Ұсынылатын әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер



бет8/23
Дата16.03.2023
өлшемі200,9 Kb.
#172752
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
лекция

1. Әдіс-тәсілдердің түрлері, мәні.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.


1.Әңгімелесу, әңгімелету, әңгіме құрату.
2.Оқылған шығарма түрін әңгімелету.
3.Сурет,картиналар көрсетіп, әңгіме құрату.
4.Ойыншықтарды сипаттатып әңгімелету.
5.Өз тәжірибесі бойынша әңгіме құрату.
Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады.Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгертуге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.
Әңгімелету әдісі баланы монолог түрінде сөйлеуге үйретуді көздейді. Әңгімелету программада көрсетілген тақырыптарға сәйкес,барлық сабақта жүргізіледі.
Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелету.Мұндай сабақтарда алға қоятын мақсат-балалардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру,оқылған шығарма мазмұнындұрыс түсініп,грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып жүйелі әңгімелеп беруге үйрету.Әңгімесін айтуға төселдіру әдістері баланың білімімен сөйлеу дағдыларына,оқылған шығарма мазмұнына,сабақтың мақсатына сәйкес белгіленеді.Әңгімелеп айтуға үйретуде мына мәселелер ескеріледі. Мысалы: жаз, күз туралы салыстыра сұрап әңгімлесу.
Байланыстыра сөйлеудің мынадай стильдері болады:
1.Толық стиль көпшілікке арналған стиль немесе оны кітаби стиль деп атайды.-лекция оқығанда,жиналыста сөйлегенде,радио және телевидениеде сондай-ақ сабақта.Толық стильді сөзге анық дикция болуы керек,орташа қарқын,дауыстың күші,үйдің көлемі мен дауыс тембрімен сәйкес келеді.
2. Толық емес стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста пайдаланады. Мұнда сөздің дыбыстардың артикуляциясы және шапшаң сөйлеу немесе ұлықсат етіледі. Сөйлеу мәдениетін жеткілікті меңгерген әрбір адам жағдайға сай ешбір дайындықсыз екі стильді де пайдалана алады. Арнайы дайындалған сөз шешендік өнер немесе көркем оқу деп аталады.

2. Балаларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принцип-көрнекілік принципі. Бұл принцип балалардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын әрі қарай нығайту үшін және оны жете меңгерту үшін қолданылады. Әр сабақ сайын көрнекі құралдар пайдаланылады. Көрнекілік принципі деп бала тікелей қабылдайтын нақты образдарға құрылған оқуды айтады. Көрнекілік баланың зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түсінеді, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді.


Көрнекілікті пайдалану арқылы балаларға өтілетін тақырыпты қызықты әрі жеңіл қылып, бала қиялына әсер ете отырып, оның түсінігіне сай әр түрлі заттарды немесе плакаттарды қолданып, сабақты тиімді өткізуге болады. Көрнекілік балаға жан-жақты әсер етеді. Балалар бірінші тәрбиеші-мұғалімнен сабақты тыңдайды, екінші көрнекілік арқылы оны көз алдына елестетіп немесе нақытылы заттар арқылы көреді. Мектепалды даярлық тобындағы балалар, әсіресе көзбен көрген, қолмен ұстаған нәрселерін тез естеріне сақтайды.
Сондықтан көрнекілікті пайдалану тәрбиеші-мұғалім үшін де, бала үшін де тиімді.
Әдіскер ғалымдар қазақ тілі сабағында қолданылатын көрнекілік түрлерін төрт топқа топтастырады. Олар:
1) Нақты көрнекілік (затты немесе құбылысты тікелей көрсету)
2) Бейнелеу көрнекілігі (сурет, схема, кесте, плакат, диаграмма т.б.)
3) Дыбыстық құралдар (магнитафон, компьютер, диафильмдер т.б.)
4) Көркем сөз арқылы бейнелеу (тәрбиеші-мұғалімнің балаларға заттар мен құбылыстарды түсінікті де жеңіл түрде бейнелеп баяндауы)
Көрнекі құралдың түрлері әдіскерлік, педагогикалық тұрғыдан дұрыс жасалу үшін оған мынадай талаптар қойылады:
1. Көрнекі құралда берілген материалдыңмазмұны мектеп бағдарламасына сай негізделіп, сөйлемдері ұзақ, мәтіндері ауыр болмауы керек. Егер Балалардың түсінуіне ауыр материалдар берілсе, оның көрнекілігі де шамалы болады.
2. Көрнекі құрал белгілі бір тілдік материалға арналып, соның негіізгі белгілерін дәл көрсететіндей болуы керек.
3. Көрнекі құрал таза, әріптері анық, жазуы сыныпқа түгел көрінетіндей анық болуы керек (плакат, кесте, фотосуреттер)
4. Материалдың негізгі белгілері (әріптер мен сөздер) қызыл сиямен жазылып, қалғандары жай сиямен жазылуы керек. Көрнекі құралды екі-ақ түрлі сиямен өте қажетті болған жағдайда ғана үш түрлі сиямен жазуға болады.
5. Көрнекі құралдарда шартты белгілерді орынсыз көп бере беруге болмайды.
6. Ондағы берілген мәтіндер мен мысалдардың тәрбиелік маңызы күшті, тақырыптық ғылыми өзгешеліктеріне лайық болғаны дұрыс. Қайшы пікір туғызатын мысалдар берілмеуі керек.
7. Балаларға тартымды және көрнекті болуы үшін оны көлемі кішкентай қағазға жасауға болмайды. Оған арналған қағаздың ұзыны 1метр, көлденеңі 75 см болғаны дұрыс.
Көрнекілік әдісі қазақ тілін оқыту әдістерінің ішінде орын алатын әдістердің түрі. Ол жаңа материалды түсіндіру сабақтарында да, өткен материалды қайталау, бекіту сабақтарында да кеңінен пайдаланылады.
Мұғалімнің сөзі мен көрнекілікті ұштастыру –қазақ тілінің теориялық материалын Балалардың сапалы әрі берік меңгеруінің, практикалық дағдыларды игеріп, іскерлікке үйренудің негізгі шарты болып табылады.
Қазақ тілінде қолданылатын көрнекілік құралдардың бір түрі – техникалық құралдар.
Ғылыми-техникалық процесс, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына ғылым негіздерінің бойлап кіруі мектеп Балаларына берілетін білім деңгейін көтеріп, оқу-тәрбие процесін барынша жақсартуды талап етеді.
Осыған орай оқыту ісіне қойылатын талап-тілектің өсуі, Балалардың көп нәрседен хабардар болуы мұғалімнің өзі оқытатын пәнін де, жалпы ғылым негіздерін терең білуін және сол мол білімді Балаларға шебер жеткізуін талап етеді. Демек, мұндай шеберлік-оқыту тәсілдерін жетілдіру, техникалық құралдарды, программалап оқыту мүмкіндіктерін пайдаланып, сабақты тиімді, ұдайы ізденуі арқылы ғана болмақ.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты Балаларға берілетін білім көлемі де ұлғайады. Мысалы; әртүрлі ғылым саласына байланысты әдебиет, тіл, тарих, физика, химия тағы басқа пәндер жаңа программасы, оған сай оқулықтары жасалады.
Оқу пәндерінің ғылыми-теориялық дәрежесін көтеру, оқыту тәсілдерін жетілдіру, Балаларға кең көлемде білім беру жолдарын қарастыру, оқу- тәрбие процесін одан әрі жетілдіре түсудегі негізгі міндеттер белгіленді. Атап айтқанда, әр мұғалімді оқытудың тиімді әдіскермен қаруландыру,терең білім беруге жағдай туғызу, оқытудың кабинеттік жүйесіне көшіп, техникалық құралдарды кеңірек өолдануды ұйымдастыру, әсіресе әр кластағы үйретілетін материалдың ерекшелігіне қарай орынды жерде проекциялық дыбысты жазып алатын және оны қайталап естіртетін аппараттар, радио мен теледидар, кинопроектор, эпифильм, диафильм, кинофильмдердің фраменттерін пайдаланып, сабақты мазмұнды әрі тартымды жүргізу талап етіліп отыр.
Психология-педагогикалық зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне қарағанда, техникалық құралдарды пайдаланып өткізілген сабақта Балалар жалықпайтындығын, жаңа оқу материалын қабылдау процесіне Балалардың әр түрлі сезім мүшелері қатысатындығын, соның нәтижесінде, балалардың оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген материалды олардың берік қабылдауына мүмкіндік туғызатыны дәлелденеді.
Демек оқу-тәрбие ісінде техникалық құралдарды пайдалану әрбір мектеп тәжірибесінен лайықты орын алды.

3. Мектепке дейінгі төрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет ететін ғалымдардың (Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова, Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф.Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері нәтижесінде 1996 жылы «Балбөбек» бағдарламасы жарық көрді.


«Балбөбек» бағдарламасының мақсаты – балабақша жұмысын тұжырымдамаға сай қайта құру, тәрбие жұмысының мазмұнын халықтық педагогикаға сәйкес үйлесімді түрде жаңарту, ақыл-ой, дене, эстетикалық сапасын жақсарту, жаңа қоғамға лайықты тұлғаны даярлау т.б. Ал, бағдарламаның міндеті ата-бабадан мирас болған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың құлағына құйып, сана-сезіміне сіңіру, оларды әдептілікке, мейірімділік пен ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру болып табылады.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту», бағдарламаларына, оқулықтарына, әдістемелік нұсқауларға талдау жасап, оларда қазақ фольклорын, яғни халық ауыз әдебиетінің қамтылу көлемін, олардың мектеп жасына дейінгі балаларға эстетикаылқ тәрбие беруге бағытталғандығын, мазмұндық бірлігін, өзара байланыс шарттардың орындалуын анықтауға тырыстық. (кесте 3)
МЖМБС-ң базалық оқу жоспарында балалардың жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген.
Мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды даярлық топтарының базалық оқу жоспары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бір бөлігі ретінде білім салалары мен пәндерінің құрамын анықтайды, білім саласы мен жас ерекшеліктері бойынша білім мазмұнын меңгеруге бөлінген уакытты бөледі және жұмыс оқу жоспарын әзірлеу үшін негіз болады.

6 Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі


1. 1-6 жас балаларының тілінің дамуын бағалау көрсеткіштері.
2. Бала дамуының өлшемдері.
3. Сабаққа қойылатын талаптар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет