Ойын барысы:
І. Ұйымдастыру.
Ойынның тақырыбы мен мақсатымен (слайд) таныстыру.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 3 топ қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.
Ойын ережесімен таныстыру.
Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін ,ұранымен таныстырады.
І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.
ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.
І -айналым «Ұшқыр ой» Әр топқа қазақ тілі пәнінен сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр топта 6 оқушы 1 сұраққа жауап береді.
«Сұңқар» тобына:
1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі. (түбір)
2. Жалқы есімдер қалай жазылады? Неге? (бас әріппен)
3. Сын есімнің сұрақтары. (қандай? қай?)
4. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді? (нешінші?)
5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (сұлу, көркем)
6. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (сұрақ белгісі)
«Тұлпар» тобына:
1. Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2: жуан, жіңішке)
2. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады? (етістік)
3. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
4. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
6. Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? (нүкте)
«Болашақ» тобына:
1. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3: қатаң, ұяң, үнді)
2. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
3. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс. ( у )
4. Зат есім дегеніміз не? (заттың атын білдіреді)
5. Сан есімнің сұрақтары. (қанша? неше? нешінші?)
6. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата. (биік)
ІІ айналым «Құпия сандық» Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
1-топ: Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)
2-топ: Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)
3-топ: Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)
Әрі қарай кезектесіп оқи береді.
4. Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)
5. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)
7. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)
8. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
Құшағымда білім көп. (кітап – книга)
ІІІ айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 2 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу. (Әр топқа тапсырманы беремін, дайындалуға уақыт беріледі)
1. Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
( «Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)
2. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
( «Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)
1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
(«Қыс». А.Құнанбаев)
2.Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...
(«Күлпаш». Б.Майлин)
1. Өнер, білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)
2. Міне, қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұхтар қуанып кетті.
- Киіміңді тазалармыз. Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын.
(«Қайырымдылық». Мағзұм Сүндетов)
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)
Ойынымыздың соңғы айналымы «Талапкер» деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.
3. ... бала әрқашан,
Қуантады ... .
Құлыным деп анасы,
... баласын.
Әр топтың құрастырған өлеңдерін оқытқызу.
Ән. «Ертегілер»
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.