Сыныбы 7-9
Тақырыбы «Білім қоржыны» білім сайысы
Мақсаты:
«Білім қоржыны» білім сайысын өткізу арқылы, оқушылардың болашақта география сабағына деген қызығушылығын арттыру, географиялық ойлауға жетелеу, сонымен қатар, сұрақты тез шеше алу қабілеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық ізденісін дамыту. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ел байлығын дұрыс бағалауға, өздігінен ізденуге үйрету, дүниетанымдарының қалыптасуын тереңдете түсуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, карта, суреттер, тәжірибе жасауға арналған құрал-жабдықтар;
Жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Кіріспе
ІІІ Негізгі бөлім
1-кезең. «Кел, танысайық!»
2-кезең. «Кім көп біледі?»
3-кезең. «Географиялық пошта»
4-кезең. «Ойлан тап»
5-кезең. «Ойлы болсаң озып көр»
6-кезең «Кім алғыр?»
IV Қорытынды бөлім Марапаттау
«Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек, білім керек қашанда
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?!» - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу;
Сайыс ережесімен таныстыру.
ІІ Кіріспе
Құрметті қонақтар, қатысушылар, оқушылар. Бүгін 5-сыныптар аралығында «Білгірлер» білім сайысы командалық жарыс түрінде өтеді.
Әділ қазылар алқасы ұпай беру арқылы оқушылардың білім дәрежесін бағалайды. Жіберілген кемшіліктерді ескертіп отырады.
Жанкүйерлер мен көрермендерді жарысқа қатысушылармен және жарыстың өту барысымен таныстыру.
1-кезең. «Кел, танысайық!»
2-кезең. «Кім көп біледі?»
3-кезең. «Географиялық пошта»
4-кезең. «Ойлан тап»
5-кезең. «Ойлы болсаң озып көр»
6-кезең «Кім алғыр?»
7-кезең. Қорытындысын шығарып, жеңген команданы марапаттау.
ІІІ Негізгі бөлім
1-кезең. «Кел, танысайық!» Әр топт бсшылары өздерінің топ атымен, ұранымен таныстырады, бұл кезеңде ұтымды таныстыруға ие болған топқа 10 ұпай беріледі.
Таныстыру.
1.«Тапқырлар» тобы
Топтың аты- Тапқырлар
Тапқырлықта көп сыр бар.
2.«Дарындылар» тобы
Дарынды, дара баламыз,
Білімге жол саламыз!
2-кезең. «Кім көп біледі!» Оқушыларға өткен тақырыптардан сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап – 10 ұпай.
«Тапқырлар» тобына сұрақ:
1. Бүкіләлемдік тартылыс Заңын ашқан ғалым? (Исаак Ньютон)
2. Табиғаттағы болатын барлық процестерді не деп атаймыз? (табиғат құбылыстары)
3. Қысымды қандай құралмен өлшейді? (барометр)
4. Судың неше күйі бар? (сұйық, катты, бу)
5. Құрлықтың жан-жағынан сумен қоршалған шағын бөлігі. (арал)
6. Материктер мер аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі (теңіз).
7. Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық орташа жай-күйі(климат).
8. Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі (масштаб).
9. Жердің серігі (ай)
10. Ең үлкен мұхит? (Тынық)
«Дарындылар» тобына сұрақ:
Дүниежүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)
2. Атмосфера қандай қабат?(ауа қабаты)
3. Диффузия латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?(таралу, ыдырау, жайылу)
4. Биологилық құбылыстарды ата? (тірі ағзалардың өсуі, көбеюі және таралуы).
5. Жердің су қабығы (гидросфера)
6. Ең жылы мұхит? (Үнді)
7. Құрлықтың теңізге, көлге сұғына кіріп тұрған, үш жағынан сумен қоршалған бөлігі (түбек)
8. Өзеннің ағып шығатын жері (бастау)
9. Материктердің ішінде орналасқан ірі көлдерді ата?(Каспий, Арал, Гудзон )
10. Температураны қандай құралмен өлшейді? (термометр)
3- кезең. «Географиялық пошта» Топбасшылардың алдына конверттер қойылады, конверттерде тапсырмалар бар. Әр топбасшы 1 конвертті таңдай отырып, ішінен шыққан тапсырмаға бойынша тәжірибе жасайды. 3 минут уақыт беріледі. Қай топбасшының тәжірибесі нақты және дұрыс болса, ол топбасшы топ қоржынына 20 ұпай қосады.
Тапсырма №1
Диффузия құбылысына тәжірибе жаса?
Ішінде суы бар ыдысқа бір тамшы сия құйып, араластырсаңыз, сия тез арада сумен араласып ыдыстағы суды лезде белгілі бір түске өзгертеді. Себебі сияның құрамындағы молекулалар ұдайы қозғалыста болатындықтан тез араласып кетеді.
Жылудың әсерінен заттың өзгеруіне тәжірибе жаса?
Май шамы (парафинді) шыны немесе қыш ыдысқа орнатып жағатын болсақ, от жылуынан парфин еріп, төмен қарай ағып қатады.
Тапсырма № 2
Қысымға тәжірибе жасап көрсет?
Пластмасса шөлмек алып оны жоғарыдан төмен қарай үш жерінен тесіп, жабысқыш лентамен желімдеп ішіне су құйыңдар. Үш тесікті бірден ашып, қайсысынан су көп ағатынын байқаңдар. Ең төменгі тесіктен су көп ағады, себебі судың салмағы жоғарыдан төмен қарай түседі.
Қоспа заттарға тәрбие жаса?
Екі бөтелкеге су құйып, біріне құм, екіншісіне тұз салыңдар да араластырыңдар. Құм суда ерімейді. Қанша оны араластырса да біраздан кейін түбіне тұнады. Бірақ, екеуін де қоспа зат деп атаймыз.
4-кезең. «Ойлан тап» Оқушылардың алдарына Қазақстан картасының қиықтары беріледі, соны құрастырулары керек. Дұрыс құрастырған топқа 10 ұпай беріледі.
5-кезең. «Ойлы болсаң озып көр» Сайыскерлер география пәніне байланыстырылған жұмбақтар шешеді, дұрыс жауап – 10ұпай.
Жұмбақтар
Күн астында көк шұбар
Одан асау жоқ шығар.
Жарытпайды ол қоныстап,
Тұра алмайсың оны ұстап. (Өзен)
Ақтан қара өтінді,
Шимайла деп бетімді. (Сынып тақтасы)
Теңізде де, түзде де,
Ондай басшы табылмас.
Бағытынан жаңылмас. (Тұсбағар)
Белгісіз өңі, нысаны,
Қанатсыз зулап ұшады.
Аяқ-қолсыз өсіпті,
Ашып-жабар есікті. (Жел)
Теңіздің ортасында
Тұруға қорқасың ба? (Арал)
Кең байтақ су, ішуге болмайды(Теңіз)
Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз)
6-кезең. «Кім алғыр?»
Ілініп тұрған шардың ішінде мұхиттарға байланысты тапсырмалар берілген. Әр топтан 1 оқушы шығып шарды жарып, ішіндегі тапсырманы картадағы әр мұхитта ілініп тұрған өз тобының аты жазылған қалташаға салады, орнына келіп отырғаннан кейін келесі оқушы шығады. Ойын ілініп тұрған шарлар біткенше жалғаса береді. Шар біткеннен кейін әр топтың қалташасындағы тапсырмалар тексеріледі. Ұпай саны – 10.
1. Жер шарындағы ең үлкен; әрі ең терең мұхит. (ТЫНЫҚ)
2. 1520-1521 жылдары дүние жүзін айналу саяхаты кезінде Тынық мұхитын алғаш рет жүзіп өткен ғалым: Ф. Магеллан.
3. Бұл мұхитта ірі аралдар көп, тағы бір ерекшелігі басқа мұхиттарға қарағанда ең шағыны және таяз болып келеді. (Солтүстік мұзды мұхиты)
4. Ең жылы әрі ең тұзды мұхит (Үнді мұхиты)
5. Ең терең жері Мариан шұңғымасы? (ТЫНЫҚ)
6. Солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлы аймаққа дейін созылыңқы және аса маңызды кеме жолдары өтеді. (Атлант. )
7. Ең терең жері Зонд шұңғымасы? (Үнді)
8. Обь, Енисей, Лена өзендері қай мұхитқа құяды? (Солт. Мұзды мұхиты)
9. Ең терең жері Пуэрто-Рико (Атлант)
10. Оңтүстік жарты шарда орналасқан мұхит? (Үнді)
IV Қорытынды бөлім Бағалау
Әділқазылар алқасына сөз. Марапаттау.
«Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді
География сырына», - дей отырып, сайысымды аяқтаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Жаратылыстану»: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық / Б. Әбдіманапов, А. Прищепина, Л.Фокина, А. Әбілғазиев.) Алматы «Атамұра» баспасы 2010 ж
«География және табиғат» журналы (№ 4), (№ 8) Алматы 2010ж
«География және табиғат» журналы (№ 1), (№ 6) Алматы 2008ж
Полулх Л.Н. Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік географиясы. Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер. 9 сынып. ˗ Алматы: «8&8», 2010.
«География анықтамалығы» Алматы 2010ж
Достарыңызбен бөлісу: |