Сыныбы: 7 Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы Тақырыбы



бет15/18
Дата31.07.2017
өлшемі2,68 Mb.
#22336
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оңтүстік Америка өзендері қандай алаптарға бөлінеді?

  2. Материктің мол сулы, ірі өзендерін атаңдар, олар қайда құяды?

  3. Амазонканың жыл бойы сулы болуын немен түсіндіруге болады?

  4. Амазонка өзенінде қандай тіршілік өкілдері кездеседі?

  5. Титикака қандай көл қатарына жатады?

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері туралы айтып түсіндірдім.

Үйге тапсырма: §40-оқу, кескін картаға Оңтүстік Американың өзендері мен көлдерін түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Табиғат зоналары.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға алған білімін тиянақтап, есте сақтау, тапқырлықпен толық толық тақырыппен таныстыру.

2.Дамытушылық: Оқушыларға танымдық қабілеттерін қалыптастыру, алған білімдерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды белсенді іс-әрекет жасауға, білім алуға, іскерлікке, ізгілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандарт (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар, субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы.

Экватордың екі жағын Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары (гилея) алып ижатыр. Олар түр құрамы онша өзгермей-ақ солтүстік пен оңтүстікке қарай ауыспалы ылғалды ормандарға ұласады. Мұндағы қызыл-сары ферролитті топырақтарда тек қана ағаштардың екі мыңнан астам түрі өседі. сондықтан бұл аймақты ғаламшардың «өкпесі» деп те атайды. Ал жергілікті халық ит тұмсығы батпайтын бұл қалың орманды «сельвас» дейді. Ағаштардың аса бағалы түлеріне табиғи каучук алынатын гевея, ең жеңіл бальс ағакшы, дәрілік шикізат беретін хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы және т.б. жатады.

Жануарлар дүниесі шағын денелі бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибарадан және т.б. тұрады, ал жыртқыштардан ягуар, пума кездеседі. Ормандарда қауырсындары алуан түске құбылатын тотықұстар мен туканлдар, гаоциндер, әлемдегі ең кішкентай тқұс – колибри мекендейді. Ұзындығы 12 м-ге жететін әлемдегі ең ұзын жылан – анаконда да кездеседі.

Ауыспалы ылғалды ормандар Атлант мұхитының әсері күшті болатын Бразилияның шығыс жағалауында да таралған. Бұл ормандардың ерекшелігі мұнда қылқан жапырақты араукария ағашы және парагвай шайы өседі. Араукария ормандары кесудің нәтижесінде жойылу алдында тұр.

Саванналар мен сирек ормандар материкте Ориноко саваннасы –льянос және Бразилия саваннасы – кампос деп ажыратыладжы. Топырақ жамылғысы ферролитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.

Солтүстік жарты шар сававннасы –льяноста пальмалар мен акация, биік шөптесін өсімдіктерн таралған. Оңтүстік жарты шар саваннасы- кампоста ағаштар аз, көбінесе тікенекті кактус, мимоза, суттіген бұталары өседі. Әр жерде бөтелке тәріздес діңіне су жиналатын бөтелке ағаштары кездеседі. Алуан түрлі ағаш тәріздес кактустар өсетін Мексика таулы қыратын «кактутың екінші отаны» деп атайды.

Жануарлар дүниесінен пекари, ернгежейлі, бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрлері, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы кездеседі. Топырағы құнарлы болғандықтан саванна мен сирек орман зонасы какао мен Африкадан әкелініп жерсіндірілген кофе ағашы өсірілетін плантацияларға айналдырылған.

Субтропиктік дала зонасы Ла-Плата жазығын алып жатыр. Құнарлы шымды қызғылт топырақта таралған бұл зонаны жергілікті халық пампа депе атайды. Ол «жазық дала» деген ұғымды білдіреді. Жазы ыстық, қыста оңтүстіктен ауа температурасын төмендететін желдер соғып тұрады. Зона бойыенша жылдық жауын-шашынның мөлшері әркелкі таралады. Жаңбыр жыл бойы жауатын шығыс бөлікте биік әрі бітік астық тұқымдас пампа шөбі, қоңырбас өседі. Жануарлардан кішігірім пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер өте көп. Өзен жағаларында теңіз шошқасы мен тернісі бағалы саз құндызы мекендейді. Құнарлы қызғылт-қара топырақ алып жатқан Пампа жері түгелге жуық жыртылып, материктегі аса ірі егіншілік жақсы дамыған аудандарына айналған. Ал құрғақ далалар жайылым ретінде пайдаланылады. Табиғи өсімдіктері мен жануарлар дүниесі қорықтарда ғана сақталып қалған.

Шөлейт зонасы материктің қиыр оңтүстігінде Патагония жерін қамтиды. Қоңыржай континенттік климат жағдайында шөлейттің сұр және қоңыр топырақтары таралған. Мұнда сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар алмасып отырады. Кейбір бөліктерінде аласа және қатты, жатаған жастық тәріздес өсімдіктер тығыз өсіп, киіздей тұтасқан жамылғысы құрайды. Климатының қолайсыздығына байланысты нашар игерілген бұл зонада жануарлар дүниесі біршама жақсы дамыған. Сауыттылардың бірнеше түрі кемірушілермен қатар, пампа бұғысы мен пампа мысығы , магеллан түлкісі және ірі құстар мекендейді. Ірі жануарлар гуанако ламасы мен пума кездеседі.

Материктің Тынық мұхит жағалауындағы жіңішек алқапта, экавтор маңында ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы орналасса, экватордан 30º о.е.дейінгі аралықты тропиктік шөл зонасы, субтропиктік жағалық бөлікті қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы, ал қоңыржай белдеуге сәйкес келетін жағалық бөлікті оңтүстк жалпақ жапырақты ормандар зонасы алып жатыр.

Анд тауларының жанартаулар дүниесі ендемиктерге бай. Анд тауларының барлық бөлігінде дерлік түйе тұқымдасына жататын ламаның екі жабайы түрі- викунья және гуанако мекндейді. Қазіргі кезде жергілікті халық ламаның екі түрін – альпака мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

Анд тауларында тау тапиры, көзілдірікті аю, пума, терісі өте бағалы кеміргіш- шиншилла таралған. Ал аса ірі жыртқыш құс- кондор мен ламаны Анд тауының символы деуге болады. Кондордың салмағы 9-12 кг, ал қанаты жайылғандағы ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Таудың оңтүстігінде магеллан пингвині кездеседі.

Жаңа сабақты бекіту:


  1. Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?

  2. «Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.

  3. Анд тауларындағы биіктік белдеулердің таралуы географиялық ендік пен климаттық жағдайға тәуелді екендігін оқулық мәтіні мен 58-суретті салыстыра отырып, дәлелдеңдер.

  4. Неге Орталық Андының батыс беткейінде орман белдеулері жоқ.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың жалпы табиғат зоналарының түрлерімен таныстырдым.

Үйге тапсырма: §41-42-оқу. Кескін картаға табиғат зоналарын салып келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Халқы мен елдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Оңтүстік Американың халқымен таныстырып, алған білімдерін жинақтап, таным деңгейін арттыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, ой-өрісін, сауаттылықтарын арттыру арқылы пәнге деген қызығушылығын ояту, шығармашылықпен жұмыс істеуді дамыту.

3. Тәрбиелік: Өз елін, Отанын, елін, жерін сүюге оны құрметтеуге, өз еліндегі ұлт өкілдерін тануға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Оңтүстік Американың картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Халқы. Оңтүстік Америка материгінде қазіргі кезде 320 млн-нан астам халық тұрады. Олар қалыптасуы мен нәсілдік, ұлттық құрамы жағынан алуан түрлі халықтардың жиынтығынан құралған. Материкке адамдар алғаш рет бұдан 15-17 мың жыл бұрын Панама мойнағы арқылы Солтүстік Америкадан қоныс аударған. Сондай-ақ адамдар Африка мен Мұхит аралдарынан да келді деген болжам бар.

Оңтүстік Американың байырғы халқы болып есептелетін үндістер материктің қазіргі халқының 10%-ын ғана құрайды. Х.Колумб Америка дүние бөлігін ашқанға дейін үндістер рулық-тайпалық қоғамдық құрылыста өмір кешіп аңшылықпен, балық аулаумен айналысқан.

Еуропалықтардың жергілікті үндістермен некелерінен тараған ұрпақтар-метистер қазіргі кезде Оңтүстік Американың Анд елдерінің негізгі халқын құрайды. XVI ғасырдан бастап Африкадан 300 жыл бойы материктегі кеніштер мен плантацияларда жұмыс істеу үшін миллиондаған құл – негрлер әкелінді. Олардың еуропалықтармен некелесуі нәтижесінде мулаттар, ал үндістермен некелесуінен самбо қалыптасты. Негр мен мулаттар Оңтүстік Американың солтүстігі мен шығысында тұрады. ХІХ ғасырды Испания мен Португалиядан келгендер материктің оңтүстік-шығысына көбірек қоныс аударған. Олардың ұрпақтары өздерін креолдар деп атайды. Оңтүстік Америка халқының көпшілігі латын тілдеріне жататын испан және португал тілдерінде сөйлейді. Сондықтан материкті Орталық Америкамен бірге Латын Америкасы деп атайды.

Оңтүстік Америка-дүние жүзіндегі халқы аз қоныстанған материктердің бірі. Бұл материкте тұрғындар саны 1 млн-нан асатын 20-дан аса миллионер –қалалар бар.



Елдері. ХІХ ғасырдың басында құл иеленушілік жойылғаннан кейін, Еуропа елдері өз иелігіндегі жерлерге азаттық беруге мәжбүр болды. Қазіргі мемлекеттердің шекараларының қалыптасуы ХХ ғасырда ғана аяқталды. Табиғат жағдайларына байланысты материк Анд елдері мен Шығыстағы жазық елдеріне айқын ажыратылады.

Анд елдері қатарына Колумбия, Эквадор, Перу, Боливия, Чили жатады.

Шығыстағы жазық елдеріне Венесуэла, Гайана, Суринам, Бразилия, Парагвай, Аргентина және Франция иелігіндегі Француз Гвианасы жатады.

Бразилия жерінің ауданы мен халық саны жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі бес елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік құрылымы штаттан тұратын федерациялық республика.

Халықтың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Құрғақ саванналар мен пампада ірі қара көп өсіріледі. Плантацияларда кофе, какао, қант құрағы, күріш, соя, банан, апельсин өсіріледі, олардың кейбіреуін өндіру жөнінде дүние жүзінде алдыңғы орындарды алады.

Жаңа сабақты бекіту:


  1. Оңтүстік Америка халқының нәсілдік және ұлттық құрамы қандай? Олар қалай қалыптасқан?

  2. Материктегі ежелгі өркениет орталықтарын атаңдар.

  3. Оңтүстік Америка елдері қандай аймақтарға топтастырылады?

Қорытынды: Бразилия халқының нәсілдік және ұлттық құрамы күрделі. Үндістер мен метистердің көпшілігі елдің солтүстігі мен батысында тұрады. Саны жағынан еуропалықтар басым. Сонымен қатар мулаттар мен негрлер де көп тұрады. Ел халқы жыл сайын 3 млн адамға көбейіп отырады. Халықтың басым бөлігі жағалаудағы ірі портты қалаларда шоғырланған. Мұндағы Рио-де-Жанейро, Сан-Паулу қалалары әлемдегі алып, көрікті қалалар қатарына жатады.

Үйге тапсырма: §43-оқу. Кескін картаға халқын түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Африка материгі. Географиялық орны. Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Африка материгімен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу және экономикалық байланыстарын анықтау.

2.Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу белсенділігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз елін, Отанын, жерін сүюге оны құрметтеуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Географиялық орны. Африка оңтүстік жарты шар материктері қатарына енгенімен, оның көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік тропик шеңбері кесіп өтетін материктің ең енді бөлігіне Сахара шөлі сәйкес келеді.

Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км-лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік-шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады.

Африка жағалаулары онша тілімденбеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материктік қайраң өте жіңішке болып келеді. Материк жэағалауында қолайлы қойнаулар аз, ірі шығанақтары-Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі түбек Сомали («Шығыс Мүйіс») орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитында орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Комор, Сейшел, Маскарен аралдарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары мен Гвинея шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар әкелетін Бенгел суық ағысымен араласып, тропик маңында күшін жояды. Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл Мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай келеді.

Жерорта теңізі жағалауы Сахарамен бірге жаз кезінде жоғары қысымды белдеу құрайтындықтан ыстық әрі құрғақ болады. Теңіздің материкке тигізетін қолайлы әсері тек қыста айқын байқалады. Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз аралығында Африка мен Еуразияны жалғастырып жатқан жіңішке Суэц мойнағы орналасқан.

Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарылыста орналасқан. Ол Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теңіздің екі материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз түбінде тұзды көлдерінің болуы әсер етеді.

Үнді мұхитының Сомали түбегі жағалауына Мадагаскар аралының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан Африкадағы ең құрғақ аудандар қатарына жатады.

Зерттелу тарихы. Африка туралы мәліметтер Еуразия халықтарына ерте кезден –ақ белгілі болған. Әсіресе оның Жерорта теңізі жағалауында орналасқан ірі мемлекеттері туралы тарихи-географиялық деректер ежелгі грек және рим оқымыстыларының жазба еңбектері мен карталарында көп кездеседі.

ХІV ғасырда мароккалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген. 1497-99 жылдары Васко да Гама басқарған Португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған.

Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып-білуде ағылшын Давид Ливингстонның еңбегі өте зор.

ХІХ ғасырдың аяғында орыс ғалымы В.В.Юнкер Ніл өзені бойымен Шығыс және Орталық Африкаға саяхат жасап, материктің осы бөлігі туралы құнды мәліметтер жинады.



Жаңа сабақты бекіту:

  1. Африканың географиялық орнының қандай ерекшеліктері бар?

  2. Карта бойынша масштабты пайдалана отырып, Африканың 20ºш.б. бойымен ұзындығын және материктің Сахара шөліндегі ең енді бөлігін есептеңдер.

  3. Физикалық картаны пайдалана отырып, Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздердің ең терең жерлерін және су асты жоталарын анықтаңдар.

  4. Африка табиғатын зерттеуге зор үлес қосқан қандай саяхатшыларды білесіңдер?

Қорытынды: Қазіргі кезде Африканың ұлттық парктері мен қорықтарында көптеген елдердің ғалымдарының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғаламшардағы табиғаты ерекше аймақтар ретінде ЮНЕСКО-ның шешімімен «Биосфера Алтын Қорына» енгізілген Сахара шөлі мен Мадагаскар аралы халақаралық ұйымдардың қатысуымен жоспарлы түдде зерттелуде.

Үйге тапсырма: §44-оқу. Кескін картаға Африка материгін түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Жер бедері мен пайдалы қазбалары.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды жер бедерімен таныстыра отырып, пайдалы қазбалардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

3. Тәрбиелік: Басқа елдердің мемлекеттің жерімен таныса отырып, өз еліне, Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты сүюге, аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Африканың физикалық картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Африканың жер бедерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Материктің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Платформаның экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік-шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200-ден 1000м-ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.

Африка платформасының түрлі бөліктерде ұзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған. Соның нәтижесінде платформаның негізін құрайтын ежелгі кристалды жыныстар жоғары көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасыт. Олардың кейбіреулері жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаггар және Тибести сияқты таулы қыраттарға айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды (Чад, Конго, Калахари) қалыптапстырған. Материктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасынан ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді.

Кайнозой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық плитасының Еуразия плиасымен ығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп, қазіргі Қызыл теңіздің табаны жалаңаштанған. Қызыл теңізден басталған терең тектоникалық жарылыстар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарылыстары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбезия өзенінің сағасына дейін 6500 км-ге созылған. Африканың ең биік нүктесі- Килиманджаро жанартауы. Жер қыртысындағы жарылыстарда орналасқан көл қазаншұңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін құрайды. Ал ертеректе жанартау атқылаудың ірі орталығы болған Айдаһар таулары Үнді мұхит жағалауына қарай сатыланып, биіктейді.

Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға тән. Африканың оңтүстігіндегі палеозой эрасында көтерілген Кап таулары кейіннен үгілу нәтижесінде аласарып, бірнеше үстірттерге айналған. Ал материктің солтүстік-батысында орналасқан Атлас таулары Африкадағы бірден-бір жас, қатпарлы таулы аймақ болып табылады. Ол Еуразиядағы Альпі, Гималай тауларымен бір мезгілде көтерілген тау жүйесі.

Африка пайдалы қазбаларға аса бай. Пайдалы қазбалардың көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылымы мен даму тарихына байланысты. Магмалық жыныстардың кең таралған аудандарына қара және түсті металдар (мыс, мырыш, қалайы), уран, алтын, алмастың ірі кен орындары бар. Кобальт пен мыстың ірі қоры материктің орталық бөлігінде платина, алтын мен алмастың аса ірі қоры Оңтүстік Африкада, уран Сахараның орталық бөлігі мен Намиб шөлінде шоғырланған. Шөгінді жыныстар қалың жиналған бөліктерде тас көмір, мұнай, табиғи газ, әр түрлі тұздар және шөгінді жолмен қалыптасатын темір, фосфорит, боксит, марганецтің ірі кен орындары таралған. Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мұнайға бай. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік африкада көмірдің мол қоры бар.



Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойыөз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Африка жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?

  2. Материктің жер бедерінде таулы үстірттер неге басым, олар қандай тектоникалық құрылымдарға сәйкес келеді?

  3. Шығыс Африканың көтеріңкі болуы неге байланысты?

  4. Егер Шығыс Африканың жарықтары одан әрі кеңейе беретін болса, Африка платформасында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

  5. Африка қандай пайдалы қазбалар бар? Олардың қалыптасу жолдарын түсіндіріңдер.

Қорытынды: Қорыта келгенде, Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойыөз қажеттеріне аяусыз пайдаланды. Африка елдерінің азаттық алуымен байланысты шетелдердің ықпалы азайып келеді.

Үйге тапсырма: §45-оқу. Кескін картаға Африка материгінің пайдалы қазбаларын түсіріп келу.

Сыныбы: 7

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: Климаты.

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды Африканың климатымен таныстыра отырып, ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, картамен жұмысты жандандыру

3. Тәрбиелік: Басқа мемлекеттермен таныса отырып, өз еліне, жеріне, табиғатына деген сүйіспеншілігін оята отырып, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндірмелі, пікір алмасу.

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Африканың климат картасы, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Жаңа сабақты түсіндіру:

Материктің дәл ортасы арқылы экватор сызығы кесіп өтетіндіктен Африканың басым бөлігі жыл бойы күн сәулесін мол алады. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде жаз кезінде Күн сәулесі дәл төбеден тік түседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігінде жылдық орташа температура +20ºС –тан төмен болмайды. Жаз айларында солтүстік тропикті кесіп өтетін Сахара үстінде ауаның олрташа температурасы +35ºС, +40ºС-қа дейін көтеріледі. Ең салқын деп есептеледін қиыр оңтүстік жағалық жазықтардың өзінде ауаның орташа температурасы +8ºС –тан төмен түспейді.



Африка экватордың екі жағында орналасқандықтан екі жарты шарда маусымдық айырмашылық байқалады. Ең алдымен бұл айырмашылық әр жарты шардағы ылғалдың түсу мезгілі мен мөлшерінен көрінеді. Мысалы, шілді, тамыз айларында солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, жаңбырлы, қапырық ауа райы орнықса, ал оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, құрғақ ауа райы қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет