Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы



бет17/18
Дата31.07.2017
өлшемі2,68 Mb.
#22336
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Жаңа сабақты бекіту:

1. Әр аймақтағы жетекші елдерді атаңдар, олар басқа елдерден қандай белгілермен ерекшеленеді?

2. Нигерия қандай ел, халқы қандай кәсіппен шұғылданады?

3. Шығыс Африка елдерінің табиғаты қандай?



4. Оңтүстік Африка Республикасы туралы не білесіңдер?

Қорытынды: Оңтүстік Африка Республикасындағы қорғауға алынған жерлерде сақталып қалған. Елдегі ең ірі Крюгер ұлттық паркінде матеиктегі жануарлардың барлығы дерлік жинақталған. Ұлттық парктерді туристер арнаулы жабдықталған көліктермен жүріп аралайды.

Үйге тапсырма: §52-оқу. Кескін картаға түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Оңтүстік Африка мен Африка. Сарамандық жұмыс №4

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, екі мемлекеттің құрылысы туралы білімдерін тексеру

2.Дамытушылық: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейту, өз қабілеттерін ашуға ұмтылдыру, картамен дұрыс шапшаң жұмыс жасауға дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Оқыту әдісі: Іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оңтүстік Американың, Африка материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Солтүстік Америка мен Африка материгімен салыстыра келе ауданы жөнінен 24,2 млн км². Жерінің көлемі жөнінен (Еуразия, Африкадан дан кейінгі) 3-орында. Ең биік нүктесі Кордильер тауындағы Мак-Кинли шыңы – 6193 м. Солтүстік Американың құрамына кіретін Гренландия аралы және территориясы Данияға тиесілі. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен жері Өлім аңғары – 86 км. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі Аппалач тауындағы ұзындығы 500 км дейін жететін Флинт-Мамонт үңгірі. Д.ж. ең үлкен тау мұздығы Аляска жотасындағы Хабборд мұздығы. Солтүстік Америкадағы және әлемдегі ең үлкен акньон – Каларада өзеніндегі үлкен каньоны тау жүйесінде орналасқан. Солтүстік американың ең ыстық жері-Өлім аңғары +57ºС, ең суық жері-Гренландия аралы -70ºС. Солтүстік Америкадағы Еуразиядан бөліп тұрған бұғазы Беринг, ал сонымен қатар 2 мұхит суын Солтүстік Мұзды мен Тынық мұхит суларын жалғастырады. Материкті 1492 ж Х.Колумб ашқан. ХV ғасырда Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегін итальяндық Джон Кобот ашты. 1741 ж орыс саяхатшылары Витус Беринг пен Алексей Чириков Аляска жағалауларын зерттеді. Солтүстік Америкада жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі Үлкен Тұзды көл орналасқан. Ұлы көлдер жүйелеріне кіретін өзендер Онтарио, Эри, Жоғарғы көл, Гурон, Мичиган. Д.ж. ең ірі Йеллоустоун ұлттық саябағы орналасқан.Саябақта гейзерлер мен тасқа айналған ағаштар қорғалады.

Африканың жер көлемі 30,3 млн км². Теңіз деңгейінен ең биік нүктесі Килиманжаро тауы 5895 м. Африканың жанартаулары жиі орналасқан. Ең биік нүктесі Ассам көлінің деңгейі 153 м (Джибути). Д.ж. және Африкадағы ең ұзын Ніл өзені. Кагера саласымен 6671 км. Африканың жағалауынан 2 мұхит суы Үнді, Атлант шайып жатыр. Африканың жауын-шашын көп түсетін жері Гвинея шығанағы. Африканың суы мол өзені-Конго өзені. Ауданы жөнінен ең үлкен көл-Виктория 69985 км. Ең терең көл – Таньганика 1470 м. Ең үлкен арал Мадагаскар 5870000 км². Ең биік сөнбеген жанартау Камерун 4100 м. Ең биік сарқырамасы Тугела 948 м. Оңтүстік Африка ОАР аумағында. Африкадағы ең үлкен ұлттық саябақ Крюгер орналасқан. Ең үлкен тропиктік шөл – Сахара 7000000 км². Д.ж. Африкадағы ең ірі жануар-Африка пілі.Африканы Еуразиямен Гибралтар бұғазы бөліп жатыр. Африка Еуразия материгімен Суец мойнағы арқылы жалғасқан.1497-1499 ж аралығында португал саяхатшысы Васко да Гамма экспедициясы Африкадағы айналымнан өтіп, Сомали түбегі арқылы Үндістанға барар жолды тауып, жолда Әулие Надежда мүйісін ашқан. Давид Ливинстон 1855 ж Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасын ашты. Генри Сиэтли Конго өзенінің бойындағы сарқырамаларды ашып, Африка көлдерін зерттеді. Африка материгінде қара нәсіл өкілдері тараған. ОАР – алмаз бен алтынның қоры жөнінен 1-орын алады.

Қорытынды: Африка жер шарындағы ең ыстық материк. Биосфераның «Алтын қоры» деп аталатын ерекше тізімге енген Африкадағы географиялық нысандар Сахара мен Мадагаскар аралы.

Үйге тапсырма: Кескін картамен жұмыс, қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға Аустралия материгімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята отырып, картамен жұмысты жандандыру, танымдық белсенділігін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушылар басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін сүюге, құрметтеуге, табиғатты аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Аустралияның физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең кіші материк. Оның ауданы маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн км². Материк атауының өзі латыншадан аударғанда «оңтүстік» деген мағына береді. Өйткені Аустралия түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, оңтүстік тропик шеңбері оны дәл ортасынан кесіп өтеді. Ауданының кіші болуына қарамастан, материк табиғатының өзіндік ерекшеліктері бар:

  • Аустралия – Жер шарындағы ең аласа материк, орташа биіктігі – 215 м.

  • Аустралия – сөнбеген жанартаулары жоқ бірден-бір материк.

  • Аустралия - Жер шарындағы ең құрғақ материк: оның 2/3 бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр.

  • Материктің басқа құрлықтардан ертерек бөлініп қалуына байланысты мұнда алғашқы сүт қоректілер (жұмыртқа салушылар мен қалталылар) мен биік ағаштар эвкалипттер (биіктігі 100 м-ден асады) сақталып қалған

  • Материк жағалауындағы ұзындығы 2300 км, ені 2 км-ден 150 км-ге дейін жететін Жер шарындағы ең ірі маржандық құрылым – Үлкен Тосқауыл рифі орналасқан.

  • Аустралия материгінің жерін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр.

  • Материктің теңіз деңгейінен ең биік орналасқан нүктесі – Үлкен Суайрық жотасының оңтүстігіндегі биіктігі 2228 м Косцюшко тауы, теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Эйр көлінің деңгейі (-16м).

Географиялық орны. Аустралия оңтүстік жарты шардың басқа материктерінен оқшау орналасқан. Тек солтүстігінде Азияның аралдарымен жалғасады. Материктің жағалауындағы нашар тілімденген, материктің оңтүстік-шығысында ғана бірнеше қолайлы қойнаулар кездеседі. Аустралия жағалауларын Тынық және Үнді мұхиттарының жылы сулары шайып жатыр. Мұхиттағы судың беткі температурасы жазда +28ºС-қа жетсе, қыста +20ºС-тан төмен түспейді. Сондықтан материк жағалауларын бойлай, әр түрлі пішіндегі маржандық құрылымдар көптеп кездеседі. Толысу кезінде ғана кемелер олардың арасымен ашық мұхитқа шыға алады. Аустралияны жан-жағынан мұхит сулары шайып жатқанымен , оның көпшілік бөлігіне жауын-шашын өте аз түседі. Бұл жағалау бойымен суық ағыстардың өтуімен және материктің оңтүстік тропик үстіндегі орнымен байланысты. Ал жылы ағыстар өтетін солтүстік және шығыс жағалауларында ылғал біршама мол түседі.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Аустралияның жер бедері онша күрделі емес. Африкадағы тәрізді, материктің негізгі бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Тек шығыстағы Үлкен Суайрық жотасына сәйкес келетін бөлікке ғана палеозойлық қатпарлық құрылым тән болады. Көршілес орналасқан Тынық мұхит литосфералық плитасындағы қозғалыстарға байланысты материк бірнеше рет тұтастай көтерілді және төмен түсіп, майысуларға ұшырады. Соның әсерінен одан Жаңа Гвинея аралының Оңтүстігін құрайтын бөлік пен Тасман аралы бөлініп, бұғаздар мен шығанақтар жүйесі қалыптасты.

Платформа фундаментін құрайтын кристалды жыныстар оның батысы мен орталық бөлігінде жер бетіне шығып жатыр. Мұнда орташа биіктігі 400-600 м-лік аласа таулы үстірттер мен жекелеген күмбезді таулар таралған. Таулардың кейбір бөліктерінің биіктігі 1000-1500 м-га жетеді. Құрғақ климат жағдайында жүретін физикалық үгілу әсерінен тауларда сан алуан таңғажайып пішіндер қалыптасқан. Тау етектерін қиыршық тастар мен құмды жалдар көмкеріп жатыр. Платформаның шеткі және қатпарлы құрылымдарымен шектескен бөліктеріне ойпаттар сәйкес келеді.

Аустралия материгі пайдалы қазбаларға бай. Олардың қалыптасу жағдайлары мен құрамы Оңтүстік Африкаға ұқсас келеді. Материк алтын, алюминий, мыс, никель, марганец, темір мен уран, цирконий (алмастың түрі) кендеріне бай. Аустралияның оңтүстік-шығысында тас көмірдің ірі кен орындары шоғырланған. Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар.



Жаңа сабақты бекіту:

  1. Аустралия географиялық орны жағынан Африканың қандай бөлігіне ұқсас болып келеді?

  2. «Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері» тақырыбы бойынша Аустралияның зерттелу тарихындағы маңызды оқиғаларды еске түсіріңдер.

  3. Аустралияның жер бедері қандай, оны Африканың жер бедерімен салыстырыңдар.

  4. Физикалық картаны пайдалана отырып, материкте кең таралған пайдаоы қазбаларды атаңдар.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Аустралия және мұхит аралдарын, географиялық орнын және жер бедері мен пайдалы қазбаларын айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §53-оқуға. Кескін картаға Аустралия орталығын салып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты. Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға климат пен өзен көлдермен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Аустралия материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі.

Материктің оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24ºС, +28ºС шамасында, ал ең жоғарғы температура (+52,8ºС) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12ºС-тан +24ºС аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20ºС-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да әсер етеді.

Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлық, тропиктік, субторпиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.

Өзендері мен көлдері. Климатының құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары – криктер тән болады. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін аз ғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойына суы мол болатын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасған. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі – Эйр көлі.

Жаңа сабақты бекіту:


  1. Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.

  3. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?

  4. Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

Қорытынды: Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Үйге тапсырма: §54-оқуға. Кескін картаға климаты мен өзен көлдерін түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Табиғат зоналары картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді.Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеде бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер (эвкалипт, казуарина) мен жануарлар (кенгуру, үйректұмсық, ехидна) тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75 %-ы, ал жануарлардың 90%-дайы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер (бөтелке ағашы, саяхатшылар ағашы, араукария, ағаш тәрізді папортник, акацияның кейбір түрлері) де бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм-ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі кездеседі. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мөлшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл-қоңыр топырақты ылғалды саваннасы таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардың орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгіндеген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20º о.е. дейінгі бөлікте таралған. Оңтүстікке қарай қызғылт-сары ферралитті топырақтағы ылғалды субторпиктік ормандарға ауысады.



Жаңа сабақты бекіту:

  1. Аустралия материгіне қандай табиғат зоналары тән?

  2. Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен қандай басты айырмашылықтары бар?

  3. Скрэб дегеніміз не? Ол қай табиғат зонасына тән болады?

  4. Материк табиғатына кері әсерін тигізетін қандай жағдайларды білесіңдер?

Қорытынды: Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Аустралия Одағының мемлекеттік ел таңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнелеген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Үйге тапсырма: §55 оқуға. Кескін картаға табиғат зоналарын түсіріп келу. Қосымша материалдар жинау.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Аустралия Одағы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Аустралия Одағымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Аустралия Одағының физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасман аралын бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша д.ж-де 6-шы орында тұрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. Қазіргі кезде халқының саны 18 млн адамнан асады. Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалауындағы ірі қалаларда тұрады. Елдегі қала халқының үлесі 86%-ға жетеді.

Материктің байырғы халқы аборигендер метистермен қоса есептегеннің өзінде халықтың 1%-ын ғана құрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің санының өзі байырғы халықтан әлдеқайда көп.

Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардың ұрпақтарынан материктің келімсек халқы – Аустралиялық ағылшындар қалыптасты. Олар аборигендерді шығыстағы жайлы жерлерден біртіндеп ығыстырып, орталықтағы шөл мен шөлейт жерлердегі резервацияларға көшірген. Кейбір жекелеген тайпалар әлі де өздерінің қалыптасқан өмір салтын сақтап қалған.



Аустралия Одағы – шаруашылығы дамыған ел. Материктегі алуан түрлі пайдалы қазбалар негізінде алдымен тау-кен өнеркәсібі қалыптасып, дамыған. Соңғы кезде машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібінің салалары қарқынды өркендеуде. Елде ағаш сүрегін дайындап, өңдеу де жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да жоғары деңгейге көтерілуде. Еуропалықтар өздері басып алған жақсы жерлерді жергілікті табиғат жағдайларына бейімдеп, қой шаруашылығын барынша дамытқан.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. «Абориген» ұғымы қайдан шыққан?

  2. Аустралияның қазіргі халқы қалай қалыптасқан?

  3. Материкте неге халық сирек қоныстанған?

  4. Еуропалықтар материкке сырттан қандай өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін әкелген?

  5. Елдің шаруашылығы табиғат жағдайларына қалай бейімделген? Оған нақты мысалдар келтіріңдер.

Қорытынды: Қорытындылай келе, қазіргі кезде Аустралия меринос қойларының саны жөнінен д.ж-де 1-орын алады. Елдің ылғал мол түсетін оңтүстік шығыс және оңтүстік-батыс аудандарында бидай егіледі. Жағалық жазықтарда ананас, банан, қант құрағы, ірі қалалардың маңындағы суармалы жерлерде бау-бақша өсіріледі.

Үйге тапсырма: §56-оқуға. Кескін картаға Аустралия Одағын түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Тынық мұхиты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Тынық мұхитымен таныстыру, оның ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Тынық мұхит – д.ж-гі ең үлкен және ежелгі мұхит. Тынық мұхит тек үлкендігімен ғана емес, мұхит табанындағы жер қыртысының өте күрделілігімен, жиі қозғалғыштығымен, өте тереңдігімен, жанартау атқылау мен жер сілкіну құбылыстарының жиі байқалуымен, суында жылу қорының мол болуымен, аралдардың көптігімен, тіршілік дүниесінің алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

Географиялық орны. Тынық мұхиттың негізгі бөлігі батыс жарты шарда, экватордың екі жағын ала орналасқан. Ол Африкадан басқа материктің барлығын шайып жатыр. Мұхиттың әсіресе Еуразия материгін шайып жатқан бөлігінде жағалау өте күшті тілімденген: мұнда жағалық теңіздер мен ірілі-ұсақты шығанақтар, бұғаздар өте көп. Олардың көпшілігі материктік қайраңда орналасқандықтан онша терең емес. Ал кейбір теңіздер литосфералық плиталардың жымдасу аймағында орналасқандықтан өте терең және мұхиттан аралдық доғалар арқылы бөлініп жатыр.

Зерттелуі. Тынық мұхит табиғатын нақты, ғылыми тұрғыдан зерттеу тек екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Экспедициялар негізінен Дүниежүзілік мұхит мен материк арасындағы өзара байланыстарды зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.

1957 жылы Ресейдің «Витязь» ғылыми-зерттеу кемесі Тынық мұхитта зерттеулер жүргізіп, оның ең терең бөлігі – Мариана шұңғымасын ашты. Қазіргі кезде Тынық мұхит табиғатын зерттеу арнайы құрылған халықаралық ұйымның басшылығымен жүргізілуде.

Табиғаты. Тынық мұхит ең ежелгі мұхит, ол түгелдей дерлік Тынық мұхит литосфералық плитасында орналасқан. Мұхиттық плитаның көршілес жатқан материктік плиталармен жымдасқан жері мұхит табанының өтпелі аймақтарына сәйкес келеді.

Мұхиттағы пасаттар басым болатын экватор бойында жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем болмайды. Тынық мұхиттың солтүстік-батысындағы Еуразия жағалауында муссондық циркуляция күшті байқалады. Жазғы муссон материк жағалауы мен аралдарға мұхиттан мол ылғал әкелсе, қыста материктен соғатын суық, әрі құрғақ муссон қоңыржай белдеудегі жағалық теңіздердің ұзақ уақыт қатып жатуына себепші болады. Ал сол ендіктердегі ашық мұхитта судың беткі температурасы әлдеқайда жоғары болады. Осы жағалаудағы тропиктік белдеуде жаздың аяғы мен күздің басында қысым айырмашылығы әсерінен қалыптасатын тайфундар байқалады. Ал қоңыржай белдеулерде жылдың салқын мезгілінде батыс желдерінің ықпалы күшейеді.

Тынық мұхиттың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өте бай және алуан түрлі болып келеді. Олардың басқа мұхиттардағы тіршілік дүниесінен басты айырмашылығы – өте ежелгі және алып түрлердің көптеп кездесуі. Бұл ерекшеліктер мұхит суының көлеміне, табиғат жағдайларының алуан түрлілігіне байланысты. Тынық мұхитта басқа мұхиттарда кездеспейтін балықтарлың өте ежелгі түрлері, теңіз кірпілері, семсерқұйрық, теңіз мысығы, теңіз құндызы, теңіз қабыланы сақталып қалған. Өте бағалы албырт балық түрлерінің 95%-ы Тынық мұхиттың Еуразия жағалауында тіршілік етеді. Осы маңда суық және жылы сулар араласатындықтан минтай, камбала, майшабақ, таңқышаяндар көп ауланады, жалпы тіршілік дүниесіне өте бай.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет