Мақсаттары: Оқушыларға етістіктен өткенді пысықтай отырып, етіс түрлеріне тоқталу, жасалу жолдарын көрсетіп, айырмашылықтарын айқындау.
Міндеттері:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сөйлем ішінен ырықсыз, өзгелік етісті таба білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Өзгелік, ырықсыз етіс туралы түсінік қалыптасады, жұрнақтарын ажырата алады, морфологиялық талдау жасайды.
Ұйымдастыру
Уақы
ты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Көрнекі-
ліктер
Жағымды ахуал орнату
Сәлеметсіздер ме, балалар! Ендеше бүгінгі сабағымыз көңілді әрі жарасымды болуы үшін шаттық шеңберін құрайық.
Қане, балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, көздерімізді жұмып, мені мұқият тыңдаңыздар. Бүгін, біз, барлығымыз әдеміміз, мейірімдіміз. Осы мейірімізді алақан жылылығы арқылы жіберейік. Бір, екі, үш көзімізді ашайық, күміс күлкі шашайық!
Шеңбер болып, бір-бірінің қолынан ұстап, көздерін жұмып, бір-бірінің жылылығын сезінеді.
Түрлі-түсті гүлдер
Сыныпты түрлі-түсті гүлдер арқылы 4 топқа бөлу.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
І топ – «Өздік етіс»
ІІ топ – «Өзгелік етіс»
ІІІ топ – «Ырықсыз етіс»
ІҮ топ – «Ортақ етіс»
Топ ережесін еске алу
тәртіпті сақтау
уақытты үнемдеу
тақырыптан ауытқымау
бір-бірінің пікірін тыңдау
өзара көмек көрсету
белсенділік таныту
Үй тапсырмасы
240 – жаттығу
Өздік етістерді теріп жазып, жұрнақтарын табу
Оқушылар жазып келген мысалдарын оқиды, морфологиялық талдау жасайды.
Оқулық
Өткен тақыырыпты пысықтау мақсатында «Серпілген сауал» әдісі
Допқа жапсырылған суреттер
Етістік дегеніміз не, сұрақтары
Сабақты етістік дегеніміз не, мысал келтір
Салт етістік қандай септіктегі сөздермен тіркесіп келеді, мысал келтір
Болымсыз етістік дегеніміз не, мысал келтір
Етіс дегеніміз не, түрлері
Өздік етіс дегеніміз не, жұрнақтары қандай?
Туынды етістікке мысал келтір
Күрделіетістікке мысал келтір
Оқушыларға
Сұрақтар жапсырылған доп
Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
«Миға шабуыл» әдісі
Әсия інісіне кітап оқытты, мазмұнын айтқызды.
Мәдениет үйіне орындық қойылды, шам жағылды.
Мысалдарды оқыта отырып, мазмұнына қарай етіс түрлерін ажырата білуге ықпал ету, ереже шығаруға жетелеу.
Берілге мысалдарға назар аудара отырып, өзгелік және ырықсыз етіс туралы түсінік қалыптастырады, мұғалімні еек сұрақтарының көмегімен өзгелік пен ырықсыз етістің ережелерін шығаруға әрекет етеді.
Суреттер
Толық ережесі мен жұранқтарын слайд арқылы көрсетіп, түсіндіру.
Іс-әрекеттің екінші біреу арқылы істелгенін немесе біреуге орындатқанын білдіретін етістің түрін өзгелік етіс деп атаймыз.
Не істетті? Не қылғызды? деген сұрақтарға жауап береді.
Жұрнақтары:- т, -тыр, -тір, -дыр, -дір,- қыз,- кіз,- ыр,- ір
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен көрініп тұратын етістікті ырықсыз етіс деп атаймыз. Не қылды? деген сұраққа жауап береді.
Жұрнақтары: -ыл, -іл, -л,- ын, -ін,- н
Слайд
«Есте сақта»
Өздік етіс: -ын, -ін, -н
киінді, жуынды, таранды
2. Ырықсыз етіс: -ын, -ін, -н
салынды, ілінді, тазаланды
Слайд 10
Оқулықпен жұмыс
241-жаттығу
Берілген сөйлемнен өзгелік етісті теріп жазып,морфологиялық талдау жасату.
Жаттығуды берілген 24 сөзді 4 топ алт-алтыдан бөліп алып, орындайды.
Оқулық
242-жаттығу
Берілген сөйлемнен өзгелік етсті теріп жазып, морфологиялық талдау жасату. А 3 парағына орындайды.
І топ – 4 сөйлем.
ІІ топ – 3 сөйлем
ІІІ топ – 2 сөйлем
ІҮ топ – 1 сөйлем
Маркер, плакат
Сергіту сәті
Ритмикалық бейнематериал арқылы іс-қимылды орындату.