Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы



бет12/18
Дата31.07.2017
өлшемі2,68 Mb.
#22336
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Солтүстік Америка – өзіміз тұратын Еуразиямен бірге солтүстік жарты шарда орналасқан материк. Үлкендігі жөнінен Еуразия мен Африкадан кейінгі 3-ші орынды алады, жерінің ауданы 24,2 млн.км².

Табиғатының мынадай басты ерекшеліктері бар:



  • Д.ж-гі аса ұзын әрі енді тау жүйесі – Кордильера, оның ұзындығы 9000 км-ге жуық ең енді бөлігі 1600 км-ге тең.

  • Д.ж-гі ең үлкен арал – Гренландия аралы Солтүстік Америка материгінің құрамына енеді, оның ауданы 2 млн.176 мың км.

  • Д.ж-гі ең үлкен әрі терең Колорадо каньонының тереңдігі 1600м, ұзындығы 446 км, ені 25 км-ге дейін жетеді.

  • Д.ж-гі ең ұзын жер асты үңгірі – Флинт-Мамонт Аппалач тауының оңтүстік шығысында орналасқан, оның ұзындығы 500 км.

  • Д.ж-гі ең үлкен тау мұздығы – Аляска жотасында орналасқан Хабборт мұздығы, оның ұз.145 км.

  • Д.ж-лік мұхиттағы биіктігі 18 м-ге жететін ең биік толысу толқындары материктің шығысындағы Фанди шығанағында байқалады.

  • Д.ж-гі ең биік ағаш-биіктігі 100 м-ден астам мәңгі жасыл секвоя материктің Тынық мұхит жағалауында өседі.

  • Солтүстік Америкадағы ең суық жер – Гренландия аралының орталығы, мұнда -70ºС тіркелген.

  • Материктің теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі – Өлім аңғары, ол теңіз деңгейінен 86 метр төмен жатыр.

  • Материктегі ең ыстық жер – Өлім аңғары (+57С) бұл солтүстік жарты шар материгінде байқалатын ең жоғары температура.

  • Материктегі жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Кордильераның солтүстік батыс жағалауы, мұнда 6000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

  • Солтүстік Америкадағы жылдық жауын-шашынның ең аз жауатын жері – Калифорния шығанағының солүстігі мен Үлкен Алап, мұнда жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм-ден кем.

1492 жылы Х.Колумб бастаған испан экспедициясының материктің оңтүстік жағалауын ашқан. Мексика жерін басып алумен аяқталды. Ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон (ХVІІ ғасыр) Александер Макези (ХVІІ ғасыр) материктің солтүстік және шығыс жағалауларындағы көптеген жаңа жерлерді ашты.

1741 жылы Витус Беринг пен Алексей Чириков екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап жүзіп, Аляска жағалауын зерттеді.

Жаңа сабақты бекіту:

1.

Жалпы жер көлемі -...




1.

100 м-ден аса

2.

Ең ұзын көлі - ...




2.

Миссисипи

3.

Дүние жүзіндегі ең биік ағаштың биіктігі-...




3.

Гренландия аралы

4.

Су жинау алабы жағынан ең үлкен өзен-...




4.

24,2 млн км²

5.

Материктің ең ыстық жері-...




5.

Хаббаорд мұздығы

6.

Ең суық жері-...




6.

Гренландия аралы

7.

Дүние жүзіндегі ең үлкен тау мұздығы-...




7.

Жоғарғы көл

8.

Ең үлкен аралы-...




8.

Өлім аңғары

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Солтүстік Америка материгінің географиялық орны мен ашылуы және зерттелу тарихымен таныстық. Оқушылардың осы сабақтан алған білімін жетілдіру мақсатында сәйкестендіру кестесін қолдандым.

Үйге тапсырма: §29 – оқу. Кескін картаға Солтүстік Америка материгін түсіру.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбаларымен таныстыру, олардың маңызына, ерекшеліктеріне тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін, сауаттылығын арттыру арқылы талдау жүргізіп дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттердің жерімен таныстыра отырып, алатын орнына баға беру арқылы өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Солтүстік Американың физикалық картасы , атлас карта, оқулық, суреттер, карточкалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Солтүстік Американың жер бедерінде жазықтар басым, таулар материктің 1/3 бөлігін алып жатыр. Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан. Платформаның солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып, төмен түскен. Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты. Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып, қалың шөгінді жыныстармен жабылған Орталық жазыққа, одан Миссисипи ойпаты мен Мексика шығанағының жағалау жазықтарына ұласады. Платформаның батыс бөлігінде Кордильераға қарай баспалдақ тәрізді біртіндеп биіктейді, кең алқапты Ұлы жазық алып жатыр.

Ірі қазаншұңқырларды алып жатқан мұздық-тектоникалық көлдер жүйесі бір-бірімен қысқа өзендер жүйесімен жалғасып жатыр. Орталық жазық түгелімен мұздықтар өңдеп, тасымалдаған жыныстар – монералармен жабылған. Миссисипи ойпатын өзен тасымалдап әкелген жыныстар жауып жатыр. Материк жағалауындағы жазықтар теңіздік шөгінділерден түзілген.

Платформаның солтүстігі мен шығысында палеозойлық аласа және орташа биіктіктегі таулар орналасқан, оларға Канаданың Арктикалық архипелагының солтүстігі мен Гренландия аралының шығысындағы және Аппалач таулары жатады.

Материктің батыс бөлігін бойлай Жер шарындағы ұзын тау жүйесі болып есептелетін Кордильера тау жүйесі созылып жатыр. Кордильера испан тілінен аударғанда «тау жотасы, тау тізбегі» деген мағынаны білдіреді. Себебі Кордильера бір-бірімен жалғасқан тау жоталарының бірнеше қатар тізбектерінен тұрады. Мұндағы үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары сьерралар деп аталады. «Сьерра» испан тілінен аударғанда «ара» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Сьерра-Невада, Сьерра-Мадре жатоларындағы қатар тізіле орналасқан шыңдар ара тістеріне ұқсайды. Кейбір тау тізбектерінің аралығын өте көлемді, кең алқапты қамтитын көтеріңкі жазықтар мен үстірттер алып жатыр.

Кордильераның ішкі бөліктерінде жанартаулар атқылауынан түзілген Йеллоустон үстірті орналасқан. Мұнда 3000-нан астам гейзерлер мен ыстық бұлақтар бар.



Солтүстік Американың ең биік нүктесі (Мак-Кинли, 6193 м)оның солтүстігінде орналасқан, мұндағы тауларды қалың мұз басып жатыр.

Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материктің солтүстігіндегі жазықтарда металдардың (темір, мыс, никель және т.б.) кен орындары кең таралған. Орталық жазық пен Ұлы жазықтың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмір көп. Кордильера тау жүйесінің қойнауы шөгінді жолмен қалыптасқан мұнай, газ, тас көмірмен қатар, магмалық жолмен түзілген түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келеді. ХІХ ғасырда Кордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды. Мол алтынға кенеліп, тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды. 1849 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған, жер кейіннен «Өлім аңғары» деген атқа ие болды. Тарихта бұл кезең «алтын дүрбелең» деп аталады.

Жаңа сабақты бекіту:








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет