Тәрбие сағатының тақырыбы: «Нұрлы жол»
Мақсаты: Болашақ ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауы туралы терең мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі, өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекілігі: фотосуреттер, Назарбаевтың қанатты сөздері, Қазақстан Республикасының рәміздері, сөзжұмбақ.
Барысы:
І. Сөзжұмбақты шешу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының авторы кім?
Тудың түсі қандай?
Қазақстан Республикасының рәмізі?
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
Тәуелсіздік күні қай айда тойланады?
Елтаңбада ненің суреті бейнеленген?
Мұғалім:Балалар, тігінен қандай сөз шықты? Елбасымыз кім? Неліктен тәрбие сағатымыз осы тақырыпқа арналған?
1-оқушы:
Ел басшысы Нұрсұлтан,
халқына шын берілген.
Нағыз батыр - ер жүрек,
Бейбіт күнге зор тірек.
2-оқушы:
Елбасымыз алғашқы,
Қырандай самғап ұшты.
Еңбектен ерінбеген,
Алға тек сенімменен.
3-оқушы:
Асамыз асулардан,
Құламай тасулардан.
Әлемнің алды болу,
Ол үшін асыл арман.
4-оқушы:
Биік боп көздегені,
Бірлік боп іздегені.
Халқымның көшбасшысы,
Жастарға ол сенеді.
5-оқушы:
Достықтың туын көтеріп,
Еліңе бақыт келтіріп.
Президент болдың Нұрсұлтан,
Қазақтың салтын тербетіп
«Елбасы өмірбаянынан мағлұмат»
1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсетті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.
3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.
4-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
Мұғалім: Мінеки, Назарбаев елбасы болып сайланғаннан бастап халқының жағдайын ойлап, еліміздің тұрмысын жақсарту, ауыл, қалаларды дамыту мақсатында Жолдаулар жолдайды. Оның кезекті Жолдауы «Нұрлы жол» деп аталады. Бұл жолдауда:
«...Қадірлі халқым!...Алдымызда тұрған екі-үш жыл оңай болмайды. Бүкіл дүниеге де, елімізге де. Сондықтан, не істеуіміз керек, қандай шаралар қолдануымыз керек, осыған байланысты мен Жолдауды ертерек жолдайын деп отырмын.... » Президент білім беру, денсаулықты сақтау салаларын, ауыл шаруашылығын дамытатын бағдарламаларды іске асыруда. Сонда біздің республикамыз дамыған 30 мемлекет арасында болмақ. «...Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.Ел Бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. ... Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз — Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз....
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық EXPO-2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін!»
«Ойтолғау». Мұғалім топтарға тапсырма береді: Новоишимка ауылын дамыту, көркейту үшін халыққа қандай Жолдау жолдауға болады?
Топбасшылары ортаға шығып өз ойларымен бөліседі.
Мұғалім: Елбасымыз ұлт болашағы жастардың қолында дейді, яғни жас ұрпақ - ол сендер. Ендеше, айтыңдаршы, Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде Отанымызға қандай үлес қосып жүрсіңдер?
1-оқушы:
Елімнің көркеюіне атсалысам,
Міндетімді орындаймын, білім алам!
Әр басқан қадамымды аңдап басып,
Тәрбиелі балалардың алды болам.
2-оқушы:
Отанымды сүйемін, құрметтеймін,
Президенттің айтқанын екетпеймін.
Патриоты боламын Отанымның,
Жалқауланбай еңбек етем, еш талмаймын!
3-оқушы:
Тәуелсіз Қазақстанның ұланымын,
Болашаққа немқұрайлы қарамаймын.
Аянбай білім алып, еңбек етіп,
Достарымды ұлтжандылыққа шақырамын!
4-оқушы:
Жанымыз қаламайды аласаны,
Жас Ұлан алда талай бел асады.
Әлемге туған елді танытатын,
Біз – балалар Қазақстан болашағы!
5-оқушы:
Уәдені біз сақтаймыз,
Қол қусырып жатпаймыз.
Үмітін елбасының
Шынында да ақтаймыз.
Ү. Шаттық шеңбері.
- Балалар, сендер білесіңдер 1-желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» болып қабылданды. Қазір тақтаға шығып Елбасымызға шын жүректен лебізімізді білдірейік.
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
Мұғалім: Рауанның президент туралы өзі жазған өлеңін тыңдайық.
Рауан: Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды.
Ешқашанда орынсыз,
Шешімдері болмайды.
Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Ән: «Ақ тілек».
Мұғалім: Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа арнасам деймін. Сендер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың ұрпағысыңдар. Сендерге ел зор үміт артып отыр. Жолдауда айтылғандай, табыстарға жету үшін ең алдымен бірлікті, берекені сақтаңдар. Білімге ұмтылыңдар! Сендердің алдарыңда жарқын болашақты орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында!
.
Достарыңызбен бөлісу: |