Сыныбы: 5 n сынып жетекшісі


Ғалымның ұлты жайлы бірер сөз



бет5/5
Дата12.09.2020
өлшемі28,2 Kb.
#78135
1   2   3   4   5
Байланысты:
тәрбие сағаты

Ғалымның ұлты жайлы бірер сөз

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Алайда бүгінгі күні қоғамда ғалымның ұлтына байланысты сан алуан пікір бар. Осы орайда шығыстанушы Әбсаттар қажы Дербісәлі бұл мәселені түсіндірді.

"Бұл кісіні (Әл-Фарабиді – Sputnik) "қазақ" деп жазады. Оны "өзбек, тәжік" деп айтады. Ол – қате. Бұл кісі өмір сүрген уақытта біздің халқымыз жеке ұлт ретінде тарих сахнасына көтерілген жоқ. Сондықтан Әл-Фараби – түркі текті. Бұл мәселеге академик Гафур нүкте қояды. Ол "Әл-Фараби өмір сүрген уақытта қазақ, өзбек деген болған жоқ. Бірақ Әл-Фараби қазақ жерін мекендеген түрік тайпасынан шыққан. Бұл тайпа кейін қазақ халқының құрамына енді. Сондықтан қазақ халқының перзенті деуге негіз бар деп жазды", - дейді ғалым Qareket бағдарламасында.

"Әл-Фараби" ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Жақыпбек Алтайұлы шығыстанушы ғалымның сөзін толықтырды.

"Орта ғасырда Әл-Фарабидің ұлтын нақты айту үлкен бір қателік болар еді. Себебі, ол тұста ұлттардың қалыптаспаған тұсы. Әл-Фарабиді түркі дүниесіне ортақ, мұсылман әлемінен шыққан ұлы жерлесіміз деп нақты айта аламыз",
Сабағымызды қорытындылайтын болсақ, Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Тараз, Созақ, Отырар қалалары арқылы өткен екен. Осы Отырар қаласында Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл – Фараби дүниеге келген екен.
Отырар Әл – Фараби туған қала
Таң қалған ол туғанда барша дала
Бір өзі ғалым, сазгер, тарихшы да
Дәрігер өз халқына болған шипа
Осы өлең шумақтарынан қай қаланың атын естідік?
Отырар қаласында кім дүниеге келген екен?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.

Отырар қаласында ұлы ұстаз атанған, ойшыл ғалым Әл – Фараби дүниеге келген. Отырар қаласын картадан көрсетіп, жаңа тақырыпты түсіндіру.


«Сиқырлы балықтар» ойыны.
Отырар қаласы орналасқан Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзеніне саяхат жасайық. Арыс өзеніне сыйқырлы балықтар бар екен, ол балықтарда деңгейлік сұрақтар жасырылған. Алтын балықтағы сұрақтар күрделі, ал күміс балықтағы сұрақтар сәл жеңілдеу. Ал, ол балықтарды мына алтын қармақтар арқылы ұстайық. Бірақ бұл ойынға топ басшылары қатыспайды.

1-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби кім?


2-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби өмірі жайлы әңгімеле.
3-тапсырма: Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?
4-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби замандастары:
5-тапсырма: Отырар қаласы жайлы не білесің?
6-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы:
7-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби қай жылдары өмір сүрді?
8-тапсырма: Әл – Фарабидің толық аты – жөні

9-тапсырма: Отырар қаласын кезінде қалай атаған?


10-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби қай тілдерді меңгерген?
11-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби еңбектерін ата?
12-тапсырма: Әбу Насыр әл – Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы
ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?
VІ. Жаңа сабақты бекіту.

Әрине балалар, Әбу Насыр әл – Фарабидің көзқарасы Абай Құнанбаевпен үндеседі. Ендеше топ басшылары шығып, Венн диаграммасы арқылы Әбу Насыр әл – Фараби мен Абайдың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындасын


1-қатар: Әбу Насыр әл – Фарабидің ерекшелігін
2-қатар: Абайдың ерекшелігін
3-қатар: Екеуінің ұқсастығын жазады
Балалар, Әл – Фараби, Абай аталарымыздың тарих, жаратылыстану, әдебиет салаларына сіңірген еңбектері зор. Міне сол себепті де, олардың аттарын мәңгілік жадымызда ұстау үшін, қазіргі таңда мектеп, лицей, тіпті жоғарғы оқу орындарына Әл- Фараби, Абай аталарымыздың аттары берілген. Және де ауыл, қалаларда осы кісілердің есімдерімен аталатын көшелер бар
VІІ.Жаңа сабақты қорыту.

Олай болса балалар сендерге Әл – Фараби мен оның замандасы Мұхамед Қайдар Дулати жайлы бір аңыз айтайын. Мұхамед Қайдар Дулати бірде Әл – Фарабиге:


– Алдыңда сан тарау жол жатыр. Бірі – бақытқа, бірі – атақ- даңққа, бірі – өнер- білімге, бірі- байлыққа апарады. Қайсысын таңдар едің?- депті.
– Әрине , өнер – білімге апарар жолды.
– Неге?
– Бақыт та, абырой – даңқ та, байлық та тек қана өнер- білімде – депті.
Балалар егер сендер мектептегі түрлі шараларға қатысып, сабақтарыңызды жақсы оқып, білімді болсаңыздар, осы алған білімдеріңіз сіздердің жарқын болашақтарыңның кепілі болмақ.
Кәне, балалар, кім өнер – білім туралы мақал – мәтел біледі?
Әл – Фараби бабамыздың аты 1000 жыл болса да өшкен жоқ. Себебі, оның артында қалдырған білімі, үлкен ғылыми мұрасы бар. Сонымен, балалар, адамның байлығы да, бақыты да, атақ- даңықы да, ол – білім. Білім – таусылмайтын байлық.
VІІІ. Үйге тапсырма.

Әбу Насыр әл- Фараби туралы шағын әңгіме құрастыру.


Оқушыларды бағалап, жеңіске жеткен топқа білім кілтін табыстау.
https://youtu.be/nz2DjWky_B0

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет