Сыныбы: 5 n сынып жетекшісі



бет2/5
Дата12.09.2020
өлшемі28,2 Kb.
#78135
1   2   3   4   5
Байланысты:
тәрбие сағаты

І. Ұйымдастыру кезеңі.
– Біз кімнің портретін құрастырдық?
– Әбу Насыр әл – Фарабидің

2020 жылы "Әлемнің екінші ұстазы" атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді


Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фараби туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

Әбу Насыр Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала – Sputnik) қаласында дүниеге келді. Ғұлама ойшылдың толық аты-жөні – Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.

"Ол әулетті отбасыда өмірге келді. Оның әкесі әскери қолбасшы болған. Орта ғасырда Фараб қаласы ғылым мен мәдениеттің ордасы еді. Мұнда Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасты. Осының арқасында Әл-Фараби ондағы құнды қолжазбалар және кітаптармен танысуға мүмкіндік алды. Ғалымның жастық шағы осы шаһарда өтті", - дейді "Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы "Әл-Фараби музейі" атты деректі фильмінде.

Ғұлама ғалым түркі тайпасынан шыққан. Бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Оның түркі тайпасынан шығуын филология ғылымдарының докторы, шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі растайды.

"Мен араб ғалымдарының кітаптарын оқыдым. Осы күнгі араб Фарх Саад есімді ғалымның бір дерегі бар. Онда Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби ат-Турки дейді. Яғни ол оның түркі текті екенін жазған. Ғалым ибн-Халиканда ат-Турки дегенді қосады. Ол Әл-Фарабидің түркі екенін жазады", - дейді ол сұхбаттарының бірінде. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет