Сабақ қалай өтті?
Сабақ басында оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Жүректен-жүрекке» тренингін жүргіздім.Мұнда оқушылардың қоладарына кішкентай бәйтерек макетін ұсынып,осы бәйтеректі бір-біріне бере отырып, әдемі жаңға жылы, сенімділікті оятатын тілек сөздерін айтты.Сабаққа деген қызығушылық оянды.
Сандар жазылған магниттерді таңдау арқылы 2 топқа бөлдім.Топтық жұмыстардың жүруі сәтті ,әрі сапалы өту үшін топтармен алтын ережені еске түсірдік. Бір оқушыны бақылаушы түрінде қойдым.Бақылаушының мақсатын түсіндіріп, бөлек отырғыздым.Екі топ өздерінің аттары мен ұрандарын таныстырды.Онымен оқушылардың топтың нәтижелі жұмысына сенімді екендерін байқалды.
«Бір қадам арттқа» стратегиясында оқушылар өткен тақырыптарды еске түсіру үшін, АКТ қолдана отырып,математикалық диктант алдым.
Тақырыпты ашу үшін мен мынадай сұрақтар қою арқылы тақырыптың мазмұнын аштым.Оң және теріс сандары бар тұрмыста қолданатын заттарды, флипчартқа салуды ұсындым.Постерді қорғау барысында топтар бір-бірінің салған заттарын қайталады.Постер қорғаған кезде сөздік қоры аз болғандықтан, біраз кідірістер болғаны байқалды.
Оң және теріс сандардың айырмашылығын тану үшін «Шыңдық және ақиқат» әдісі қолдандым.Онда оқушылар теріс сандар қай уақытта пайдаланатынын және оң сандар қай жерде, қай уақытта пайдаланатынын біліп,білімдерін көрсетті.
Әрі қарай жұмысым өнімдірек болу үшін «Сергіту сәтін» жасаттым.Оқушылар біраз тынығып алып, әрі қарай сабағымызды «Жұптас-ойлан-бөліс» әдісімен жалғастырдық.Екі топқа екі түрлі тапсырмалар берілді, бірі әр түрлі шамаларды мағынасына қарай оң немесе теріс санмен жазу көзделсе, екінші топқа сандар берілген сол сандардың оң сандарын бір жолға, теріс сандарын екінші жолға теріп жазу керек деп көрсетілген.Шағырылған есептерді топтан бір оқушы шығып, жазып, түсіндірді.Екніші топ мұқият тыңдап, дәптерлеріне жазып алды.
Әр тапсырма сайын оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы бағалап отырды. Қорытынды бөлімінде топ басшылары бағалау парағын толтырып таныстырды.
Кері байланыс кезінде мен «БҮБ» стратегиясын алдым. Оқушыларға бүгінгі сабақта не білгенін, үйренгенін, тағы да білгісі келетіндігі жайлы жазуды ұсындым. Оқушылар өз ойларын жазып, алдын ала дайындалып қойған кері байланысқа өз аттары жазылған жолға жабыстырды.
Достарыңызбен бөлісу: |