Сыныбы: 6 Пәні: математика Тақырыбы


Сабаққа таңдалған стратегия сәтті болды ма?



бет8/8
Дата19.07.2020
өлшемі56,72 Kb.
#74443
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Сабаққа таңдалған стратегия сәтті болды ма?

«Дәстүрлі» сабақтар кезінде топтық жұмыстар аз орындалғандықтан, алынған стратегиялардың ішінде «Жалған және ақиқат», «Жұптас – ойлан-бөліс», «Бағалау» сәтті өтті. Себебі оқушылар бірден оң және теріс сандарды тұрмыстағы заттарда қалай қолданылатынына дәлелдеп айта алды.Ал «Жұптас-ойлан –бөліс»стратегиясында оқушылар бірлескен жұмыс жасай отырып,тапсырманың сұралуын жасай алды.

Егер сабақты қайтадан өткізу керек болса, мен нені өзгертер едім?

Жалпы сабағым жаман өткен жоқ. «Кері байланыс» кезінде мен бірінші сабаққа «Сұрағы бар қорап» стратегиясын алуым керек еді. Мен БҮБ стратегиясын алып едім, ол оқушыларға қиындау болып кетті, себебі оқушылар әлі де болса өз ойларын еркін жеткізе алмайды екен.



Сабақта оқушылар бірдеңе үйренді ме? Егер үйренсе, ненің көмегі болды?

Оқушылар бұл сабақта постер құрып, топпен жұмыс жасауды үйренді. Оны олар өздерінің кері байланыстарында жазды. Бірақ менің ойымша бұл оқушыларға өте қиын болды.Топтық жұмыс барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі жүзеге асты. Әр оқушы өзінің ішкі уәжін оятып, топтық жұмыста бір қызмет атқаруға тырысты. Және де бір-бірімен әлеуметтік қарым- қатынас жасай отырып,өз идеяларын ортаға салуды үйренді. Осы жұмыс барысында мен оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері жүзеге асты.



Келесіде жасаймын............. және т.б.

Келесіде мен оқушылар бір-бірін бағалағаннан кейін, қойған бағасының мән –мағынасын түсіндіруді жасаймын және бағалауда «Сұрағы бар қорапты» пайдаланам.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет