Бұлар Мәншүктің тіккен кестелері мен салған суреттері, оқыған кітаптары, майданнан елге жолдаған хаттары және XIX ғасырдың аяғында Тулада жасалған самаурын. Орал қаласында тұрған кезде Мәметовтер отбасы осы самаурыннан шәй ішіп, қонақтарын күтті.Соладың бәрін осы залда тамашалауға болады.
Үшінші зал Мәншүктің жастық кезіне арналған.
Төртінші залдағы фотоматериалдармен экспонаттар майданға қатысқан Мәншүк және баска қазақ батыр қыздарына арналған.
Қазіргі таңда мұражайдың қорында 5 мыңнан аса экспонаттар жинақталған.
Мұражайдағы экспонаттардың елеулі бөлігі М. Мәметованың осы балалық шағына арналған. Мұражай қорында ұстазы В.Г. Зайцеваның қолжазбалары мен жеке құжаттары, естеліктері мен фотолары мұқият сақтаулы тұр.
Мұражай үйінің көрнекі жерінде сонау отызыншы жылдардың бас кезінде Мәншүкке сыйлаған Мәншүктің есімі жазылған қамшы сақтаулы.Оның өз тарихы бар.Мәншүк ата-анасымен туыстарына қонаққа барады. Сол ауылда балалар мен үлкендердің қатысуымен ат жарысы өтіп жатады. Мәншүкте қатысуды өтініпті. Сол жарыста ол жеңіске жетіп, сыйға осы қамшыны алған екен.
1940 жылы 11 шілдеде жас талапкер медициналық институтына қабылдау емтиханына жіберуді өтініп құжаттарын тапсырып институтқа түседі. Ешкімнен көмек күтпейтін болғасын 1940 жылы 30 қыркүйекте студент Мәметова институт басшылығына ақшалай стипендия сұрап өтініш жазды. Өтінішінде: «Ешкімнен ешқандай жәрдем алмаймын, туыстарым жоқ, сондықтан 1 қыркүйектен бастап стипендия тағайындауыңызды өтінемін» деп жазып, өз мақсатына жетті.
Мәншүк майданда
Оқуда жүргенде Мәншүк майданға аттануға өтінішті бірнеше қайтара жазды. Мәншүк Алматы медициналық институтының екінші курсынын майданға аттанады. Аз ғана уақыт ішінде өзінің әскери ортадағы шеберлігімен, алғырлығымен ерекшеленген Мәншүкті пулеметшілер тобының командирі етип тағайындайды.
Шайқастар аралығында Мәншүк үйіне хат жазған. Мұражайда Мәншүктің өз қолымен жазған қанды майданнан поштамен жеткен хаты бар. Мәншүк Псков облысының Невель қаласы үшін шайқаста 1943 жылдың 15 қазанында ерлікпен қаза тапты. Ол өз отрядын қорғап, көз жұмған сәтіне дейін қолынан қаруын тастамады.
Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында немес басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Мәншүктің ерлігі невельдіктердің есінде сақталғандығының бірден-бір белгісі – Невель жеріндегі М. Мәметова атындағы мектеп пен ескерткіші. Мәншүк ерлігіне куә Невель жеріндегі қаласы мен оның туған жері - Орал қаласы арасындағы тығыз байланысы бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.
Мәншүктің аты мәңгі есте
Орал қаласында Мәншүк Мәметованың құрметіне ескерткіш орнатылып тұр.
1997 жылы – № 27 Мектепке қазақтың батыр қызы М.Мәметованың құрметіне М.Мәметова атағы берілді. Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.
Қорытынды
Бүгінгі күні республиқалық маңызы М. Мәметова мұражайы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін орталыққа айналып келеді.
Мәншүктің өшпес рухы мен ерлігі егемен еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың бойында отаншылдық мінез-құлықты орнықтыруға қызмет жасай бермек. Оның есімі бізге сонысымен де қымбат, сонысымен де қастерлі.
Қолданылған әдебиеттер
Осы ғылыми жобаны жазғанда мен мемориалдық мұражайға барып экпонаттармен таныстым, экскурсоводтың Мәншүк туралы әңгімесін тыңдап қажетті мәліметтер іздестірдім, бірнеше әдебиеттерді қолдандым, олар:
«Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр» - Мәметова, Ғ., Әліпқали, Т. - Орал, 2002. –кітабы
«Егемен Қазақстан» - жалпыұлттық газет –07.11 2012 ж.
«Казахстанская Правда» -жалпыұлттық газет -23.07.2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |