Мақсаты: жас ұрпаққа Елбасының өмір жолын,ерен еңбегі, тұлғалық тұғыры жайлы түсінік беру. Балаларымызға Отанымыз жайлы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қарапайым ұғым бере отырып, Қазақстан қалалары, ұлты



бет1/4
Дата31.12.2019
өлшемі2,63 Mb.
#54306
  1   2   3   4
Мақсаты:жас ұрпаққа Елбасының өмір жолын,ерен еңбегі, тұлғалық тұғыры жайлы түсінік беру. Балаларымызға Отанымыз жайлы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы қарапайым ұғым бере отырып, Қазақстан қалалары, ұлты, ана тілі туралы білімдерін қалыптастыру.Өз Отанын, туған жерін сүюге, өз халқын ана тілін құрметтеуге, рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Елбасы суреті, рәміздердің суреті, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреті,слайд.

Шаттық шеңбері: Табиғатым тамаша

                              Көз тоймайды қараса

                              Табиғатты аялап

                              Жүрейікші жараса

                              Сәлем саған Жер Ана    

                              Сәлем саған нұрлы күн!

                              Аман-есен болайық

                              Бейбітшілік халайық!

- Балалар, барлығымыз бірге әнұранды орындаймыз.

- Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасы.

- Осы Қазақстан Республикасының президенті кім?

- Нұрсұлтан Әбішұл Назарбаев.

- Ендеше балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз елін сүйген, елі сүйген елбасымыз ,еліміздің алғаш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілде де Алматы обл.Қаскелең ауданында дүниеге келген. Әкесінің аты – Әбіш, анасының аты – Әлжан. Мектепте жақсы оқыған. Ата-анасын құрмет тұтты.1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев  Қазақ ҚСР-нің Президенті болып сайланды. Оның көптеген кітаптары жарық көрді. (Слайд тақтадан назар аударайық)

Балалар сонымен қатар Елбасымыздың «Өмірбаяны» атты кітабы қазақ, орыс, ағылшын, араб, корей, грек, венгр, әзірбайжан тілінде аударылып жарық көрген. Қане, балалар елбасына арнаған тақпақтар кім айтып береді?

Ұлбибі: Нұрсұлтан атам  Елбасы

             Ел ағалары қолбасы.

             Тәуелсіз елін сүйетін

             Бар адам оның жолдасы.



Данияр: Нұрсұлтандай атамның

              Еңбегінің шегі жоқ.

              Бақыт тапты қазағы

              Жүрегіне жағып от. 



Құндыз: Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,

Әрқашанда алда жүрді жеңісі.

Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,

Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.


- Балалар осы Қазақстан Республикасы біздің  туған еліміз, туған жеріміз, оны біз басқаша қалай айтамыз?

- Отанымыз

- Өте  дұрыс. Ендеше Отан туралы кім тақпақ біледі?

 Ақбота: Отан-деген атамекен

               Отан-деген туған жер

               Отан- ана

               Отан- үлкен

               Қазақстан туған ел!



М.Айзере: И красива и богата

                 Наша Родина ,ребята.

                 Долго ехать от столицы

                 До любой её границы.



Ақмаржан: Отан- сенің ата - анаң

                   Отан- досың бауырың.

                   Отан - өлкең, астанаң,

                   Отан- аудан, ауылың.



Мағжан: Речка, небо голубое-

             Это всё моё родное!

             Это –Родина моя!

             Всех люблю на свете я!

Осы Отанымызға Елбасымыз президент болғаннан кейін 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздеріміз  бекітілді.

-Ал осы рәміздерімізге не жатады балалар?

-Ту, Елтаңба, Әнұран.

Осы рәміздерімізде нелер бейнеленген және авторлары кім?

- ҚР- ның Мемлекеттік Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков, көк түсті, ортасында күн, қыран бүркіт, ою бейнеленген.
- ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбаның авторы: Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлиханов, ортасында шаңырақ, екі жағында пырақ қанатты ат, жоғарғ жағында жұлдыз, төменгі жағында Қазақстан деген жазуы бар.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Жарайсыңдар! Балалар  біздің елордамыз қай қала?

-Астана қаласы.

-Ал осы Астанаға арнап кім тақпақ айтады?



Света: Астананың аспаны

  Ашық сондай адемі.

Күннен күнге  құлпырып

Жайнап өсіп келеді.



Н.Айзере: Астана ақ қала,

Ақ мәрмәр пәк қала.

Шарықтап, қарыштап,

Шалқи бер, шаттана.


- Олай болса балалар, біздер Астана қаласын тамашалауға барайық

(Ұшақпен Астана қаласына келеді)

 

Слайдтан Астана  қаласының басты  басты ғимараттарымен таныстырады.



-Міне  балалар,мынау біздің елордамыз Астана қаласы.Астана қаласы сондай көркем.Мынау Елбасы отыратын Президент резиденциясы, одан кейін ақ мешіт, мынау Хан шатыр ойын-сауық орталығы, ал мынау болса Астана қаласының символы - Бәйтерек. Осы Бәйтеректің ең жоғары  қабатында Президентіміздің қол таңбасы бар. Сол таңбаға қолымызды қойып тілек айтсақ тілегіміз орындалады. Олай болса қолымызды қойып тілек айтайық балалар. Балалар тілек айтады.

-Балалар, Астана қаласы ұнады ма? Олай болса ұшаққа мініп балабақшамызға қайтайық.

(Ұшаққа мініп балабақшаға қайтады)

- Балалар,сендер серуендейміз деп шаршаған боларсыздар. Сергіту сәтін жасайық.

«Мен қазақпын» сергіту сәті.

-Жарайсыңдар балалар.Бүгін біз қайда бардық?

-Қандай ғимараттарды көрдік?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізге балалардың барлығы жақсы қатысты.Мен сендерге өте риза болдым.Жарайсыңдар,балалар,рахмет!

-Осымен бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды.Қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!


Күтілетін  нәтиже:

Білуі  керек: ҚР Мемлекеттік рәміздерін, президентін, оларға сипаттама беруді  біледі.

Игерді: Еліміздің рәміздерін құрметтеуді, сұрақтарға жауап беруді біледі.

Меңгерді: Патриоттық сезім болуы керек.

Бекітемін:_____________

«Ақбота» балабақшасының

әдіскері Ақжігітова Ұ.М


«Елбасы – ел тірегі»


(Ашық оқу қызметі)

Өткізген: Жағалбаева Н.С.

2018 жыл





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет