Сыныбы: 9 «А», «Б», «В», «Г» Мерзімі



бет2/2
Дата21.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169664
1   2
Байланысты:
математикалық бинго

1. Таныстыру. (Әр оқушының өзін таныстыруы)
2. Математика басқа ғылымдармен... (ұяшықтар таңдау, 5 ұпай)
Қазақ тілі:
1: Қазақ тілінде қанша септік бар және сол санның кубын табыңыз? (7 септік, 7 санының кубы 343)
2: Қазақ тілінде қанша сөз табы бар және ол қандай санның квадраты? (9 сөз табы бар, 3 санының квадраты)
3: Биыл Ы. Алтынсаринның туғанына неше жыл және цифрларының қосындысының квадратын тап (180 жыл, 81)
Қазақстан тарихы:
1: Қазақ хандығында қанша хан биледі және ол қандай сан? (11, жай сан)
2: Қасым хан тұсында қазақ хандығының халқының саны жыне ол қай санның квадраты? (1 миллион, 1000)
3: Қазақстан Республикасының Ата Заңы қай жылы қабылданды және оны ғасырға айналдыр? ( 1995 жыл, XX ғасырдың аяғы)
Биология:

  1. Адамдағы күрек тістің саны нешеу және сол санның кубы қанша? (8, 512)

  2. «Витамин » деген термин қай жылы пайда болды және сол жылдың цифрларының қосындысын тап ? (1912, 13)

  3. Ұлық жапырақшаларының саны нешеу және бөлгіштерін ата? (3; 1,3)

География:

  1. Дүниежүзінде неше материк бар және сол сандардың бөлгіштерін ата?(6; 1,2,3,6)

  2. Қазақстанның ең биік нүктесі қаншаға тең және цифрларының қосындысын тап? (6995м, 29)

  3. Қазақстанның экономикалық ауданының саны және сол санның 50 % тап? (5; 2,5)



3. Логика әлемінде...

Жауабы: Жауабы: Жауабы:





Жауабы: Жауабы: Жауабы:



Жауабы: Жауабы: Жауабы:


4. Тапқыр болсаң, тауып көр! (5 ұпай)
1) Бір натурал сан екіншісінен 3-ке артық, ал көбейтіндісі 180-ге тең. Осы натурал сандарды табыңыз. (Жауабы: 15;12)
2) Екі санның қосындысы 120, ал айырмасы 5-ке тең. Осы сандарды табыңыз.
(Жауабы: 62,5; 57,5)
3) Екі натурал санның біреуі екіншісінен 4-ке кем, ал көбейтіндісі 192-ге тең. Осы сандарды табыңыз. (Жауабы: 16;12)
4) Тіктөртбұрыштың периметрі 26 см, ал ауданы 36 . Қабырғаларының ұзындығын табаңыз. (Жауабы: 4 см; 9 см)
5) Тіктөртбұрыштың ауданы , ал бір қабырғасы екіншісінен 5 см артық болса, онда қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз. (Жауабы: 2 см; 7 см)
6) Ауданы 84 тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 5 см ұзын. Қабырғаларын табыңыз. (Жауабы: 12 см; 7 см)
5. Жанды сұрақтар (видео сұрақ)


1. Сызықтық теңдеудің жалпы түрін атаңыз.
2. Квадраттық теңдеудің жалпы түрін атаңыз.
3. Шеңбердің теңдеуін атаңыз.
4. Пифагор теоремасын атаңыз
5. Векторлардың скаляр көбейтіндісін формуласын атаңыз.
6. Бұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

Қорытынды: Әділқазылар алқасы ойын жеңімпазын анықтап қорытындылайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет